Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Ата-анаға педагогикалық кеңес



бет33/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Ата-анаға педагогикалық кеңес
Бөлекова Бақтыгүл-№3мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту
• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
• Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
2-қызметі: Ата-аналармен педагогиғалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру
• Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;
• Тренингтер;
• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.
3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
Оның формалары:
• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);
Оқырмандар конференциясы;
• Отбасылық ойын байқаулары;
• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.
4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
• Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;
• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен бақыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдайға жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болды.
Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйтекені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясаттың отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасымен әрекетін,де бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күйі мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сеніммен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Ата –анаға арналған психологиялық кеңестер

  1. Таңертең бала сабаққа барарда жайлап қана оятыңыз. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, жүйкесін жұқартпаңыз

  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса «бол да бол» деп айқайдың астына алмаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

  3. Баланы сабаққа әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.

  4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», тағы басқа ескертулерді жиі айта бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескертпеңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз.

  5. Есіктен кірмей жатып «бүгін қандай баға алдың» деп бас салып сұрақ бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз

  6. Бала ашуланып жүрсе үндемеңіз. Сабасына түскен соң болған жайды өзі айтады.

  7. Балаңыздың қылығы үшін мұғаліммен сөйлескенде баланы қатыстырмаңыз.

  8. Мектептен келе бала сабаққа дайындалмасын, 2-3 сағат ойнап, демалсын.

  9. Бір мезгілде барлық сабаққа дайындалмасын.

  10. Сабаққа дайындалып жатқан баланың желкесінен төніп, дөрекі сөйлемеңіз.

  11. Күнделікті баламен емін еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

  12. Баланың көңіл күйі нашарласа, басы ауырса бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

  13. Егер баланың көңіл – күйі нашарлап сізді тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен, дәрігермен кездесіңіз.

Ұлы ұстаз А.С. Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берісте, жол жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген ойымен түйіндейік.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987

  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980

  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет