Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
81
мен қарым-қатынас орнаған. Бұл қарым-қаты-
насты нығайтып, жандандыра түсу үшін шетел
тілін жетік меңгерудің маңызы зор. Осыған
байланысты, қоғам өмірінің саяси-əлеуметтік
жəне экономикалық аясындағы интеграциялық
процесстер мəдениетаралық қарым-қатынаста
əртүрлі ұлт өкілдерінің тепе-тең немесе біріге
отырып өзара əрекет жасауын талап етеді [1,
292]
Мəдениетаралық қарым-қатынасқа түсе
алатын мəдениеті жоғары XXI ғасыр адамын
қалыптастыру міндеті мен білім беру ісін
жақсарту қажеттігі мектеп пен қоғам алдында
маңызды мəселелер қойып отыр. Жалпы білім
беретін мектептерде шетел пəндерінің маз-
мұны
мен мақсаты анықталып, оған қойы-
латын талаптар анықталуда. Шетел тілін оқы-
тудың теориялық негізін жеке тұлғаның іс-
əрекеті,
мəдениетаралық,
когнитивті-ком-
муникативтік көзқарастар құрайды. Шетел
тілін ана тілімен қатар оқыту оқушылардың
сөйлеу қабілетін жəне жалпы дамуын жетіл-
діріп қоймай, оларды өзін қоршаған айнала-
сындағы адамдармен қарым-қатынас мəдение-
тіне де үйретеді [2, 3]. Сондықтан да жаңа
білім парадигмасы
бірінші орынға баланың
білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның
жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат
ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту
оқушыларға дайын, белгілі білімдерді беру
процесіне негізделген болса, жаңаша оқыту
технологиясы оқыту процесін ұйымдастыру,
басқару жəне бақылау болып табылады.
Бүгінде білім
берудің даму бағыты мен
технологияларын қамтитын көптеген педа-
гогикалық технология түрлерін көптеп қол-
данып жүрміз. Атап айтсақ: Д.Б. Эльконин,
В.В.
Давыдовтардың
«Дамыта
оқыту»,
Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» техно-
логиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік
оқыту» технологиясы «Сын тұрғысынан ой-
лауды, оқу жəне жазу арқылы» дамыту техно-
логиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» т.б. Бұл
технологиялардың əрбір стратегиялары оқу-
шының ой-өрісін, сөздік қорын дамытады. Со-
лардың ішінде М.М.Жанпейісованың «Мо-
дульдік оқыту» технологиясының шетел тілін
оқытуда
психологиялық
тұрғыда
оқу-
шылардың ой-өрісін дамытуда тигізетін əсері
өте зор.
Жалпы білім беретін орта мектептерде
шетел тілін үйретуде
модульдік оқыту техно-
логиясын пайдалану психология ғылымымен
тығыз байланысты. Бүгінгі күні кез-келген
пəнді оқытуда əрбір мұғалім психолог-
ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, жаңа оқыту
технологиясын пайдалана отырып білім беруі
үйреншікті нəрсе. Мысалы: Л.С.Выготский,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың,
В.В.Репкиннің теориялары қазіргі күндегі оқу-
танымдық үрдістің танымдық жəне дамы-
тушылық мүмкіндіктерін көрсетуде кеңінен
қолданылып жүр жəне М.Мұқанов, Қ.Жарық-
баевтың еңбектеріндегі жеке тұлғаның жетіліп
дамуына ықпал ететін психологиялық əрекет-
тердің маңызы да айтылып жүр [3, 2-б].
Оқушы əрекетінің даму барысы оның физио-
логиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе
келуін де қажет етеді. Мұғалім оқу-танымдық
үрдістің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ре-
тінде оқушының биологиялық жəне əлеуметтік
дамуын үйлестіріп отыруды басты назарда
ұстайды [4, 94-б]. Адам
баласының танымдық
қызметі оның жасөспірім кезеңінде ересен бел-
сенділікпен өтеді. Оқушы бұл кезеңін мектепте
білім алумен өткізеді. Осы кезеңде мұғалім
кəсіби біліктілігін қолдана отырып, оқушының
танымдық қабілетін мүмкіндігінше дамытуға
тырысуы керек.
Шетел тілін оқушыларға үйрету барысында
психофизиологиялық зерттеудің алатын орны
зор. Мұнда мұғалім тек өз пəнін жетік
меңгерген білікті педагог емес, сонымен қатар
психолог болуына тура келеді. Өйткені əрбір
оқушының өзіне тəн дара ерекшеліктерімен
қатар, жалпыға ортақ қасиеттері де бар екен-
дігін ұмытпағанымыз жөн. Шетел тілін
оқытып үйретуде оқушының тілді оқу мен
үйренуге
деген жағымды мотивтері, қызы-
ғушылығы, тілді оқып үйрену мақсаттары мен
міндеттерін анықтай алуы, оны орындаудың
тиімді тəсілдері мен амалдарын белгілеуі, өз
жұмысының барысын өзі бақылап, тиісті
қорытынды жасай білуінің қалыптасуы сияқты
жалпы психологиялық сипаттарға ие [5, 62-б].
Оқушылардың шетел тілін оқып үйрену əреке-
тінің психологиясының мақсатты түрде қалып-
тасуына, саналы түрде ұйымдасты-рылған іс-
əрекеттің үлкен ықпал ететіндігі жөнінде пе-
дагогтар ескерткен болатын.
Психологиялық тұрғыдан шетел тілін
оқытып үйрету мəселесі
мынадай бір-бірімен
тығыз байланысты үш нəрсеге ерекше назар
аударуды қажет етеді. Олар оқушы қызмет
объектісі, оқытушы іс-əрекет субъектісі, оқыту
үрдісі белгілі қимылдар мен операциялар
жиынтығы ретіндегі іс-əрекеттің өзі.
Шетел тілін модульдік жүйемен оқыту
əдістемесі мəселесін жетістікпен шешу осы
үшеуінің əрқайсысының нақтылы əрекетінің
ең жоғарғы деңгейде айқындалуына байла-
нысты. Алдымен, жан-жақты психофизио-
логиялық зерттеуді қажет ететін оқушылардың
жеке тұлғасы, оның жоғарыда көрсетілген