Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет58/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
46 
бірліктің толық мазмұны шығады. Осы 
бірліктерді үйлестіріп, барынша түпнұсқаға сəй-
кестендіріп қолдану аудармашының шебер-
лігіне байланысты. Аудармада ақынның «қырт» 
(болтун, пустослов) туралы сыншыл ойы 
аудармада «мінсіз, сөзге жүйрік кісі» болып 
шыққан. Түпнұсқаның мазмұнын, ақынның 
тілін, өлең жүйесіндегі ұлттық сөйлеу ерекше-
ліктерін жете білмеу аудармашы тарапынан 
осындай үлкен кемшіліктерге жол берген. 
Ю.Кузнецовтың тəржімасына назар ауда-
райық: «А 
твои 
пустозвоны 
гремят 
языком»[5,46].Ю.Кузнецовтың аудармасы басқа 
аудармашылардың нұсқасымен салыстырғанда 
түпнұсқаға жақын келеді, бірақ онда да нақ-
тылық 
пен 
айқындық, 
өлеңнің 
ұлттық 
ерекшеліктерін 
ашатындай 
үлкен 
ізденіс 
байқалмайды. А.Кодар бұл тармақты былай 
аударады: «погрязший в пустом суесловий 
сброд» [5,45]. А.Кодардың аудармасында 
мазмұндық нақтылық, бар. Бірақ ол да түпнұсқа 
мəтініндегі фразеологиялық бірліктің аударма 
тіліндегі фразеологиялық толық немесе сəйкес 
баламасын таба алмаған. Осы тармақты 
М.Əдібаев та аударған: «несете вздор, косите 
всех подряд» [5,48]. Аударманың жалпы маз-
мұны түпнұсқаға біршама сəйкес келетіндей 
көрінеді. Ал нақты алып қарағанда, аудар-
машының қайсыбір ойларды оңтайлы жеткізе 
алмағаны рас. 
Ағылшын тіліне өлеңді Р.МакКейн 
тəржімалаған. Түпнұсқадағы «ауызбен орақ 
орған өңкей қыртың» деген тармақты «аnd you 
rattle your tongue with idle talk» деп тəржі-
малаған. Тармақты орыс тіліне сөзбе-сөз кері 
аударғанда мынадай мағына туындайды: «и ты 
трещешь своим языком пустословя». Түпнұс-
қадағы мағынада аудармада сақталған. Деген-
мен ағылшын тілінде түпнұсқадағы фразео-
логизнің мағынасын жеткізетін фразеологизм 
жоқ емес. Мəселен «Creat cry and little wool» көп 
сөйлеп аз іс тындыратын адамның образын 
суреттейді. 
Абайдың жоғарыда аталған өлеңінен «Бір 
ұрты май, бір ұрты қан» деген фразеологизмді 
көруге болады. Осы фразеологизмді С.Липкин 
мынадай үлгіде аударады: «Зло - на левой щеке, 
на правой - добро» [5,47]. Ақынның екі ұрттың 
«бірі - қан, бірі - май» болуы туралы ойын 
аудармашы «оң бетінде - жақсылық, сол бетінде 
- жамандық» дегендей оймен жеткізген. Оң 
жəне сол ұғымдары түпнұсқаның мазмұнына 
өрескел нұқсан келтіріп тұрған жоқ, дегенмен 
бұл жерде аудармашының ойының ұтқырлығы, 
көркемдік ойлау шеберлігі де көрініс таба 
алмаған. Ю.Кузнецов берілген жолды былай 
аударады: « Где добро и где зло, ум ли твой 
разберет?» [5,46]. Түпнұсқада ой сұраулы 
сөйлеммен 
берілмеген. 
Аудармашының 
фразеологизмді фразеологизммен емес, сұраулы 
сөйлеммен аударуы түпнұсқаның мағынасының 
бұрмалануына алып келген. Түпнұсқаның 
мазмұнын мүмкіндігінше дəл жеткізген аударма 
қатарына бұны да қосуға болмайды. А.Кодар 
бұл тармақты мынадай үлгіде аударады: «В 
крови и обжорстве не день и не год» [5,45]. 
Түпнұсқадағы ойлар бұл жерде де үлкен 
өзгерістерге түскен. Аудармадағы «в обжорстве 
не день и не год» деген тіркес мүлде орынсыз. 
Ақын ешқандай мезгілдік мағынасы бар ой 
қозғамаған: күн туралы да, жыл туралы да ұғым 
жоқ. Түпнүсқада жоқ ұғымды, жоқ түсінікті, 
жоқ ойды аудармаға алып келу, автордың 
ақындық өнеріне, даралығына көлеңке түсірген. 
М.Сильченконың жолма-жол аудармасында бұл 
тармақ былай берілген: «На одной щеке у тебя 
кровь, на другой масло» [9,63]. Аудармашы 
тармақтың мағынасын жеткізе алғанмен, ол 
мағынаны түпнұсқадағыдай əсерлі, түпнұс-
қадағыдай суретті, терең мағыналы деңгейде 
аша алмаған.
Түпнұсқадағы «бірі қан, бірі май боп енді 
екі ұртың» деген тармақты Р.МакКейн былай 
аударады: Now you have blood on one cheek and 
grease on the other [4, 242]. Тармақты орыс тіліне 
сөзбе - сөз кері аударғанда, мынадай мағына 
белгілі болады: «и сейчас у тебя кровь на одной 
щеке, а жир на другой». Ричард МакКейннің 
аудармасы сатылы түрде М.Сильченконың 
аудармасы негізінде жасалған: тармақ сөзбе-сөз 
М.Сильченконың аудармасымен сəйкес келеді.
Біз бұл мақаламызда Абай өлеңдеріндегі 
фразеологизмдердің аудармаларына тоқталып 
өттік. Аудармашылар ақынның авторлық 
фразеологизмінің орыс, ағылшын тілдеріндегі 
сəйкес баламасын таба алмаған. Д.Бродский мен 
Ю. Кузнецов бұл фразеологизмдерді сөзбе-сөз 
аударған. Ə.Кодар болса қарапайым сөздермен, 
оқырманға түсінікті тілмен сипаттап тəржі-
малаған. Талдау көрсетіп отырғандай, Абай 
өлеңдеріндегі фразеологизмдердің орыс, ағыл-
шын тілдеріндегі аудармаларын сəтті шықты 
деп айта алмаймыз. Аудармашылар жан-жақты 
ізденіп, тереңірек еңбектенсе, Абайдың фразео-
логизмінің орыс жəне ағылшын тілдеріндегі 
лайықты баламасын табуға болады деп ой-
лаймыз.

ƏДЕБИЕТ
1. 
А.Кунанбаев. Избранное /Пер с каз и 
комментарии А.Кодара. – Алматы: Ана тілі, 1996.
2. 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының 
екі томдық толық жинағы. – І том. – Алматы, 2002. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет