Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
17
Абай мен əлем əдебиетінің арасындағы
байланысты ерекше зерттеген М.Əуезов, оның
мына еңбектері сөзімізге дəлел бола алады:
«Абайдың мəдени-идеялық ізденістері», «Абай-
дың ұлтшылдығы мен реализм », «Орыс
реализм дəстүрі мен революцияға дейінгі қазақ
əдебиеті». Қазақ əдебиетінің классигі Абайдың
шығармашылығын
жан-жақты
талдаған
М.Əуезов былай дейді: «Дана ақын шығар-
машылығы мынадай үш алыптан сусындайды.
Бұның алғашқысы – ежелгі қазақ əдебиеті.
Екінші бұлақ – Шығыс сөз зергерлерінің тап-
тырмас туындылары. Үшінші қазық – бұл орыс
əдебиеті, ал оның арғы жағында көл-көсір
батысеуропалық мəдениет жатыр...». Абай,
əсіресе, орыс əдебиетіне деген ықыласы ерекше
болатын. Орыс досы Михаэлис арқылы Абай
С.С.Гросс,
А.Л.Леонтьев,
Н.И.Долгополов-
тармен танысады. Ақынның орыс достары,
пікірлестері туралы М. О. Əуезов былай деп
айтқан болатын: «Абайға əсер еткен дүниелер
көп... бірақ Абай деген сол əсерлердің
жиынтығы емес, бəрінен қорытылған асылы,
жаңа бітім, тың тұлға». Абай: «Менің көзімді
дүниеге ашқан Михаэлис» - деп оны аузынан
тастамаған. Абай тəлім алған үшінші қайнар көз
– орыс мəдениеті. Орыс мəдениеті арқылы қол
жеткізген батыс елдері мəдениетімен, Абай осы
Михаэлистің ақыл-кеңесі бойынша көркем
əдебиет, сын, философия, табиғат ғалымдары,
əр алуан тарихтық кітаптармен жақын танысты.
Сол кездерден бастап Абай, белгілі абай-
танушылар зерттеулеріне қарағанда, орыстың
атақты ақын жазушыларынан: Пуш-кин, Лер-
монтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов;
сыншыл ойшыл демократ-тардан: Белинский,
Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Европа
ақындарынан: Гете, Байрон; философтардан:
Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер
сияқты жазушыларды оқыған.
Сол кезеңде неміс ақыны Фридрих
Шиллердің есімі зиялы орыс қауымы арасында
үлкен беделге ие болды. Неміс ақыны шығар-
маларын Абай орыс тілінде оқыды. Шиллер
өлеңдерінің ең алғашқы қазақ тіліндегі аударма
нұсқасының аты «Бесіктегі сəби» өлеңі.
Абай өз шығармаларында еуропалық жəне
пушкиндік мектептерден нəр алғанын, оларды
терең түсінгендігін көрсетті. Біздің түсінуі-
мізше, əлем əдебиеті дегеніміз – жоғарғы
сапалы шығармалардың үйлесімі.
Қазақ əдебиеті де аталмыш алтын қордың
бір бөлігі. Өйткені Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар
Əуэзов, Сəкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин
сияқты ұлы ойшылдар мен ақын-жазушыларды
біз тек қазақ ұлдары деп атай алмаймыз.
Ақынға үлкен ықпал еткен, үлгі көрсеткен
замандас ақындар, би-шешендердің орны
айрықша. Əсіресе, бала Абай ұнатқан Бұхар
жырау, Шортанбай, Дулат, Сабырбай, Жанақ,
Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау
жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал Абайдың
ақындық ортасының қалыптасуына əсер еткен.
Ұлттық рухани қазынаны бойына сіңірген
қаламгер, кейін шығыс, батыс үлгілерін еркін
меңгеру арқылы бүкіл халықтық, жалпы адам-
заттық, əлемдік ақын статусына дейін көтерілді.
Абай арқылы да қазақ халқы бүкіл əлемге
танылды. Мұндай ұлдары бар қазақ халқы,
сөзсіз, бақытты халық.
Абай тек əлем əдебиеті, орыс əдебиетінің
құнды шығармаларын оқып қана қойған жоқ, ол
аталмыш шығармаларды қазақ оқырманына да
таныстырды. Абайдың қаламынан туған тəржі-
малар арқылы Европа, орыс ақын-жазушы-
ларының əдеби туындылары қазақша сөйлей
бастады. Абай орыс əдебиетін 1882 жылдан
бастап аударған. Лермонтовтың «Бородино»
атты өлеңі мен «Вадим» атты əңгімесі, Пушкин-
нің «Онегині», Крыловтың мысалдары, «Терек-
тің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге»,
«Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, «Қараң-
ғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал),
«Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдері, Байрон-
ның «Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл»
шығармасы жəне тағы басқалары.
Абайдың 27-ші қара сөзінде кейіпкерлердің
бірі былай дейді, бұл көзқарас арқылы ақын
өзінің де ой-пікірін көрсетпей қоймайды:
«Гомерге
бəйітшілігі
себепті,
Софоклге
трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына
түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңыр-
қаймын». Енді бір өлеңінде адам ғұмырының
қысқалығын сипаттай отырып, барлық адамның
өмірінің шектеулі екендігін айтып, қаламгер
адамның батыл, сабырлы, төзімді, əрі шыдамды
болуы керектігін айтады. Дəл осы ретте, ол
Сократ жəне оның шəкірті Платон есімдерін
келтіреді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең
философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл
жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе өлер
табиғат, адам өлмес», «Көк тұман алдыңдағы
келер заман» т. б.
Қазақ халқының біртуар ақыны Абай
Құнанбаевтың шығармашылығы – үлкен қазы-
на, асыл мұра, теңдесі жоқ дүние. Оның зерек
ойы, тапқырлығы мен білгірлігін тек мұхиттың
тереңдігімен салыстыруға болатын шығар.
Майталман суреткер, тамаша лирик, көркемсөз
шебері, ойшыл ақын. Əсіресе, ақынның Аллаһ
жайлы, имандылық толғаныстары, дін туралы
ойлары – өте тартымды. Ақын шығармашы-
лығында өзі өмір сүрген тарихи дəуірдің тұтас
|