Метрология, стандарттау


Өнім және қызметті растау жүйесінің сипаты



бет10/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

1.12 Өнім және қызметті растау жүйесінің сипаты

Ұлттың денсаулығын анықтайтын және гендік қорын сақтайтын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы - негізгі фактоорлардың бірі болып табылады. Адамға зиянды заттардың 70% тағам арқылы, ал 30% – су және ауа арқылы енеді. Сондықтан азық-түлік тауарлары алғашқы болып, міндетті сертификаттау сферасына қосылған, ал толайым саудадағы азық-түлік тауарлары қоғамдық тамақтану қызметімен қатар қызмет тізіміне енгізілген.


Азық-түлік өнімдерінің және шикізаттарының сертификаттау жүйесі сертификаттау ережесіне өнімнің біртекті 11 тобын қосады.
Бұл жүйе масштабты инфрақұрылымға - сертификаттау бойынша 300 стандарттық органдар (СО) және 750 сынау зертханалары (СЗ) ие. Азық-түлік өнімдерінің сертификаттау саны өнімнің қалған барлық түрлеріндей ұйымдар саны айналысады.
Жүйенің заңнамалық базасын алдымен «Азық-түлік өнімдерінің сапа және қауіпсіздігі туралы» Мемлекеттік заңы құрайды. Жүйенің нормативті базасын мемлекеттік стандарттар, санитарлы және ветеринарлы нормалар мен ережелер, әдістік-биологиялық талаптар құрайды.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі ретінде химиялық, биологиялық немесе табиғи жаратылысты ластаушылардың реттелген деңгейінің сақталуы деп түсіндіріледі.
Потенциалды қауіпті ескере, азық-түлік тауарларының міндетті сертификаттау формасымен (балалар тамақтану өнімдері, өсімдік майы және өсімдік майларын қайта өңдеу өнімдері, сүт өнімдері және т.б.) және сәйкестік міндетті түрде растау қарастырылады.
Қауіпсіздік көрсеткішінің тізімі өнімнің көптеген топтары және түрлері үшін жалпы көрсеткіштерді және азық-түлік өнімдерінің жеке топтары үшін ерекше көрсеткіштерді де қосады. Мысалы: жануарлар тегінен шыққан өнімдер үшін құрамында антибиотиктер және гормоналды дәрілердің болуы; көкөніс жемісті өнімдер үшін құрамында нитраттардың болуы; сүт өнімдерінің құрамында антибиотиктердің болуы; алкогольды сусындар құрамында метил спиртінің және майлардың болуы және т.б.
Сертификаттау кезінде үлгілерді сәйкестендіру үлкен рөл атқарады. Өнімнің жеке топтарының (ет және ет өнімдері, өсімдік майлары, майлы өнімдер, сусындар) ассортиментті иелігіне қарай сәйкестендіру үшін сәйкес көрсеткіштер бекітілген. Мысалы жемістерді, көкөністерді сусын сияқты өнім түрлеріне қайта өңделген өнімдер үшін сертификаттау тәртібінде жеміс-жидек сусындардың жалғандығын бақылауға көрсеткіштер мен нормалар берілген, сонымен қатар 18 ең көп таралған сусындардың табиғи болуына баға беру критерилері қарастырылған. Сәйкестендірудің күрделісі үлгілердің белгілі бір тауар партиясына сәйкес болуы. Көрсетілген үлгілердің анық тауарлар тобына сәйкес болатындығына, ғалымдардың пікірінше, кепілдік беруге болады, егер де іріктеу үшінші жақпен бірге орындалса. Жиі жалған жасалатын азық-түлік өнімдерінің көптеген топтарына сәйкестендіру көрсеткіштерін әлі де әзірлеу керек.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер бойынша Ережелерге сәйкес сертификаттау үшін СО-на өтініш беру кезінде атқарушы биліктің жеке Мемлекетік органдарының жағымды қорытындысы; азық-түлік шикізаты, тағам өнімдері, тағам қоспалары, консерванттары тағам өнімдерімен байланысатын материалдар мен бұйымдар бойынша ҚР санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің қорытындысын; Қазақстанда дайындалатын жаңа тағам өнімдерінің және Қазақстанға алғаш рет әкелінетін импортты тағам өнімдерінің мемлекеттік тіркелуі туралы көрсетілген органдардың куәлігі; жануар тегінен шыққан шикізат және өнімдер үшін ҚР мемлекеттік ветеринарлы қызметінің қорытындысын; өсімдіктекті шикізат өнімдер үшін (жаңа піскен көкөністер, астық, дәнді дақылдар, ұн) жер паспорты немесе жер бөлігінің сапа сертификатын қосымша ретінде беру керек. Сертификаттау сұлбасын таңдау кезіндегі шешуші критерий болып өнім және шикізаттың сақталуы танылады. Оларды сақталуы мерзіміне қарай екі топқа бөледі: қосымша 30 тәулікке дейін сақталу мерзімі бар тез бұзылатын өнімдер; кепілдендірілген 30 тәулік сақталу мерзімі бар ұзақ сақталатын өнімдер.
Тағам өнімдері және азық-түлік шикізатын ерікті түрде сертификаттау талаптары Ережелерде нақтыланған. Ерікті түрде сертификаттау дәл сондай ереже мен рәсімдер арқылы жүргізіледі. Ереже ерікті түрде сертификаттау жүргізудің әдеттегі жағдайларын нақтылайды: егер де азаматтардың (жеке тұлғалардың) қолданысы үшін, жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін, мемлекеттік резервке тапсыру үшін немесе Қазақстан территориясында жүзеге асыру үшін тағайындалмаған болса ғана. Осыдан шығатыны ерікті сертификаттау объектісі қайта өңделетін ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттары бола алады.
Ерікті сертификаттау қолданысының потенциалды сферасы үлкен шамада және де сол немесе басқа да жағдайларда тағам өнімдерінің бүкіл ассортиментін қамтуы мүмкін. Мысалы, ерікті сертификаттау шеңберінде ботаникалық сорттары бойынша өсімдік шаруашылығының өнімдеріне сәйкестендіру жүргізілуі мүмкін және де сол немесе басқа да қайта өндіруші салалар үшін пастиломармеладты өндіріске әкелінетін алма түрлерінде пектиннің шамадан көп болуы, балалар тамақтану үшін сусындар өндірісінде қолданылатын сәбіздерде бета-каротиннің болуы және т.б.) шикізат ретінде оның құндылығы объективті түрде расталады.
Қазіргі уақытта ХАССР (немесе ағылшын транскрипциясында НАССР) негізіндегі сапа жүйесінің ерікті сертификаттау жүйесі елдегі бірқатар тағам өнеркәсібінің кәсіпорындарында қолданылуда. Ол АҚШ «Қауіптілік және межелі бақылау нүктелерінің анализі» (Hazard analysis and critical control points-HACCP) бағдарламасының негізінде әзірленген. Еуропада ХАССП жүйесі 1999 жылдан бастап тағам өнімдерін шығарушы кәсіпорындарға міндетті.
ХАССП жүйесі біздің елде келесі түрде таралған: ИСО 9000-2001 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі жағдайлар мен сөздік», халықаралық стандарт (ХС) ИСО 9000-2004. «Сапамен әкімшілікті басқару және сапаны қамтамасыз ету аумағындағы стандарттар. Жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламаны басқару бойынша басшылық ету» 1- басылым - 1993ж., ИСО ХС 9004-2004. «Сапамен жалпы басшылық ету және сапа жүйесінің элементтері. Сапаны жақсарту бойынша басшылық ету нұсқаулары» 1- басылым – 1993 жылы қабылданған.
Жүйенің маңызды терминдері - «қауіптілік анализі», «межелі бақылау нүктелері».
Қауіптілік анализі-қауіпті факторларды анықтау үшін қолжетімді ақпаратты қолдану рәсімі және қауіптілікті бағалау.
Межелі бақылау нүктесі - қауіпті факторды сәйкестендіру үшін бақылауды жүргізу орны және (немесе) қауіпті жағдайда басқару.
Осыған орай сүт өнімдерінің өндірісіндегі мұндай межелі нүктелер: сүт фермаларынан сүтті қабылдау, сүт өнімдерін тасымалдау режімі, сүт зауытының зертханасындағы сынақтар, персоналдық жеке бас гигиенасы және т.б.
Осылайша ХАССП жүзеге асыру тағам өнімдерін дайындаушы өнімінің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет