Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет80/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
63 
көкірегінің тізгінсіз тілегіне тоят табарлық 
əліне қарай бағалайды. Солай болғанда да 
өзіне керегі бар қарапайым адамдардың жеке 
басын, кісілігі мен азамат-тығын емес, күші 
мен қабілетін ғана бағалап, пайдаланады. 
Сембай үшін кісінің күші ғана қажет те, оның 
өзінің бағасы көк тиын. 
Сəрсеннің де мақсаты – тұралап қалған 
шаруашылықты аяғынан тік тұрғызып, жаңа 
сапалық биікке көтеру. Алайда ол бұл мақ-
сатқа жетуге əрекет жасағанда, өз абыройын 
асыруды, елдің көзіне түсуді ойламайды емес. 
Ол жеке басының басшы ретіндегі қуанышын, 
қалау-тілегін совхоздың экономикалық, əлеу-
меттік ілгерілеуінің өзінен көреді. Тұр-
мыстағы, мəдениеттегі, шаруашылықтағы өз-
герістерді, олардың алға басқан қарқынын 
байқағанда, Сəрсеннің көңілі еш қалтқысыз, 
жымысқы күйден аулақ, шын қуаныш сезеді. 
Істеген, жан салып жасаған ісінің жақсы 
нəтижесін көру оны қанағаттанған əрі қанат-
танған сезімге бөлейді. Шаруашылықтың бар 
саласына еңбекқор қолымен тікелей араласып, 
бар қиындықты иығымен көтеріп, биікке бет 
алған адамдар да оны тəнті етеді. Соған орай 
ол адамды түсінуден, ұға білуден өтер бақыт-
тың жоқтығы туралы, ал адамдарға өзін 
түсіндіре, ұғындыра білудің одан да артық 
екендігі туралы толғанады. 
Шаруашылықты басқарудың шығармада 
суреттелініп отырған кезеңдегі əдістері, заң-
дастырылған жолдары Сəрсенді бұдан гөрі 
белсенді əрекет жасаудан тежеп, оған кедергі 
болатыны рас. Мұндай кедергіден жол тауып
айналып өтуге немесе оны бұзып-жарып кету-
ге Сембай тұрпатты басшы болмаса, Сəрсен 
тəуекел ете алмайды. Бұл да бір Сəрсенге ғана 
тəн көнбістік емес, Сəрсен типіндегі бар 
басшыға ортақ ерекшелік болып табылады. 
Сембай өзінің бұзып-жарғыш, ереуіл екпінімен 
өз мақсатының май-дасына да, ірісіне де 
жақсы-жаман, заңды-заңсыз амал-тəсілдер мен 
құралдардың қандайын да шебер пайдалану 
арқылы жетіп отырады. Сəрсен болса, тəр-
тіпке, сірескен əдеп пен əдетке адал болған-
дықтан, алдына қойған мақсатына көбінесе 
жетпей, орта жолда қалып қояды.
«Мəңгілік бастаудың» көтеріп отырған 
тақырыбы, ұсынып отырған идеясы өмір барда 
өзектілігін жоймайды.
«Біз құлмыз ба, кімбіз?» романы Ееңес 
заманы адамның дүние алдындағы құлдық 
құлқының араны ашылған күйін суреттейді. 
Дүниенің билігінде шек жоқ. Сондықтан да 
жақсылық пен жамандықтың күресінде жақ-
сылық жеңіледі. Махаббат пен зұлымдық 
бетпе-бет келгенде, зұлымдық үстем болып 
шығады. Шындық пен өтіріктің күресінде 
өтірік жеңіске жетеді. Адалдық пен арам-
дықтың арпалысында арамдық зор болады
адалдық қор болады. Адамның ойында, заман-
ның бойында адамгершілікке, шындыққа, əді-
летке, мейірімге, шапағатқа орын қалмаған. 
Романның осындай эмоциялық мазмұнынан 
туатын əсер еңсені басады. Автордың көздеген 
эстетикалық нысанасы да осы болу керек. Біз-
діңше, осы əсердің, осы нысананың негізінде 
жазушы реализмінің, жазушының көркемдік 
ойлауының шыншыл да сыншыл қуаты жатыр. 
Одан шығармашылық ойлаудағы көркемдіктің, 
шыншылдық пен сыншылдықтың, суреткерлік 
кемелдіктің келбеті көрінеді. 
Жазушы шығармашылығының жанрлық 
құрамы бай. Онда проза, поэзия, драматургия 
жұп жазбай, қатар жайқалады. Əдебиеттің тегі 
мен түрінің үлгілері де тұп-тұтас осында: 
алыстан сермеген эпос, жүректен тербеген 
лирика, сонымен қатар осы екеуінің сарынын 
сақтай отырып, қым-қиғаш, қилы тартыс 
əлеміне айналған драма. Мерейтой иесінің 
көптомдық шығармаларының əзіргі он жеті 
томында поэзияның өзі барлық жанрлық түрде 
көрініс тапқан: өлең; баллада; поэма; роман. 
Драманың жанрлық түрлері де көп қырлы. 
Проза да алуан түрлі: əңгіме; эссе; повесть; 
роман; роман-трилогия. Осы жанрлық түрлер 
тобында романның алатын үлес салмағы 
айрықша. Бұл айрықшалық үлкен эпос түрінің 
көптомдықтың жеті томын алатынынан емес, 
оларда көрініс тапқан өмір шындықтарының 
маңызының байлығы мен мəнінің тереңдігі 
арқылы айшықталып тұрады. Оның үстіне, 
талант табиғатында сыр мен сезім қуаты шал-
қып, тасып жатқанына қарамастан, Софы Сма-
таев - кең құлашты, терең тынысты эпикалық 
ойлаудың суреткері. 
Талдаулар нəтижесі жазушының өз шығар-
маларында суреттеп отырған өмір құбылыс-
тарын типтендіруде, адам образын жасауда аса 
зор көркемдік-идеялық табыстарға жеткендігін 
аңғартады. Əсіресе, жазушы адамның іші мен 
сыртының, сөзі мен ісінің неше алуан соқпа 
бұлқыныстары мен тегеурінді немесе бірқа-
лыпты баянды ағыстарын, құпиясы мол қат-
қабат қиын иірімдері мен жарға жалаңаш 
шапшыған ақжелең толқындарын қоғамдық-
əлеуметтік мазмұнға бөлеп көркем суреттеуде 
үлкен шеберлік үлгісін көрсетті.
Автордың суреткерлік қиялы белгілі дəуір 
кеңістігіндегі шындықты өзгертпейді, бұрма-
ламайды да. Оқиғаның өткен мезгілі мен меке-
ні, амалы мен құралы, субъектісі мен объектісі 
– бəрі де ақиқат күйінде суреттеледі. Сонымен 
бірге оқиғаның құрам-дас бөліктерінің қай-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет