Метрология, стандарттау


Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі



бет7/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

1.7 Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі

Қазақстан Республикасындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі келесі ретте іске асырылады:



  1. Стандарттау бойынша ұлттық орган ұлттық стандарттарды (ары қарай ҰС) әзірлеу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты дайындаушы ҰС әзірлемесін жариялауды ұйымдастырады, ол сәйкес халықаралық стандарттар ережелерінен ерекшеленетін жобадағы бар ережелер туралы ақпараттарға ие болуы қажет. ҰС дайындаушы ҰС мүдделі тұлғаларға ҰС жобасына еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

  2. Мүдделі тұлғалардан алынған ескертпелерге сүйене дайындаушы ҰС жобасын жетілдіреді, жобаны жұртшылықпен бірге талқылайды. ҰС жобасын жұртшылықпен бірге талқылау мерзімі екі айдан көп болмауы қажет.

  3. ҰС жобасы жазбаша түрде алынған ескертпелермен бірге бір уақытта стандарттау бойынша Техникалық комитетке (ТК) ұсынылады, ол сол жобаның сараптауын жүргізуін ұйымдастырады. Сараптау қорытындысы бойынша ТК ҰС жобасын бекіту немесе бекітпеу туралы нақты ұсыныстарды дайындайды. Бұл ұсыныс стандарттау бойынша ұлттық органға жіберіледі, ал ол ұсынылған ТК құжаттары негізінде шешім қабылдайды.

ҰС бекіту күнінен бастап электронды-сандық түрде отыз күн ішінде техникалық реттеу және ортақ қолдану ақпараттық жүйесі бойынша ҰС бекіту туралы хабарлау атқарушы биліктің мемлекеттік органының баспа басылымында жариялануына жатады.

  1. Стандарттау бойынша ұлттық орган ҰС тізімін ТР талаптарын орындау үшін ерікті негізде қолданылатын техникалық реттеу және жоғарыда айтылған ақпараттық жүйе атқарушы биліктің мемлекеттік органының баспа басылымында бекітіледі және жарияланылады. Стандарттау бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдар тұтынушылардың стандарттарды құрудағы жұмысқа қатысуына көп көңіл бөледі. Олардың кейбірі тұтынушылардың ТК жұмыс тобының отырыстарында қатысулары үшін қаражаттар тауып жатады.



1.8 Мемлекеттік стандарт және сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын бұзу жауапкершілігі

Тауар және қызмет көрсетудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін қазіргі уақытта ҚР Конституциясы құрайды, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заң, «Өлшем бірлігінің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 7 маусым 2000 жылғы заңы және т.б. мемлекеттік заңдар.


Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Көрсетілген дайындаушының, сатушының, орындаушының жауапкершілігі ҚР Азаматтық кодексінде (ҚР АК), «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңымен (ары қарай –Заң) және басқа да заңдық актілермен қарастырылған. Бұл жауаркершілік сот арқылы құқық бұзушыға (жәбір көрушінің мақұлдануымен) мүліктік сипатта, яғни зиян келтіру, шығындардың орнын толтыруға, қарыз, өсім, айыппұл төлеу сияқты шаралар қолдану.
ҚР АК зиян келтірудегі орнын толтырудағы жалпы сұрақтардан бөлек тауарлар, жұмыс, қызметтердің жетіспеуінен туындаған өтемді өтеу туралы арнайы бөлімді қарастырған. Жауапкершіліктің негізі болып келетін тауардың (жұмыс, қызмет) жетіспеуі сапа және қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылу нәтижесі болатын өндірістік, құрылымдық, рецептуралық және басқа сипатта болуы мүмкін.
Сатушының міндеті (атқарушының) ҚР АК баптарында және Заң баптарында бекітілген сападағы тауарды, сонымен қатар тауар туралы қажетті және шүбәсіз ақпаратты тұтынушыға жеткізу.
Зиян келтіру жауапкершіліктің екінші маңызды негізі - бұл азаматтың денсаулығын жоғалтуы немесе зардап шегуі немесе асыраушының өлімі арқылы сонымен қатар жою, бұзу және т.б. жағдайлардың салдарынан азаматтың және заңды тұлғаның мүлігіне келтірілген залал. Келтірілген зиянның орнын толтыру кез келген тұтынушы құқығында және де мұнда оның сатушымен (атқарушымен) шартта болған немесе болмағандығынан тәуелсіз түрде. Сондықтан зиян келтірудің орнын толтыруын тек сатып алушы ғана емес, басқа да тұлға талап ете алады. Мысалы, телевизордың жануы кезінде тек сатып алушыға ғана емес, сонымен қатар оның туыстарына, көршілеріне зиян келтірілді, яғни зиян келтірілген тұтынушының өзі, туыстары, көршілері және басқа да зиян шеккен тұлғалар да өтемнің өтелуін талап ете алады.
Өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың бұзылуы - әкімшілік жауапкершілігі бірқатар заңнамалық актілермен қарастырылған.
Әкімшілікті құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексімен сәйкес стандарттар талабына жатпайтын тауарларды сату, жұмыс атқару немесе елді-мекенге қызмет көрсету әкімшілік айыппұлдың салынуына әкеледі:

    • азаматтарға 10 - 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, өзгеру мүмкіндігін ескереміз);

    • қызмет үстіндегі тұлғаларға – 20 - 30 АЕК;

    • заңды тұлғаларға – 200 - 300 АЕК.

Осы бапқа сәйкес санитарлық ережелері бұзылған немесе адам денсаулығы және өмірі үшін тауарлардың (жұмыс жасау немесе елді-мекенге қызмет көрсету) қауіпсіздігін куәландыратын сәйкес сертификатсыз (сәйкестік туралы декларация) тауарларды (жұмыс, қызмет) сату тауарлардың тәркіленуіне немесе тәркілеусіз әкімшілік айыппұл салуға әкеледі:

    • азаматтарға - АЕК мөлшерінде;

    • қызмет үстіндегі тұлғаларға – 40 - 50 АЕК;

    • заңды тұлғаларға – 400 - 500 АЕК.

Қылмыстық жауапкершілік. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық Кодексінің
223 бапқа сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты орынсыз беру немесе қолдануға байланысты тауарларды шығарғаны немесе сатқаны үшін, жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылады. Іс-жүзінде мәселе мемлекеттік стандарттың және басқа да НҚ міндетті талаптарының бұзылғандығы жайында, сонымен қатар сертификаттау ережелерінің бұзылуы туралы, себебі сәйкестену сертификаттары қауіпсіздікті растайтын ресми құжат болып танылады.
Заңгердің айтуы бойынша шығарылым деп дайындаушының тапсырыс берушіге (жеткізу шарты бойынша сатып алушыға) тауарды тапсыруы деп (қайта жүктеу) түсінген дұрыс, сонымен қатар кәсіпорынның техникалық бақылауынан өткен және тапсырыс берушіге жіберуге толық дайындалған тауардың дайын өнімін қоймаға тапсыру.
Тұтынушы үшін қауіпті тауарды шығару және сату немесе қызметті (жұмыс) орындаудың бір фактісі қылмыстың аяқталғандығын білдірмейді. Бұл үшін келесі қарастырылған салдарлардың орындалуы қажет: адам денсаулығына зиян келтіру, адам өлімі. Сондықтан қауіпті тауардың (немесе қауіпті қызметтің орындалуы) шығарылуы немесе сатылымы қылмыстың туындауы ретінде қарастырылады және қылмыстың жүзеге асырылуына дайындық деп реттелінеді. Адам денсаулығына зиян келтіруін жеңіл және ауыр дене жарақаты деп түсіну қажет.
Жазалау шегі қылмыстың ауырлығына, зардап шеккен адамдардың саны мен жасына қарай реттеледі.
Осылайша ҚР Қылмыстық Кодексімен (ҚР ҚК) сәйкес абайсызда адам денсаулығына зиян әкелген іс-әрекет 500-700 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланады және бас бостандығынан айырылады немесе еркіндігін шектейді.
ҚР ҚК 229 бабына сәйкес жауапкершіліктің атқарылуы үшін шығарылым (сату) немесе жұмыстың (қызметтің) бірнеше рет орындалуы қажет етілмейді. Бір рет орындалғаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Бапқа сәйкес дәл сондай іс-әрекеттер, егер де олар:
а) 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тауарларға (жұмыс немесе қызмет) байланысты атқарылса;
б) абайсызда екі немесе одан да көп тұлғалардың денсаулығына зиян келтірілсе;
в) абайсызда адамның өліміне әкелсе, АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе еркіндігін шектейді немесе бас бостандығынан айырады.
Бапта көрсетілген екі немесе одан да көп адам өліміне әкелген іс-әрекеттер белгілі бір уақыт мерзіміне бас бостандығынан айырады.
«Техникалық реттеу», ондағы техникалық регламенттер туралы Мемлекеттік заңның жүзеге асырылуы шаруашылық іс-әрекетіндегі субъектілермен регламенттердің бұзылуы үшін жауапкершіліктің артуын қарастыратын ҚР ҚК өзгерістер және толықтырулардың енгізілуін қажет етеді. Мемлекеттік заң ретінде техникалық регламенттерді бұзғандығы үшін жауапкершілік өсе түседі. Техникалық заңнама әрекет ететін елдерде қауіпті өнімді шығарғаны үшін өндіруші үлкен көлемді айыппұлдар төлейді, мысалы үшін бірқатар елдер ішіндегі Германияда 5 жылға дейін бас бостандығынан айырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет