Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


денелеп  (молекулаға,  атомға,  квантқа  бөлшектеп деп ұғынған жөн. - К.Қ



Pdf көрінісі
бет69/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

денелеп 
(молекулаға, 
атомға, 
квантқа 
бөлшектеп деп ұғынған жөн. - К.Қ.) білмесе, 
адамдардың орны болмайды. Оны білмеген соң, 
ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны бо-
лады», деген лұғат сөз жазар ма еді [3]. Абай-
дың əр құбылыстың, дүниедегі «бар мен 
жоқтың» байыбына, түпкі тұңғиығына баруға
оның 
ұрық-генетикасына 
үңілуге 
үндеп 
отырғаны хақ. Ендеше, жаңа қазақ əдебиетінің 
басы – Абай деген тезиске қоса, қазақ ұлттық 
журналистикасы 
жанрлары 
палитрасын 
байытуға ұлы ақын поэзиясы пəрменді əсер етті 
десек, пəлендей қателесе қоймаспыз. Мəселен, 
қазіргі қазақ репортаждарының бітімінде 
ақындық мінездің, төкпе жырдың (импрови-
зацияның) сілемдері сайрап жатыр. Тіпті сырт 
қарағанда, Вольтер шығармашылығындағыдай 
(«Кандид»), бір-бірімен қоңсы қонбайтын 
координаттар, уақыт пен кеңістік араласын да 
шырамытуға болады. Осы тақылеттес пікірді 
кезінде зерттеуші Е.М. Лулудова тарата түскен: 
«Көз жетер тарихи межеде бір-бірімен еш 
байланысы жоқ, мүлде бөлек халықтар 
мəдениетінде біз ұқсас мифтерге, символдарға 
жəне образдарға жолығамыз. Осының негізінде 
мифолог – палеолитикалық мəдениет бірлігі 
туралы, ал психолог адам жаны қызметінің 
бірлігі жəне бірегей базалық образ – архетип 
туралы 
тұжы-рым 
жасай 
алады. 
Осы 
архетиптерді анықтау сананың тарихи даму 
панорамасын көз алдыға келтіруге мүмкіндік 
береді жəне мəдениет эволюциясының əр қадам 
басуынан 
өз 
төңірегіне 
ой 
бейнесін 
топтастырған сол бастапқы концепциялық 
ядроны суыртпақтауға болады. Бабапішіндерді 
ай-қындау қазір адам тілге тиек етіп отырған 
сол танымдардың кездейсоқ еместігін негіздеуге 
мүмкіндік береді» [4]. Демек, ақын поэзия-
сының, атап айтқанда, табиғат лирикасының 
қазақ репортаждарына түпкі талшық болған-
дығы, бабабейне – матрица ретінде көз ал-
дарында тұрғандығы туралы айтылар біздің 
сөзімізде де жан бар секілді. 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға», 
«Жазғытұры», «Күз», «Жаз», «Қыс» сияқты 
өлеңдеріне зер сала қараңызшы. Аталмыш шы-
ғармаларда репортаждың қандай жұрнақтары 
бар, қандай сарындарын аңғаруға болады? Осы 
ретте теоретиктер не дейді? «Репор-таждың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет