Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет103/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
объект деңгейінен субъект деңгейіне көтеру 
жолы болып табылады. Дегенмен əрбір 
адамның даралық ерекшелігінен басқа жал-
пыға ортақ қасиеті де болатынын ұмытпаған 
жөн [6, 19-б]. Сондықтан да жалпы оқушыға 
тəн тілді оқып үйрену əрекетінің мынандай 
психологиялық сипаттары: тілді оқуға, үйре-
нуге деген жағымды мотивтері, қызығу-
шылықтары, тілді оқып үйрену мақсаттары 
мен міндеттерін анықтап алуы; оны орындау-
дың тиімді тəсілдері мен амалдарын белгілеуі, 
өз жұмысының барысын өзі бақылап отыруы 
жəне оның нəтижесін бағалап, тиісті қоры-
тындылар жасай білуі тағы басқалары қалып-
тасуы тиіс. Тек осындай сапалы ұйым-
дастырылған іс-əрекет, еңбек негізінде ғана 
оқушылардың шетел тілін оқып үйрену əре-
кетінің психологиясы мақсатты түрде қалып-
тасады жəне де оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Психолог 
Е.В.Жиркованың 
пікірінше, 
шетел тілін оқыту жəне баланың абстрактілі 
ойлау қабілетін дамытуда баланың сурет салу, 
сөйлеу қабілеті, есептеу қабілеті шетел тілімен 
байланысты жоғарылайды [7, 37-б].
Модульдік оқыту технологиясын пай-
далана отырып оқушыларға шетел тілін үйрет-
кенде, олардың жады мен зейін сияқты таным-
дық процестері дамиды. Өйткені модульдік 
оқытуда меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді 
«қапшыққа» салып, есте ұстауға мүмкіндік 
беретін белгілік үлгілерге, сызбаларға сүйене 
отырып, оқу материалын түсіндіреді; адамның 
екі сигналдық жүйесіне сүйенеді, яғни сөйлесу 
бөлімінің əр сабағында оқушы оқу материалын 
оқиды, көреді, тыңдайды, жазады жəне да-
уыстап айтады; сөйлесу бөлімінің барлық 
сабақтарында əртүрлі күрделілік деңгейіндегі 
оқу материалына бірнеше мəрте қайта ора-
лады, оқытудың белсенді формаларын пай-
даланады. Мысалы: ойындар арқылы оқыту, 
пікірталастар, жеке жəне топтық жұмыс 
түрлері тағы басқалар; əрбір оқушының өз ең-
бегінің соңғы нəтижесіне деген қызығу-
шылығының болуы; оқулықтарды, оқу құ-
ралдарын жəне басқа қосымша əдебиеттерді 
пайдалануды талап ететін оқу материалымен 
жұмыс істеуі; əрбір оқушының нəтижеге қол 
жеткізуіне бағытталуы. Сабақ барысында қол 
жеткізген нəтиже оқушының ой-өрісінің одан 
ары қарай дамуына жол ашады.
Оқушылардың ойлау, елестету, қабылдау 
жəне танымдық, шығармашылық қажеттілік-
терін қанағаттандыруы тапсырмаларды сара-
лап беруі арқылы жүзеге асады. Оған дəлел 
сөйлесу бөлімінде оқушыларға берілетін I 
(шығармашылық) деңгей тапсырмалары; оқы-
тудың пікірталастық, ойын формаларын 
пайдалануы; сондай-ақ технологияда іздену-
шілік (зерттеушілік) оқыту элементтерін 
пайдалануы.
Орта мектепте шетел тілін оқытуда əрбір 
тұлғаның ой-өрісін дамыту үшін олардың 
ерекшеліктеріне тоқтала отырып, яғни ұл бала 
мен қыз баланың психикалық ерекшеліктерін 
ескеру қажет. Сабақ жоспарын құру бары-
сында ең алдымен оқушылардың психикалық 
ерекшеліктеріне, қызығушылығына, жас ерек-
шелігіне тағы басқаларына сүйене отырып, 
білім беру маңызды мəселе болып табылады. 
Сонымен қатар шетел тілін оқытудың оқушыға 
тигізер пайдасы да жоқ емес. Шетел тілі сабақ-
тарында ойлау операциялары: салыстыру, 
сараптау, синтез, логикалық ойлау жəне тағы 
басқалар іске асады, баланың танымдық 
қабілеті жоғарылайды, ой-өрісі дамиды. Шетел 
тілін модульдік технология арқылы оқытуда 
оқыту барысы немесе жоғарыда айтылғандар-
дың барлығы психологтардың пікіріне сүйене 
отырып қамтылады. Бұл өз кезегінде оқу-
шыларға білім беруде жоғары нəтижеге жеткі-
зері анық.
ƏДЕБИЕТ
 
1 .Абдуллаева Г.А. Студенттердің лингвомəдени 
біліктілігін қалыптастыруда елтанымдық мəтіндерді 
қолданудың 
маңызы. «Шетел 
тілін 
оқытудағы 
лингвомəдени амал: əдістер жəне технологиялар» атты 
Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның 
материалдары (04-05 ақпан 2010 ж.). Алматы, 2010. - 
480 б. 
2.Ахметова 
Р.Б. 
Шетел 
тілін 
оқытуда 
интерактивтік тəсілдерді қолдану жолдары // Шетел 
тілін оқыту əдістемесі. – 2009. - №6
3.Омарова С.С. Қазақ мектебінің 8-сыныбында 
сөйлем мүшелерін модульдік-интерактивтік техно-
логияға сүйене отырып, тірек сигналдары арқылы 
оқыту. - Алматы, 2005. 
4.Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М, 
1996.
5.Эльконин Д.Б. Психология развития. Учебное 
пособие для студентов высших учебных заведений. М., 
2001. 
6.Буркутбаева Н. Жалпы білім беретін мектепте 
модульдік 
оқыту 
технологиясын 
шетел 
тілі 
сабақтарында қолдану. Магистр. дисс. - Алматы, 2007. 
7.Кəрменбаева Ж.А. Баланы ерте жасынан шетел 
тіліне үйретудің маңызы // Шетел тілін оқыту 
əдістемесі – 2006. - №2. 
* * *
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет