Microsoft Office Access деректер қорын басқару бағдарламасы



бет5/22
Дата14.11.2022
өлшемі207.67 Kb.
#464842
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
кенселик косымша

Электронды презентация (Slide show) – компьютер мониторында немесе үлкен сыртқы экранда проектор арқылы көрсетіледі. Компьютермен көрсеткен кезде презентацияға арнайы эффектілер қосуға болады.
Қолданбалы бағдарлама (Прикладная программа; application program) - 1) пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. Әдетте, кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа программалардың барлығы жатады; нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасын, электрондық кестені және т.б. жатқызуға болады; 2) нақты есепті шығару үшін қолданылатын программа. Мысалы, мәтіндік редактор немесе мәліметгер базасы басқару жүйесі. "Қолданба" атауының синонимі ретінде пайдаланылады.
Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) - Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.
Қолданбалы бағдарламалар дестесі
Қолданбалы бағдарламалар дестесі (Пакет прикладных программ; application program package) - белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).
Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі
Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі (Интерфейс прикладных программ; application programming interface) - 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейс); 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет