Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
14
ған шындық сырын жете білуінің, оларды
сараптай отырып, көркем туындының мағы-
налық жəне құрылымдық, эстетикалық таби-
ғатын толық игеруінің маңызы жоғары. Соны-
мен қатар түпнұсқа жүйесінде көрініс тапқан
мінез даралығын, образ ерекшелігін, өзге тілде
тікелей де, балама да аудармасы жоқ, ұлттық
сипаттағы тіл құралдарының жүйесін, олардың
түп-нұсқа жəне аударма тіліндегі маңызы мен
мазмұнын, көркемдік қызметін зерттеп, зер-
делеу де аударма сапасын, оның көркемдік
деңгейін арттыратын шарттардың қатарына
жатады. Екінші жағынан, Абай өз дəуірінің
биігінен алға озып шыққан ойшыл ақын. Оның
өлеңдерінде əлеуметтік-этикалық, филосо-
фиялық, эстетикалық, педагогикалық терең
толғамдар мен тұжырымдар, қағидалар белгілі
көзқарас, дүниетаным деңгейінде негізделеді.
Ақынның дүниетанымы, көз-қарасы, ақындық
тұрғысы осы толғамдар, тұжырымдар мен
қағидалар негізінде ашы-лады. Ақын шығар-
маларын түпнұсқа арнасында талдап, таны-
ғанда да, аударма бойынша бағалағанда да бұл
секілді терең толғам-дар мен тұжырымдар,
қағидалар, ұғымдар жүйесі əдебиет мама-
нының, аударма-танушының, аудармашының
еңбегінің басты өзегі ретінде ашылуы аса
маңызды. Абайдың ақындық даналығы мен
даралығын танудың басты жолы да осы
бағыттан табылады. Абай өлеңдерінің орыс
тіліне аударылу жайын байыптай отырып,
ақынның көркемдік əлемінің ұлттық сипа-
тының, ақындық танымы мен көзқара-сының,
шығармашылық тұрғысының аудар-мадағы
табиғатын түпнұс-қамен салыстыра зерттеудің
зəрулігі осында. Бұл орайда зерттеудің қазақ
поэзиясының, Абай өлең-дерінің орыс тіліне
аударылуы, жалпы аударма теориясы жəне
абайтану ғылымы саласындағы ғылыми
ойларды толықтырып, байытатынын да атап
өткен артық емес. Сонымен қатар Абай өлең-
дерінің, жалпы Абай шығармашылығының
өзге ұлт тілдеріне аударылуы, Абайды өзге
ұлттардың мəдениеті, əдебиеті жүйесінде тану
мен бағалау жайын байыптаудың, анықтаудың
мəдени-əлеуметтік қажеттігі де ешқандай
күмəн туғызбайды.
Абай шығармаларының орыс тіліне ауда-
рылуы мəселесі С.Құспановтың диссер-
тациясында қарастырылды. Ғалым Абай
шығармаларының орыс тіліне 1960 жылға
дейінгі аудармалары негізінде еңбектеніп,
ақын шығармаларының аудармаларына тəн
басты жетістіктер мен оқылықтарды кең тал-
дап көрсетті [1;2]. Автор ақын шығармаларын
аударудағы бұрмалаушылықты, орынсыз ой
қосып, өзгерту жайын өз тара-пынан мысқыл
араластыра отырып сынады. Бұл еңбек өз
кезінде белгілі əлеуметтік қызмет атқарғаны
анық. С.Құспановтың бүл диссертациялық
еңбегі жазылғалы да көп уақыт өтті. Одан
беріде Абай шығармаларының орыс тілінде
бірнеше басылымдары жарияланды, көптеген
шығармалары қайтадан аударылды, бұрынғы
аудармашылардың қатарына жаңа аудар-
машылар өздерінің шығармашылық талап-
тарымен келіп қосылды, заман, қоғам өзгерді.
Оның үстіне көркем аударма теориясы туралы
жаңа теориялық ойлар мен тұжырымдар жа-
салды, көркем аударманы талдау мен баға-
лаудың жаңа өлшемдері қалыптасты. Абайдың
лирикасы туралы жазылған, Абай лири-
касының орыс тіліндегі аудармалары негізінде
жазылған, келесі диссертациялық зерттеу
Г.Қамбарбаеваның «Абайдың лирикасы» атты
еңбегі [3]. 1974 жылы орын-далған бұл еңбекте
Абайдың лирикасы əдеби түрғыда талданған.
Абай шығармашы-лығының орыс тілінде
танылуы тұрғысынан алып қарағанда, бұл
еңбектің де ғылыми жəне практикалық маңызы
жогары. Бірақ бұл еңбекте Абай шығар-
маларының орыс тіліне аударылуының мəсе-
лелері арнайы қарастырылмайды.
М.С.Сильченконың «Абайдың творчес-
тволық өмірбаяны» [4] еңбегінде Абай
шығармаларының орыс тіліне аударылу мə-
селесі қарастырылмайды, бірақ ғалым ақын
шығармаларының қазақ тіліндегі үлгісі мен
өзінің жолма-жол аудармасын көп ретте қатар
беріп отырады, өзінің ойларын да осы жолма-
жол аудармаға лайықты түйіндейді. З.Ахметов,
Н.Сағындықова, Қ.Нұрмаханов жəне басқа
ғалымдардың еңбектерінде Абай шығарма-
ларының орыс тіліне аударылу жайы түрлі
деңгейде қарастырылды. Бүл орайда шетел
əдебиетшілерінің,
ғалымдарының
көркем
аударманың мəселелері туралы айтқан ойлары
мен байқаулары, зерттеулері де маңызды.
Оларда көркем аударманың теориясы мен
практикасы,
аударма
жасау
процесінің
сатылары аудармашы шеберлігі жəне көркем
аударманы талдау, таразылау мен бағалау
əдістері саласында бай да бағалы байымдаулар
мен қорытындылар жасалды. «Аударма
шеберлігі» деген атпен жарық көрген көп том-
дықтың да аударма тарихы мен теориясын
байытудағы маңызы жоғары. Осы қатарда
қазақ əдебиеттанушыларының, аударматану-
шыларының еңбектері де үлкен танымдық
қызмет атқарады.
Бүгінде Абайдың лирикалық өлеңдері-нің
орыс тіліндегі аудармасында ақынның адам
мен заман бейнесін жасаудағы шеберлігінің,
шығармашылық даралығы мен көркемдік-
|