Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы
Бөлекова Бақтылы- №169мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр –сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік бауырмалдық, татулық , қайырымдылық, әдептілік. инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен -ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке – шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Осылай келе баланың бірте – бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді сыйлап кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, жеку , сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармайда қалуы да мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » демекші ата – ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиетерді дарыту тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата –ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ – түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге хақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата –анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы,сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек
Сонғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата –ана тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата –аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру , соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесіне сай ата –аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтар кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл - кеңестерін , практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата –аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Отбасылық сайыстар өткізу
|
Ата – аналар белсенділерімен жұмыс істеу байланыс түрі
|
Психологиялық сауалнамалар
|
Ата – анамен кездесу кештер ұйымдастыру
|
Ата – аналар комитетін құру
|
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
Достарыңызбен бөлісу: |