Архитектуралық функциясы
Жүйе ішілік (подсистемами) өзара әсерлесу қатарында қандай да бір қосымша бағдарламалық компоненттің қажеті жоқ. Ол үшін алдын-ала келісімді реттеу және базалық бағдарламаның стандартты мүмкіндіктерінің болуы жеткілікті. Осылайша автономды орындалатын бағдарламалар комлексінде өзара әсерлесуді қамтамасыз ету үшін ішкі ақпараттық орта мен операциялық жүйенң мүмкіндіктері жеткілікті қабатталған бағдарламалық жүйеде ерекшеленген бағдарламалық қабаттар мен қарапайым аппараттық үрдіске қаратылуы жеткілікті спецификация бола алады.Бағдарламалық конвейерде бағдарламалардың өзара әрекеттесуін операциялық жүйе (UNIX операциялық жүйесіндегі орны сияқты) қамтамасыз ете алады.
Алайда бағдарламалық жүйе ішілікте (подсистемами) өзара, әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін қосымша бағдарламалық компоненті құру қажеттігі туындайды.Автономды орындалатын бағдарламалардың жұмыс істеу комплексін меңгеру үшін жиі арнайы командалалық интерпретатор жасайды.Ол заттық облыста ішкі ақпараттық орта үшін және керекті бағдарламаны жіберу үшін операциялық қолданған базалық командалық интерпретаторға қарағанда өте қолайлы.Қабатталған бағдарламалық жүйеде процедуралық қабатпен арнайы қаратпа (обращения) аппарат жасалынуы мүмкін (мысалы, осы процедураларды параллельді орындауды қамтамасыз ететін.Параллельді орындайтын бағдарламалар тобын мәліметтер портымен басқару үшін жүйеішілік арнайы бағдарлама қажет. Мұндай бағдарламалық компоненттер ешқандай ішкі функцияларды орындамайды.Олар бағдарламалық ортаны жасалу барысында туындаған архитектураны жүзеге асырады.Осыған байланысты осындай функцияларды архитектуралық деп аталады.
Визуалды программалау көрнекі құралдар арқылы қолданбалы программалар жазылатын программалау саласы. Мұндай жағдайда программалаушы программа мәтінін жазбайды, тек нәтижесінде не шығу керектігін көрсетеді. Программа мәтіні визуалды прототип көмегімен автоматты түрде құрастырылады. Визуалды программалау нысанға бағытталған программалауға негізделеді.
Windows амалдық жүйесіндегі программалар пайдаланушыларға (Graphical User Interface) өздерінің графикалық интерфейстерімен таныс. 1991 жылы Стивен Гибсонның (компьютерлік технологияның және компьютерлік қауіпсіздіктің бас маманы, программаларды ойлап табушы) программа жазуы бойынша Visual Basic тілі пайда болды. Жаңа шыққан программа «Microsoft Windows» жүйесіне деген көзқарастарын өзгертті. Visual Basic тілінің визуалды интерфейсі қолданбаларды тез және жеңіл құруға мүмкіндік беретін еді. Visual Basic тілі - қандай тіл? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ:
Visual Basic Microsoft корпорациясы ұсынған жылдам, тез программалау ортасы.
Visual Basic тілі визуалды графикалық интерфейс жасау құралы. Визуалды құралдар арқылы пайдаланушы программа жазғанда уақытты үнемдейді.
Visual Basic тілі бірнеше операторлардан, функциялардан, түйінді сөздерден тұрады. Осылардың көмегімен тілді алғаш үйренушілер керегінше программалық қолданба құра алады, ал тілді толығымен меңгерген пайдаланушылар Windows-тың (Visual C++, Delphi) нысанға бағытталған программаларымен жұмыс жасай алады.
Жаңа компьютерлік технологияларда Visual Basic тілі арқылы бизнес қолданбалар, мультимедиалар, мәліметтер базасын құруға болады. Мұндағы тапсырмалар күрделі және қарапайым болатындықтан, құрылатын қолданбалар да күрделі және қарапайым болады.
Visual Basic тілі қарапайымдылығы мен қуаттылығының арқасында Microsoft Office пакетінің стандартты программасы болуға мүмкіндік берді.
Visual Basic тілі қазіргі кезде оқу құралы болып саналады. Себебі ол көрнекті, логикалық, қарапайым, жеңілдігімен ерекшеленеді.
Visual Basic тілі динамикалық тұрғыдан дамып отыратын тіл. Қазіргі уақытта тілдің «7 шығарылымы» бар. Әрбір шыққан шығарылымдар алдыңғы шығарылымға қарағанда мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Visual Basic тілі «Microsoft» фирмасының таңдап алған тілдерінің бірі, ол Microsoft фирмасының жаңадан шығатын жүйелеріне (Windows 7, Windows 8) келтіріліп шығарылады. Visual Basic тілінің жаңа Visual Basic Applications шығарылымында Excel, Access қосымшаларын, ал Visual Basic Script - ғаламтор қосымшаларын құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ақпараттың технологиялар нысанға бағытталған программаларға негізделгендіктен бір программадан келесі программаға көшу қиынға соқпайды (QBasic тілінен Visual Basic тіліне көшу).
Программалар жүйесінде Visual Basic тілін «жоба» құру ортасы деп атайды. Тапсырмаларды орындау кезінде жобалар құрылады. Мұнда «программа» сөзінің «жоба» сөзіне ауысу мәні: пайдаланушылар программа ғана құрап қоймай, жоба жасап та үйрену керек. Осыдан барып Windows ортасында нағыз программалық қолданба пайда болады. Программа қолданба құру- дың бір бөлігі болып саналады. Қолданбада программа жазудан басқа бөлім, келешек қолданбаның терезесін құру. Терезеде нысандар орналасады. Нысандар: ба- тырмалар, мәтіндік және графикалық өрістер, айналдыру жолақтары, т.б. Программа осы нысандарды басқару үшін де жазылады.
Визуалды программа технологиясы нысанға бағытталған программа ортасында жұмыс істеуден басталады. Мысалы, визуалды программада пішінге қасиеттер беру арқылы піиіінді құрады. Пішінге нысандарды орналастырып, оларға қасиеттер беріп нысандарды визуалдаймыз. Пішін мен оған орналасқан нысандар бірігіп жоба құрады. Пішіннің оқиғалар әдісін программалау үшін пішінге екі рет шертсек болды, бос кодтау алаңы ашылады. Кодтау алаңына операторлар толықтырған процедуралар жазылады. Процедура құрылып болғаннан кейін программаның сыртқы қаңқасы пайда болады, мұны программа бөлігінен құрылған техникалық жоба деп атайды. Пішін терезесі және нысандар әдіс пен оқиғаны программалаудан тұрады.
Визуалды программаның техникасы нысандар болып саналады. Нысанға бағытталған программа, нысан қасиеттеріне сай келетін құрылым ретінде қарастырылатын нысан ұғымы бар программа құрудың тәсілі. Нысанға бағытталған программалау тәсілі пайдаланушылар шешетін тапсырмалар, нысан және оларға қолданылатын операциялар деген ұғым арқылы сипатталады. Мұндай программа нысандар жиыны мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді.
Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:
нысан;
нысанның қасиеті;
нысанның әдісі;
оқиға;
нысандар класы.
Нысандар пішін мен қолданбаларда
кездеседі, олар: пішін, батырмалар, жазу батырмалары, мәтіндік өрістер, т.б. бола алады.
Нысан әдістер мен қасиеттер жиынтығынан тұрады. Мысалы, көлікті алатын болсақ, оның түсі, моделі, нөмірі, жылдамдығы, көлемі сияқты көптеген қасиеттері бар. Нысанның әдісі дегеніміз — нысан атқаратын іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |