Мың жылдықтар(от алу үйренген). Кейінгі палеолит б з. б. 40-12


ХІғ. Басында Қимақ қағанаты құлады. Оларды дара билікке ұмтылған Қыпшақ хандары құлатты. Қарахандар мемлекеті – 942-1210ж.ж



бет9/39
Дата10.01.2024
өлшемі315.5 Kb.
#488799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Хронология

ХІғ. Басында Қимақ қағанаты құлады. Оларды дара билікке ұмтылған Қыпшақ хандары құлатты.
Қарахандар мемлекеті – 942-1210ж.ж.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы Сатук-Богра хан (915-956ж.). Ол 942ж. Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғары қаған деп жариялады. ХІғ. 30ж. мемлекет 2-ге бөлінді:
1. Батыс хандық – астанасы Бұқар қаласы.
2. Шығыс хандық – астанасы Баласағұн.
Ихта термині Қарахандар мемлекетінде пайда болды (салық жинау құхығы). Оны иемденушілер Ихпадар деп аталды. Мемлекеттік ресми діні – Ислам діні (мұсылман). Түркі тіліндегі мұсылман әдебиеті осы кезде пайда болған. Оның өкілдерінің бірі – Жүсіп Баласағұн. ХІІғ. күшейген Қарақытайлар (Қидандар) Жетісуды басып алады. 1141ж. Екі хандықтың билі де Қарақытайлардың қолына көшті. Териториясы – Балқаштан Алакөлге дейін жетті. Шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Төр түлік малдан көбінесе – Жылқы өсіріледі. Себебі жылқы олар үшін – тамақ, сусын әрі көлік.
Қарақытайлар мемлекеті – 1128-1213ж.
Астанасы – Баласағұн.
Қарақытай мемлекеті бұрын - Қидандар тайпасы болған. Олар моңғол тілдес тайпа. 924 ж. Алтайдан Тынық мұхитына дейінгі жер – Ляо империясының қол астында болған. Қидандар билеушісі – Солт. Қытайда тұрды. 1125ж. Баласағұнды басып алып, сол кезден бастап – Қарақытайлар деп аталынды. Қарақытайлар шекарасын: Шығыста Енисейге дейін, Батыста Таласқа дейін кеңейтті. 1137ж. Мәуренахырдың билеушісін Махмут ханды бағындырды (Амудария, Сырдария).
Хорезім шахы – жылына 3000 алтын динар салық төлеп отырды. Басшыларын – Гүрхан деп атады.
1208ж. Наймандар Күшлік ханның басшылығымен Моңғолиядан шегініп Жетісуға көшіп келді. Бұл кезде Қарақытайлар халқы салық көп салып, беделінен айрылған болатын. Осыны пайдаланған Күшлік хан 1211ж. Жетісудағы билікті түгел тартып алды. 1213ж. Қарақытайлар өмір сүруін тоқтатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет