Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
76
орыс, ағылшын тілдеріне аударып оқыды. 2011
жылы 26 ақпанда - С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіровтің рухына тағзым ету мақсатында
əдеби кеш өтті. 2011 жылы 31 наурызда
Аударма ісі бөлімі 2 курс студенттері арасында
«Аудармашылар сайысы» өтті. Сайысқа ҚазҰУ-
ң Тəрбие департаментінің директоры Г.Сəрсен-
бекова қатысып, жеңімпаздарға сыйлық тап-
сырды. 2011 жылы 6 сəуірде Қасым Аманжолов
пен Мұқағали Мақатевтың мерейтойына ар-
налған «Қасым басым болмаса, несі Қасым»
атты поэзия кеші өтті. 14 сəуірде Аударма ісі
бөлімі 1 курс студенттері арасында «Шешендік
өнер» сайысы өткізілді. Сайысқа 10 студент
қатысып, шешендік өнердің теориясы жəне
қазақ шешендерінің мұрасы бойынша білім-
дерін ортаға салды
Жалпы университеттік «Студенттік көктем»
фестиваліне аударма ісі бөлімінің 3 курс
студенттері Мырзағұлова М, Сметова Ə, Та-
пенова Ə. қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Жоғары курс стуенттері мен магистранттары
əлемдік масштабтағы ірі əлеуметтік-мəдени
жəне спорттық шараларға
атсалысты. Олардың
арасында су добы бойынша Азия чемпио-
натының жеңімпазы, аударма ісі бөлімінің 3
курс студенті А.Шмидер бар. Əлемдік жəне
континентальды чемпионаттарға дзо-до бойын-
ша Л.Рахимбердина, коньки тебу спорты
бойынша Е.Сафина, садақ атудан Е.Ли қатысты.
2.5. Имидждік бағыттағы жұмыстар
«Қазақ ұлттық университетіндегі кəсіптік
бағдар» бағдарламасы бойынша да кафедрада
біршама жұмыстар жасалынды. Ең алдымен
кафедрада кəсіптік бағдар бойынша 2010-2011
оқу жылына арналған жұмыс жоспары жаса-
лынды. Желтоқсан айында доцент Л.Мұсалы ка-
федра оқытушыларымен бірге Алматы қаласы,
Бостандық ауданындағы 81 мектептің 11 сынып
оқушыларымен кездесіп, кəсіптік бағдарлау
жұмыстарын жүргізді. Кафедра ұстаздары
қазіргі жағдайда жоғары білім алудың маңыз-
дылығы мен қажеттілігі жөнінде мектеп оқушы-
ларымен өзара ой бөлісті. Бұл орайда Үкімет,
Білім министрлігі тарапынан жасалып жатқан
мүмкіндіктер мен іс-шаралар турасында оқушы-
ларды хабардар етті. Оқушылар кафедра
ұстаздарына өздерін толғандырып жүрген
сұрақтарына толыққанды жауап алды. Сұрақ-
тардың көпшілігі мамандық таңдауға байла-
нысты болды.
Кафедра 2011 жылдың 21 сəуірінде
факультетімізде өткен «Ашық есік» күніне де
кафедра ұстаздары түгел қатынасты. Бұл күнгі
мерекеге орай кафедра факультетке № 156
мектептің оқушыларын шақырды. «Ашық есік»
күнінде кафедра тарихы, ұстаздары жəне
өтілетін пəндер жөнінде бейне-роликтер көрсе-
тілді. Кафедра туралы, кафедраның мамандық-
тары туралы, маман даярлау бағдарламалары
туралы кəсіптік бағдар беретін ақпараттар
ғаламторға, Интернетке, енгізіліп, көпшілікке
ұсынылды.
Кафедраның есеп беріп отырған оқу жы-
лында жасаған жұмыстарының нəтижелері білім
алушылардың біліп сапасының артуына, ұлттық
жəне жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
рухани баюына, адамгершілік жəне кəсіби не-
гізінің заман талаптарына сай қалыптасуына
ықпал етті.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |