Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Сауалнама. «Сіз қандай ата-анасыз?»



бет31/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Сауалнама. «Сіз қандай ата-анасыз?»
Сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр. Ата-аналарға жинаған ұпай саны бойынша жауаптары оқылады.
Сіз қандай ата-анасыз?
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді. Осыған орай балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

  1. Саған қанша рет қайталап айтам. 2 ұпай

  2. Маған ақылыңды айта қойшы 1

  3. Мен сенсіз не істер едім ! 1

  4. Сонша кімге тартқансың! 2

  5. Сенің достарың қандай тамаша! 1

  6. Туу, ұқсағансың ! 2

  7. Мен сендей кезімде ... 2

  8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1

  9. Сенің достарың өзі қандай адамдар.. 2

  10. Сен тегі не ойлап жүрсің? 2

  11. Сен менің ақылшымсың ! 1

  12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың... 1

  13. Басқаның баласы бала сияқты да ал сен 2

  14. Сен қандай ойлап тапқышсың 1

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр.
Кілті:
7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-бітіңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11-14 ұпай: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987

  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980

  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977

  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет