Курстың мақсаты: жоғарғы мектеп математикасының негізгі бөлімдері бойынша оқушылардың білім мен біліктерін кеңейту және тереңдету, жүйелеуге мүмкіндік жасау, математикалық сауаттылығын дамыту.
Курстың міндеттері:
Орта мектеп бітірушілердің пәндік және негізгі құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік жасау;
Проблемалық және стандартты емес жағдайда матемаматикалық сауаттылық білімдерін пайдалана білу;
Жобалық жұмыстарда оқушылардың жекелей және топтық жұмыс істеу дағдысын дамыту;
Кітаптағы қиындығы жоғары есептерді шығармашылықпен шығару дағдысын дамыту;
Оқушылардың өзіндік бақылау мен өзара бақылау, рефлексия біліктерін қалыптастыру;
Курс бағдарламасын меңгерту кезіндегі нұсқаулық:
Оқушыларда негізгі және пәндік құзыреттілігін дифференциалды деңгейлеу, ынтымақтастық технологиясы, жобалау технологиясы, АКТ пайдалану,тірек конспектісі, материалды ірі блоктармен пайдаланып функционалдық сауаттылығын дамыту.
Оқушылардың дайындық деңгейін оқу материалына сәйкес бейімдеу.
Оқылған материалдың практикалық бағытын бағдарлауды жүзеге асыру;
Қазіргі уақыттағы әртүрлі ақпараттар көзін пайдаланып өзара қарым-қатынас әдістерімен қамтамасыз ету.
Оқушылардың білімдерін қалыптастыру және дамыту:
Есептердің мағынасын ажырата білу.
Негізгі бағыттарды іздеуге ,анықтауға үйрету.
Жүйелі түрде есептердің дұрыс шешімдерін табуға бағыттау.
Есеп шығаруда дәстүрлі жолдарын таба білу.
Логикалық, аналогтық және жүйелі ойлауын дамыту
Есеп шығаруда тиімді тәсілдерді таба білу.
Әдістемеліктің ерекшеліктері:
Қосымша әдебиеттер мен тірек конспектілермен жұмыс;
Оқушылардың зерттеу жұмыстары; жоба қорғау;
Электронды оқулық пен әдістемеліктер көмегімен жұмыс;
Оқушылардың теорияны меңгерудегі өздік жұмысы;
Практикалық блок:
Сыныптағы практикалық жұмыс (есептер және ең қиын бақылау сұрақтары);
Өз бетімен шешу;
Тест тапсырмаларын шешу;
Орындалған тапсырмаларды өзіндік және өзара тексеру
Соңғы жылдардағы тестер жинағынан қиындық тудыратын тест тапсырмаларын жинақтау;
ББД бақылау және бағалау.
Сынақ тапсыру ,конспект бойынша ауызша сұрау;
Кескін жұмыстары;
Өзара жұптық және топтық тексеру;
Өзара тексеру;
Тестілеу;
Достарыңызбен бөлісу: |