Microsoft Office Access деректер қорын басқару бағдарламасы


Existing (Қолданыстағы жобалар) - мұнда программамен бұрын жұмыс істеген және бұрын пайдаланып, сақтап қойған жобаларың болуы мүмкін. •Recent



бет21/22
Дата14.11.2022
өлшемі207.67 Kb.
#464842
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
кенселик косымша

Existing олданыстағы жобалар) - мұнда программамен бұрын жұмыс істеген және бұрын пайдаланып, сақтап қойған жобаларың болуы мүмкін.

Recent (Жаңында пайдаланылған жобалар) -
мұнда соңғы уақытта пайдаланылған жобалар сақталады.
Existing (Қолданыстағы жобалар) мен Recent (Жаңында пайдаланылған жобалар) жобаларын пайдаланып, өзгертулер енгізуге болады.
Жаңа жобаны Standart Ехе арқылы ашқанда, экранда Projectl-Microsoft Visual Basic [desing] - жаңа жоба терезесі пайда болады. Project 1 жаңа жоба атын жобаны сақтау барысында өзгертуге болады. Ол үшін: Save Project (Жобаны сақтау), Save Project As (Жобаны қалай сақтау), Save (Пішінді сақтау), Save As (Пішінді қалай сақтау керек) деген бұйрықтардың бірін таңдап аламыз.
Пішін Frm кеңейтілуімен сақталады және пішін жобаның ішінде орналасады. Ал жобаның кеңейтілуі VBP (Visual Basic Project).
IDE (Integrated Development Environment) - программалық жасақтама құрудың программалық құралдардың жүйесі, мұнда даярланып жатқан программалық қолданбалар жинақталады және программаланады. Бұл Visual Basic программасының негізгі жинақтаушы ортасы болып табылады (9-сурет).
Visual Basic программасы терезесі мыналардан тұрады:

  • Пішіннің конструктор терезесінен.

  • Қасиеттер терезесінен.

  • Құрал-саймандар тақтасынан (басқару элементтері).

  • Жоба терезесінің нұсқаушысынан.

  • Пішін терезесінен.

  • Тақырып жолынан.

  • Мәзірлер қатарынан.

  • Құрал-саймандар тақтасынан.

Егер жоба терезесінде пішіндер конструкторы терезесі болмаса, онда мына бұйрықтарды орындауға болады: View Object немесе [Shift+F7] батырмалар үйлесімін басамыз. Пішін конструктор терезесі Projectl-Forml(Form) атына ие болып, жобаның ортасында орналасады.
Егер жобада Қасиеттер терезесі жоқ болса (Properties), онда мынадай бұйрықтарды орындаймыз: View = Properties Window немесе [F4] батырмалар үйлесімін және Құрал-саймандар тақтасынан  батырмасын шертеміз. Қасиеттер терезесі жобаның оң жағында орналасады және пішінде орналасқан нысандардың қасиетін сипаттайды (түрі және түсі, т.б.). Нысандарды сипаттау үшін оны белгілеп алып, Қасиеттер терезесінен қажетті батырманы шерту керек.
Егер жоба терезесінде Құрал-саймандар терезесі жоқ болса View = Toolbox бұйрығына немесе стандартты Құрал- саймандар тақтасынан батырмасына шертеміз. Toolbox Құрал-саймандар терезесі басқару элементтерінен тұрады. Жоба терезесінде элементтер арқылы нысандар құрылады. Нысанның қасиетін беру үшін ең алдымен ерекшелеп алу керек. Оларды көшірмелеуге, кірістіруге, өлшемдерін өз- гертуге болады.
Жоба терезесінің экранда қалай орналасқанын көру үшін: Форманың орналасу терезесін (Form Layout) қолдан- ған жөн (10-сурепг). Егер бұл терезе жобада болмаса View = Layout Window бұйрығын немесе стандартты Құрал-саймандар тақтасынан  батырмасын шертеміз.
Егер жоба терезесінің нұсқаушысы жоқ болса (Project Explorer), онда View = Project Explorer немесе [CTRL+R] батырмалар үйлесімін және стандартты Құрал-саймандар тақтасынан  батырмасына шертеміз. Жоба терезесінің нұсқаушысы жұмыс істеп тұрған жобаның графикалық мазмұнын, жобаны (кеңейтілуі - vbp) және жобаға кіретін бірнеше файлдар (кеңейтілуі - frm) тізімін көрсетеді.
Құрал-саймандар тақтасындағы Project терезесі екі батырмадан тұрады. View Code  (программа кодын көрсетеді) және View Object  (пішіннің конструктор терезесін көрсетеді [Shift+F7]).
Тақырып жолында жобаның аты және үш негізгі батырма орналасқан.
Бас мәзірлер қатарында File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Window, Help
мәзірлері орналасқан (11-сурет ). Осы мәзірлер өздеріне тән қасиеттерге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет