Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
43
ғасыры атанған Таң дəуірі ақын-дарының
жырларын қазақ тіліне көркем поэзия тілімен
аударып шыққан Бөкейхан Бекейұлының да
қазақ аудармашылығына қосқан үлесі зор.
Белгілі ақын Қазымбек Арабин (1945-
1998) студент кезінен-ақ көне жəне қазіргі
қытай тілін жете меңгеріп, Ли Байдың «Түнгі
ой», Ду Фудың «Ұлы тауға көз жібергенде»,
«Күз желінің қамыс күркені əкетуі туралы
жыр», Бай Жүйидің «Көмір сатушы шал»,
«Пипа дастан», «Дала Шөбі», Лию Иүйшидің
«Күз желінің суылы алғаш естілгенде», «Қара
нөпір масалар» сынды шығармаларын қазақ
тіліне аударды.
Қазір Пекинде тұратын ақын Балапан
Рабатов та аударма саласына өзіндік үлес
қосуда. «Толғаныстар», «Күндік көтерген əйел»,
«Тыртық», «Іле елестері», «Қаруластар», «Он
сегізде құлпырған дала гүлі», «Тəңірмен бірге
тентіреу» сынды бірнеше көркем əңгімелерді
қытай тілінен қазақ тіліне аударды. Əйгілі əйел
жазушы Чылидың «Өмір өрнектері» повесін,
«Зілзəлə» мемуарлық кітабының өлеңдерін,
Хайзы, Гу Чың, Шу Тиң қатарлы осы заман
ханзу ақындарының өкілдік жырларын қазақ ті-
ліне аударуда Балапан Рабатов талантты аудар-
машы екендігін танытты.
Іле қазақ автономиялық облысының
орталығы
Құлжа
қаласында
жарық
көретін «Іле
кеші» газетінің редакторы, ақын Нұр-болат
Əбдіқадырдың аудармалары да Қытай қазақ-
тарына етене таныс. Оның өлеңдері ханзу тіліне
аударылып, Қытай оқырмандарының алқауына
бөленгені өз алдына. Ал аудармашылығы жайы-
на келсек, өз саласына орай көркемдік құны
жоғары көптеген қытай тіліндегі мақалаларды
қазақ оқырмандарына өз тілінде таныстырып
келеді. Сондай-ақ, Қытай ақыны Ян Анның
қазақ өміріне етене жақын бір топ шалқымасын
жəне Қытайдың осы заманғы көрнекті əйел
ақыны Сай Личуанның əйгілі шалқыма өлеңдері
«Ауыл махаббатынан таңдамалылардың» бір
бөлімін аударған.
Жалпы, қазақ пен қытай арасындағы
əдеби байланысты негізінен аудармалар арқылы
Қытайдағы қандастарымыз жүзеге асыруда.
Қытайдағы қолына қалам ұстаған қазақтардың
Қытай əдебиетінен аударма жасамағандары
кемде - кем. Біз тек жоғарыда солардың бір шо-
ғырын ғана атап өттік. Қазақ əдебиеті үшін,
əдебиеттануы үшін аса маңызды осы аудар-
маларды енді төте жазудан кириллицаға көші-
ріп, Қазақстандағы қалың оқырманға тарту ету-
кезек күттірмейтін іс. Ол аудармалардың ерек-
шелігі түпнұсқадан аударылғанында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |