Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
55
пұшпағы көрініс тапқан. Мұндағы басты сипат -
өтіп жатқан оқиғаның табиғат құбылысымен
үйме-жүйме берілуі, репортаждық фонның
тіршілік райын қоюлата түсуі. Зеңгір көк пен
қара жер, белгілі бір географиялық ендік пен
бойлық. Күз айының бір күні, бір күні емес-ау,
əлденеше күнінің үзік-үзік шұбағының жібі
жалғанып, шартты түрде үздіксіз бір тізбекке
айналдырылған. Яғни қас-қағым сəттерден
құралған тұтастай уақыт көшінің панорамасы,
ғаламдағы айналым процесі, қысты көктем,
көктемді жаз, жазды күз ауыстыратын мəңгілік
қозғалыс мотивациясы көзге елестейді. Осы-
ның өзі - жаратылыстағы жаңару, жаңалық
ағыны. Классикалық репортажда да көбінесе
кезектескен оқиға, хро-никалық іс-əрекет,
тіршілік ырғағы басым түсіп жатады.
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Əзілдесіп сыңқылдап.
Қазақ даласына, Абай сақарасына (саха-
расына емес) лайық сурет. Көзімізден кетсе де,
көңілімізден, көкейімізден кетпейтін атажұрт
сипаты, салт-дəстүр үлгісінің образды-деректік
негізі. Өзгеге ұқсамайтын керемет қазақы кесте.
Ал осы күнгі қазақ репортаждарының ұлттық
бояуы солғын тартып, қазақы өрнегі ажар-
сызданып бара жатқанын кімнен көреміз? Өзі-
мізден. Қазақ репортажына аса қат ұлттық коло-
рит, этнографиялық кестелер, қазақ даласының
бұрқыраған иісі Абай өлеңдерінде менмұндалап
тұрған жоқ па? Тек бойға сіңіре алсақ,
творчестволықпен игере алсақ...
Репортаж, жалпы, журналистика жанрлары
нақтылықты, деректі, мəліметті, фактіні, ста-
тистика цифрларын ұнатады. Қазіргі спорт
репортаждарынан, əсіресе теле репортаждардан
диалогизм пішінін, интервью формасындағы
репортажды, түсіндірмелік сарынды анық
аңғарамыз (Ресей телеарнасының күнделікті
«Спорт планета» хабарларын қараңыз). Біздің
ойымызша, оған (репортажға) контрастық
теңеулер де жат емес. Мəселен, жанды мен
жансыз, ақ пен қара, ыстық пен суық, түз
тағысы мен үй жануары дегендей. Абайда
контраст беттесе түседі: самғаған қыран құс,
аузын ашып, тісін қайраған түлкі; жоғары-төмен
сымпылдай ұшқан үйрек, қаз; қатарланып
бермен қайтқан қаз, тырна Аспан мен Жер
арасын жалғастырады, тіршілік көшінің кеңіс-
тіктегі бағдарын айқындайды, керек десеңіз,
планетарлық динамиканың бір мезетін, өтпелі
сəтін көктеп өтеді. Өтпелі сəтті беру, қағаз
жадында, соның арқасында ел есінде, тарих
түйсігінде жүрдек уақыт жүрісін əртүрлі
форматта ұстап қалу – репортаждың басты
сипаттарының бірі.
Классикалық репортаж моделінде оқиғаның
өту кезегі бұлжымай сақталады. Бұл байлам -
параллель сызықтар бір-бірімен қиылыспайды
деген евклидтік геометрия постулаты сияқты
көкейге талайдан күмəн ұялатқан байлам. Біз
жоғарыда келтірген Абай өлеңдерінде оқиға, іс-
əрекет кезегінің қыры əдейі сындырылған
сықылды. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі екінші шу-
мақ пен үшінші шумақтың орнын ауыстырса,
одан кейін бесінші шумақ келсе, оқиғаның
логикалық даму кезегі сақталар еді. Абай олай
етпеген, ол қисынға емес, «қисынсыздыққа»,
экспериментке барған, оқырман ойын ең ал-
дымен басты жайттарға (приоритеттерге)
аударған.
Қазіргі репортаж конструкциясында да
оқиға
кезегі
сақталмайды,
журналистер
қисыннан гөрі формалық өзгешелікті артық
көреді. Осы тенденцияны тап басқан М.Н. Ким
автордың оқиғаның жетегінде кетпей, оны өз
ырқымен өруі, журналистің оқиға кезегін қа-
лауынша қиюластыру құқығына зерттеушілер
назарын аударады [8].
Абай, байқап отырсаңыз, өзі көрген, өзі
білген, өзі куə болған оқиғаларды алақағаз
бетіне түсірген. «Жаз» өлеңінің натурадан, ақын
көз алдында өтіп жатқан жанды сурет-терден
хатталғаны туралы дерек Тұрағұл Абайұлы
естеліктерінен мағлұм. Мəселен, ол бірде:
«əкемнің жазды өлең қылғандағы ауылы,
Долгополовтың ауылды жайлағандағы өз ауылы
еді», десе [9], тағы бір тұсында: «Жазды күні
шілде болғанда» деген өлеңді 86 жылы Бақанас
деген өзеннің төменгі жағындағы керей жері
Көкбейіт деген қонысқа өзінің ауылы қонып
жатқандағысын айтқан екен», - деп еске алады
[10].
Ақын лирикасында тіпті Жердің нақты
топографиялық кескіндемесі, жалпыға ортақ
қазақы кеңістік бар деуге болады. Солай
дегенімізбен, Абай өлеңдерін оқыған жанның
көз алдына өз туған жері, өз өлкесінің ой менен
қыры, суы мен нуы келе қалуы да ғажап емес.
Шығармашылық өрістегі, тілдік кеңістіктегі,
|