Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
39
мүмкіндігі қайталанбас, алабөтен деректердің
тіркеске, қанатты сөзге, фразеологизмге, өлең
жолдары мен əн шумақтарына айналуы на
тікелей əсер етеді.
Концептуалды тұрғыдан қарасақ, Абайдың
жыл мезгілдері жəне табиғат пейзаждарына
арналған өлеңдері қазақ мектебін бітірген əр
қазақ баласының бойында концепт болып
қалыптасты. Қазақ ақындарының табиғат лири-
касының антологиясын құрастырған зерттеуші
Жанат Əскербекқызы былай деп түйіндейді:
«Абай пейзажды адам баласының өмір сүретін
ортасы ретінде ала отырып, əлеуметтік өмірмен,
көшпелі тіршілікпен байланыстыра суреттесе,
Абай дəстүрін жалғастырған қазақ ақындары да
осы ұстанымды жаңашылдықпен дамыта білді.
Дүниежүзілік поэзияның озық үлгілері қа-
тарындағы «Қараңғы түнде тау қалғып»,
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңдеріндегі
адамның жан сезімімен ұласатын табиғаттың
ғажап суреті кейінгі ақындарымыз бет түзеп,
бағыт алар нысан болды» [1, 6].
Сан рет талданған «Желсіз түнде жарық ай»
өлеңін ағылшын тіліне Д.Роттенберг, орыс
тіліне Ю.Нейман, қырғыз тіліне А.Токомбаев,
өзбек тіліне Ұйғун, украин тіліне Н.Тихий,
латыш тіліне А.Елксне, татар тіліне Н.Арслан,
молдован тіліне А.Негриш, ұйғыр тіліне
М.Абдурахманов, қарақалпақ тіліне Ш.Сейтов,
араб тіліне Ж.Ғабдрахман аударыпты. Əр
аудармашы өз тілінде сол кезеңдегі қазақ
табиғатын өз еліне таныстырды. Ландшафт
белгілі дəрежеде өзгерді; тура сол жайлауды,
тура сол қалпында табу мүмкін емес, алайда ол
өлең жолдарында болашаққа сақталып қала
бермек.
Жер бедері арқылы елді танимыз. Кезінде
Жұбан Молдағалиев «Мінезім бар таулардың
қатпарындай» деп қазақ этносының өзін
алдымен өзіне таныстырған еді. Тұла бойы
энергияға тұнып тұрған синтаксис. Көзге
көрініп тұрған тау да бар, қатпар да бар, көзге
көріне бермейтін мінез де бар; алайда осының
бəрін бір жолға сыйғызып, мəңгілік өлең
жолдарына айналдыру нағыз ақынның ғана
қолынан келеді. Бұны «Қазақ» концептісіне
қосылған үлестердің қомақтысы деп есептейміз.
М.Мақатаевтың «Шыршаларым, аршаларым
/ Бəріңе арнап мен бүгін əн саламын» деген
жолдарын
қалың
жұртшылық
сан
рет
қайталанған əн арқылы есте сақтап қалды.
Таулы аймақтың пейзажын сырттай суреттеп
қана қоймай, ақын өсімдіктер дүниесімен
байланыс орнатып, əнін бағыштайды. Бұл
байланыс ақын санасында сараланып жүрекке
жол тауып жатады. Аққайыңмен сырласқан
атақты өлеңі өз алдына. Биіктік пен жазықтық.
Тау мен дала. Вертикаль мен горизонталь.
Абайдан басталған ақындар көші пейзаждық
лирикасын
осы
координаттар
көлемінде
шығарады.
Тамылжыған жас иісті
Жазғы жасыл кең далада –
Жайылған жібек кілемдей,
Қызылды -жасыл көкала.
Бұл С. Сейфуллиннің «Жазғы далада»
өлеңінің алғашқы шумағы [1, 102] .
Лингвоөңіртануға əр сөзі мысал бола алатын
да шумақтар бар. Жетісу жерін топографиялық
картадағыдай зерттеуге болатын мүмкіндікті
Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» топ-
тамасынан табамыз:
Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
Достарыңызбен бөлісу: |