Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет68/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
53 
өнер санатында санайтын, осыны санаға тез 
жəне ойландырмай сіңіру үшін өзгелер де, 
өзіміз де өршелене айтатын қазақ əдебиетінен 
талай ағым, бағыттың тарамданып шығатынын 
анық көрсетеді. Бұл тек идеялық тұрғыдан ғана 
емес, көркемдік ізденіс, эстетикалық таным-
білік жағынан да айрықша мəн беруді керек 
етеді. Олай болса, қазақтың рухани мəдениетіне 
буырқанған, дүниенің əлем-тапырағын шығар-
ған, адамзат тарихында айрықша кезең есеп-
телетін ХХ ғасыр əкелген олжаларды жаңа-ша 
пайымдайтын уақыт келді, туды», деген пікірі 
дəл біздің қазақ журналистикасының жаңашыл 
теориясына тамыздық тастап тұрғандай [1]. 
Қазақы репортаж жанрының өскіндерін біз 
батырлар жыры мəтіндерінен, ертедегі руна 
бəдіздерінен, Заһир əд-дин Мұхаммед Бабыр 
жазбаларынан, Мұхаммед Хайдар Дулати 
шығармаларынан молынан ұшыратып жүрміз. 
Ал осы дəстүрлі мектеп сабақтастығын Абай 
туындыларынан да таба аламыз. Əлбетте, сонау 
Х1Х ғасырда қолынан блокноты мен қаламын 
тастамай, оқиға, жаңалық, ақпарат іздеп, шарқ 
ұрып жүрген Ибрагим Құнанбаев деген 
репортерді журналистика тарихы білген емес. 
Ұлы ақын, данышпан философ ешқашан газет, 
журналда жұмыс істемеген, баспа өнімдерін 
шығарумен айналыспаған. Жалпы, қыр даныш-
паны басылым ісіне əдейілеп араласты деген 
дерек əзірге қолға ілікпей тұр. Сондай-ақ, Абай 
газет-журнал мəселесімен мүлде шұғылданбады 
деген кесімді байлам да жасай алмаймыз. Оның 
пікірлес досы Е.П. Михаэлистің «Семипа-
латинские областные ведомости» газетінің 
редакторы қызметін атқарғаны белгілі [2]. Олай 
болса, ақынның да Семейге барғанда, газет 
редакциясына бас сұғуы, сол кездегі газет 
материалдарын дайындау, беттеу, шығару 
процесін, баспахана технологиясын өз көзімен 
көруге құмартуы мүмкін бе? Əбден мүмкін. 
Жаңалыққа, тосын құбылыстарға өлеңдей 
қарауы оның туындыгерлік табиғатына əбден 
сай келеді, мазасыз санасы оны тылсым 
дүниелер құпияларына қанығуға итермелейді. 
Əйтпесе «Жетінші сөзінде»: «Дүниенің көрінген 
һəм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет