Класс-нысандардың қасиеті мен әдістерінің ортақтығы.
Инкапсуляциялық нысан класы - нысанның күрделі механизмін шешеді.
Полиморфизмдік нысан класы - әртүрлі жұмыс атқаратын әртүрлі кластағы нысандарға біртипті әдістер қолдану.
Нысандар жиынтығы - бір атауға біріктірілген бірнеше нысандар тобын айтады.
Нысандардың стандартты жиынтығы:
Forms - қолданыстағы бірнеше пішіннің жүктелуі. Controls - нысандар ішіндегі барлық элементтер. Нысан мынандай түсініктермен сипатталады:
Күйі - нысан үнемі белгілі бір күйде болады.
Қасиеті - нысанның жеке қасиеті.
Оқиға - нысан күйінің өзгеруі.
Операторлар - бір немесе бірнеше операцияларды орындайтын программа тілінің құрылымы. Кез келген оператордың жазылу ережесі бар, мысалы: «=» мен- шіктеу операторы болып саналады.
Транслятор - аудармашы программа. Программа тілін машиналық тілге ауыстырады. Трансляторлар екі түрлі болады: интерпретатор және компилятор.
Интерпретатор программа тілін тізбектей машина тіліне аударып, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Программаны іске қосқан сайын процедураны орындау қайталана береді. Интерпретатордың артықшылығы - программаны қадам бойынша тексеру, ал кемшілігі - орындау жылдамдығының баяулығы.
Компилятор - программаның бүкіл мәтінін машина тіліне аударып, EXE файл түрінде сақтайды. Сақталған файлды бірнеше рет іске қосуға болады. Артықшылығы - программаның орындау жылдамдығының жоғары болуы, кемшілігі - қадамдың тексерудің болмауы.
Visual Basic программасын іске қосу үшін: Пуск = Visual Basic 6.0 батырмасын шертеміз, экранда Visual Basic программасы өзінің жаңа жоба терезесімен пайда болады. Жаңа жоба терезесі үш қосымша жобалардан тұрады (8-сурет):
New (Жаңа жобалар) - жұмысты бірінші рет немесе жаңа бастап отырған болсаңдар, жаңа жобалар қосымшасындағы Standart Ехе таңбасын шертсе, жаңа жоба ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |