Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О



бет28/31
Дата07.09.2022
өлшемі0.54 Mb.
#460396
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Дидактика

Реферат тақырыптары
1. Халықтық дәстүрлердегі педагогикалық ынтымақтастық ретіндегі біріккен іс-әрекет.
2. А.С.Макаренко еңбектеріндегі педагогикалық ынтымақтастықтың дамуы.
3. В.А.Сухомлинскийдің ынтымақтастық идеясының іске асырылуы.
4. Шетел педагогикасындағы тәрбиелеу процесіне қатысушылардың біріккен іс-әрекеттері.
5. Жаңашыл мұғалімдердің «ынтымақтастық педагогикасы»идеясын жүзеге асыруы.
6. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестегі ынтымақтастық технологиясы ретінде.
7. Ұжымдық оқу жұмыстарында оқу-танымдық біліктіліктерді қалыптастыру.
8. Ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формалары.


ҚЫСҚАША СӨЗДІК

Атаулы стипендия – тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия.


Аралық мемлекеттік бақылау – білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.
Бірыңғай ұлттық тестілеу – кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен біріктірілген жалпы орта білім беретін оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірі.
Білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингетінің білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінің жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау жән болжау.
Білім алушыларды аралық аттестаттау – бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау – мемлекеттің азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардан алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім беруді мемлекеттік басқару органдары оны өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылаудың түрлері: 1) аралық мемлекеттік бақылау; 2) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау; 3) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау; 4) білім беру ұйымдарын аккреддиттеу; 5) лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау; 6) білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
Мемлекеттік бақылау түрлері мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) ауызша; 2) жазбаша; 3) бірыңғай ұлттық тестілеу; 4) кешенді тестілеу; 4) тестілеу; 6) тексерулер.
Даму – бұл адамның организміндегі сандық және сапалық өзгерістер, олар әр түрлі факторлардың әсерімен болады. Түрлері. денелік, психологиялық, әлеуметтік.
Дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар: танымдық қызығушылықты дамыту тұжырымдамасы /Г.И.Шукина т.б./, дамытушылық оқыту тұжырымдамасы /Л.В.Занков т.б./, проблемдік оқыту теориясы /М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин т.б./ ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы /П.Я.Гальперин т.б./, білім беру мазмұнының теориясы /Л.Я.Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев т.б./, мазмұндық жалпылау теориясы /В.В.Давыдов т.б./, оқыту процесін оптимизациялаудың теориясы /Ю.К.Бабанский/, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендетудің теориясы /Т.И.Шамова т.б./, оқыту әдістерінің теориясы /М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский/, қазіргі сабақ теориясы /М.А.Данилов, В.А.Онищук т.б./, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырудың теориясы /О.А.Нильсон т.б./, оқу пәні теориясы /Л.Я.Зорина, И.К.Журавлев т.б./, оқулық теориясы /Д.Д.Зуев т.б./, оқытудың ұжымдық тәсілінің теориясы /В.Дьяченко т.б./ және т.б.
Инновациялық оқу орындары /инновация - жаңарту/ - оқыту және педагогикалық еңбектің жағдайы жақсартылған, жаңашылдық идеяға негізделген, жетілген технология.
Интегралды /кіріктірілген/ сабақтар - /лат.»толық», «тұтас»/ онда бір тақырыптың айналасында бірнеше пәннен материалдары бірігеді. Мұнда пәнаралық байланыс кеңінен қолданылғандықтан құбылысты немесе оқып жатқан пәнді әр жақтан танып білуге болады. Интегралды сабақтың басты мақсатын дұрыс анықтау өте маңызды. Егер жалпы мақсат анықталса, онда әр пәннің мазмұнынан сол мақсатты шешетін жадығаттар алынады.
Кешенді тестілеу – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Қабылдау квотасы – І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл /село/ жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін білім беру гранттары мен кредиттерінің шекті саны.
Мемлекеттік атаулы стипендия – Қазақстан Республикасының Президенті және /немесе/ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық ғылымдағы бағыт, ол өзі педагогикалық жүйе ретінде болып тұлғаны тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін тәсілдер, қадамдар.
Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық нормалары және технологиялық амалдары, олар оның тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсімі.
Тұлғалық – бағытталған оқу – бұл оқушылардың мүмкіншілігі және қабілеті барынша ескерілетін, олардың жекелік ерекшелігін дамытуға қажетті жағдай жасайтын оқытуды ұйымдастырудың тәсілі.
Штаттағы оқытушы – білім беру ұйымының штат кестесінде көзделген қызметті атқаратын және жеке еңбек шартының негізінде лауазымдық міндеттерін орындайтын оқытушы.
Экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет