Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет93/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
74 
Сондай-ақ 
доценттер 
Қ.Əбдікованың, 
Е.Адаеваның, Е.Кəрібозовтың оқу құралдары 
“Қазақ университеті” баспасына тапсырылды.
Сонымен қатар кафедра мүшелері дəріс оқи-
тын мамандану мен пəн мамандықтары бойын-
ша лекцияларының жəне ОƏК-нің электрондық 
нұсқаларын дайындап, тапсырды. 
2.3. 
Кафедраның 
ғылыми-зерттеу 
жұмысының ұйымдастырылуы 
Аударма ісі жəне əдеби компаративистика 
кафедрасы «Ұлттық идея жəне оның қазақ 
əдебиетінде көркемдік пайымдалуы (ежелгі 
дəуірден бүгінгі күнге дейін), «Аударматану 
мен əдеби компаративистиканың өзекті мəсе-
лелері» деген тақырыпта ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарын жүргізуде. Аталған тақырыптағы 
зерттеу нəтижелері негізінде оқулық, оқу құрал-
дары, практикумдар, бағдарламалар дайындау, 
кандидаттық жəне докторлық диссертациялар 
дайындау көзделген. Алғашқы тақырып мем-
лекеттік бюджет есебінен қаржыландырылса, 
кейінгі тақырып профессор-оқытушылардың 
бастамасы бойыша зерттелуде. Кафедра магис-
транттары, ізденушілері жəне докторант-
тарының диссертациялық зерттеулері кафедра-
ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағы-
тымен сəйкес келеді. 
Есепті оқу жылында түрлі ғылыми басы-
лымдарда кафедра оқытушыларының 100 ден 
аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Жалпы 
көлемі 73 баспа табақтан астам. Мақалалар 
тізімі есептің қосымшасында көрсетіледі. 
2011 жылдың мамыр айының 19 жұлды-
зында кафедраның ұйымдастыруымен дəстүрлі 
«Аударматану 
мен 
əдеби 
компаративис-
тиканың өзекті мəселелері» атты ХІ халық-
аралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 
Конференция материалдары Абай инсти-
тутының шешімімімен баспаға ұсынылып, 
жарық көрді. Кафедраның оқытушылары, 
ізденушілері, магистранттарымен бірге конфе-
ренцияға Қырғыз Республикасының ғалымдары, 
ҚР ЖОО-ның мамандары, жоғары оқу орын-
дарының ұстаздары мен ізденушілері жəне бел-
гілі аудармашылар қатысып, салыстырмалы 
əдебиеттану, көркем аударманың теориясы мен 
тəжірибесі туралы ойларын ортаға салды.
Осы жылдың 14 маусымында Əл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті жанын-
дағы Абай ғылыми-зерттеу институтында 
«Абай жəне қазіргі заман» деген тақырыпта 
ғылыми-теориялық конференция өтті. Конфе-
ренцияда Абайтанудың қазіргі кезеңдегі даму 
бағыттары мен өзекті мəселелері, оларды 
шешудің жолдары талқыланды. 
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 
жыл бойы жоспарлы түрде жүргізілді, олардың 
нəтижелері кафедра мəжілістерінде қаралып 
отырды жəне ғылыми конференцияда сынақтан 
өтті. 2011 жылдың мамырында өткен студент-
тердің ғылыми-практикалық конференциясында 
21 студенттің баяндамасы тыңдалды.
Есеп беріп отырған оқу жылында студенттер 
мен магистранттардың 30-ға жуық мақалалары 
жарық көрді. 
Кафедра Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, 
Өзбекстан, Венгрия жəне т.б. мемлекеттердің ірі 
ғылыми орталықтарымен əріптестік орнатқан. 
Сондай-ақ М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу 
мемлекеттік университетінің лексикография 
жəне аударма теориясы кафедрасымен тығыз 
ынтымақтастықта.
Кафедра оқытушылары 2011-2015 жыл-
дарға арналған «Мəдениетаралық байланыстар 
жəне қазіргі əдеби компаративистиканың өзекті 
мəселелері» атты халықаралық ғылыми-зерттеу 
жобасын дайындауға қатысты. Жоба кафедра 
мүшелері, Қырғыз Республикасы Ш.Айтматов 
атындағы ҰҒА-ның тіл жəне əдебиет институты 
мен ҚХР-дағы Іле педагогикалық институтының 
қазақ тілі мен əдебиеті кафедрасы инициа-
тивасының негізінде əл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу инсти-
тутымен келісіле отырып, Қырғыз Респуб-
ликасы Ш.Айтматов атындағы ҰҒА-ның тіл 
жəне əдебиет институты, ҚазҰУ-мен бекітілген. 
Жоба жетекшілері ҚР ҰҒА академигі А.А.Акма-
талиев (Қырғызстан) пен Халықаралық Жоғары 
мектеп академиясының академигі Ж.Дəдебаев 
(Қазақстан).
2011 жылы жоба аясында ҚР ҰҒА тіл жəне 
əдебиет институтының базасында Халықаралық 
ғылыми конференция өтті. Конференция мате-
риалдары Қырғыз республикасында баспаға 
ұсынылған. Жекелеген зерттеулер «Абай инсти-
тутының Хабаршысында» жарияланған. Кафед-
ра өзінің халықаралық ынтымақтастық қызметін 
кеңейту аясындағы жұмысын одан əрі табысты 
жалғастыруда.
Шетелдердің ғылыми басылымдарында ка-
федра профессорларының 4 ғылыми мақаласы 
жарық көрді.
1)Жаксылыков А. Психологические аспекты 
подготовки к письменному (художественному) 
переводу //Россия-Казахстан. МГУ, - Москва, 
2010. - С.28-34 (Россия). 
2)Ашимханова С. Фольклорноm поэти-
ческий интертекст казахского романа. XL 
Международная филологическая конференция 
14-19 марта 2011г. Санкт-Петербург. 
3) Ашимханова С. Передача образности при 
переводе с казахского на русский язык. ХХ 
Международная научная конференция «Язык и 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет