Мұғалімнің аты-жөні: Барменова. А. З. Пән/Сынып


Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы



бет3/4
Дата14.05.2024
өлшемі337.45 Kb.
#501047
1   2   3   4
13 сабақ . Адамның табиғаттағы ролі

Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді: әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;

  • биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;

  • биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;

  • биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.[1]

Дүниежүзілік тұқым банкі,2008ж Шпицберг аралында құрылған.Оны «Дүниежүзілік тұқым сақтау қоймасы» деп атаған.
Бұл ғимарат Норвегияда өте суық климат жағдайында, 120 метрлік тереңдікте, Лонгйир ауылдық округінде теңіз деңгейінен 130 метр биіктікте орналасқан. Жоба әлемдегі барлық ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдарын сақтауға арналған. Климат өзгерсе де, ядролық соғыс болса да қоймадағы тұқымдардың қауіпсіздігі сақтала береді. Тұқымдардың көп бөлігін сыртқы жағдайларға қарамастан, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы сақтауға болатыны болжануда.
Тұқым сақтау қоймасы 4,5 миллион дән түрлеріне шақталып жасалған. Жер бетіндегі әр елдің, осы қоймада дән салынған құтылары бар. Мәселен, ракеталық оқ жаудырулардың кесірінен дәнді-дақыл өнімдеріне залал келген.дегенмен сақталағн тұқым қоймасынан қажетіне жарату үшін Сирия үкіметі өздерінің құтысынан дақылдарының бір бөлігін пайдалануға алған.

Оқушыларға озон қабаты моделін пайдалана отырып, О2 мен О3 ерекшелігін кестеде сипаттау ,ондағы экологиялық мәселені талдау беріледі..






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет