Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар


Рефлексия: — Кімнің рөлі ауыр болды? — Ең жақсы рөлде ойнаған кім? — Ең жаман рөлде кім? Сабақ №13, 14



бет10/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Арт терапия

Рефлексия:
— Кімнің рөлі ауыр болды?
— Ең жақсы рөлде ойнаған кім?
— Ең жаман рөлде кім?
Сабақ №13, 14
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ
Мақсаты: қатысушының көңіл-күйін көтеру, коммуникациясын қалыптастыру, бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, тұлғаның шығармашылығын дамыту, әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, ішкі эмоциясын еркін ашуға көмек беру, денсаулығын қалыпқа келтіру.
Қажетті құралдар: Қағаз, фломастер, акварель, гуашь, матаның қиқымдары, қайшы, жіп, ине, желім.
Өткізілууақыты: 45 сағат.
Барысы.
ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ:
«Қуыршақтарды дайындау»
Қатысушыларды орындарға орналастыру. Үстел үстінде қағаздар, қарындаштар, сурет салу үшін қажетті бояулар ұсынылады. Сол қағазға саусаққа киілетін қуыршақтардың суреттерін салады.
Талдау:
— Салған суреттеріміз қандай?
Коммуникациялық белсендіру
Қатысушылар бір-біріне жағымды көңіл-күйлер сыйлап, тілек, ниеттерін білдіреді. Жұмыс үстінде қандай жағдайлар болады және не күтетіндерін айтады.
ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Жұмыс барысында қатысушыларға түрлі-түсті бояулар мен мата қиқымдары ұсынылады. Матаның сегіз түрін таңдап алулары қажет. Әркім өз ойынша қиқымдардан сол қолдың саусақтарына келетіндей етіп түрлі -түсті қуыршақтың денесін шиыршық үлгісінде дайындап, лайықты етіп, мата қиқымдарынан бас үлгісін жасайды. Қуыршақтар әдемі болу үшін беттерін безендіреді. Көңілді болу үшін киіндіріп, атын қойып, қуыршақтар жайлы кішігірім мәлімет дайындауларың керек.
Қуыршақты ойнату әдісі:
Қуыршақтар туралы тарихи әңгімелер және отбасылық тарихи ертегілер ойлап табу үшін уақыт беріледі. Кейіпкерлерге ат қою керек. Қуыршақтар ойлаған рөлдерін ойнап шығуы керек.
Талдау:
— Кейіпкердің мінездеріне сипаттама беріңдер?
Қуыршақтардың алған әсерлерін бөлісуі 
Саусақтағы түрлі -түсті қуыршақтар бір –бірлеріне қарап күлімсіреп, сұрақтар қойып, бүгінгі жұмыстары туралы әңгімелеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет