Оқыту теориясы сонымен қатар оқытудың жаңа тəсілдерін жасауға жəне
қолданыстағы əдістерді жетілдіруге көмектеседі. Бұл білім беру жүйелерінің
дамуына ықпал етеді жəне мұғалімдерге оқушыларында максималды нəтижеге
қалай жетуге болатындығын жақсы түсінуге көмектеседі.
} Выготский
оқыту мен дамытудың қатынасы мəселесінде басты рөл
оқыту деп анықтады. Л.С.Выготский енгізген «жақын даму зонасы» осы
теориялық жағдайды түсіндіреді : оқушы оқытушының көмегімен оқып,
ол бұған дейін жасай алмағандарына үйренеді, яғни
психологиялық даму
оқытудың көмегімен бір қадамға алға жылжиды. Оқытушының көмегін
адекватты қабылдау қабілеті
оқушының оқуға потенциалды
мүмкіндігінің көрсеткіші болады.
Бұл сұрақты шешуде əртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту
дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффка), алайда, оқыту
табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сəйкес, оқыту – бұл тек
қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму мүмкіндік туғызады – оқыту оны жүзеге
асырады», немесе басқа сөзбен айтқанда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр» . Ж.
Пиажеге сəйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықтан
өтеді,
ол баланың оқытылуы, оқытылмауынан тəуелсіз».
Психологияда Л.С. Выготскийдің тұжырымдаған жəне зерттеушілердің көпшілігі
құптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сəйкес, оқыту мен тəрбиелеу баланың
психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын
салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың
соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары
қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Бұл ереже тек қана отандық
психологияда ғана үлкен
бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж.
Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей,
«...
ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық
дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды. Оқыту осы дамытудың
жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты жəне əлбетте жүзеге асырылатын
мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады».
Л.С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас, жəне де оқыту дамытуды
озып өтіп, оны стимулдайды, жəне дəл сол уақытта
оның өзі актуалды дамуға
сүйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс. Бұл
ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып отыр:
тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не,
дамудың əлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-
келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын жəне өзінің негізгі
мақсаты – оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы
сəттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.
Оқыту мен дамудың арақатынасы білім беру
мен психологияның маңызды
аспектісі болып табылады. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ
олардың екпіндері мен мақсаттары əртүрлі:
•
Оқыту:
Оқыту - бұл бір адамнан (оқытушыдан) екіншісіне (оқушыға) ақпарат, білім
мен дағдыларды беру процесі.
Оқытудың негізгі мақсаты- б елгілі бір пəндік салада белгілі бір білім немесе
дағдыларды игеру.
Оқыту көбінесе бағалау немесе сертификаттар сияқты нақты мақсаттар мен
нəтижелерге қол жеткізумен байланысты.
Прогресті бағалау жəне бақылау процестері көбінесе мақсаттарға қаншалықты
сəтті қол жеткізілгенін өлшеу үшін оқумен бірге жүреді.
•
Даму:
Даму - бұл адамның жеке басы мен дағдыларының өсуі мен өзгеруіне
байланысты жалпы жəне ұзақ мерзімді процесс.
Дамудың негізгі мақсаты - адамның қабілеттерін, құзыреттері мен əлеуетін
кеңейту жəне жетілдіру.
Даму əрқашан нақты мақсаттарға немесе бағалауға бағытталмайды; ол
көбінесе
жеке дамуды, əлеуметтік дамуды, сыни ойлауды дамытуды жəне
басқа аспектілерді қамтиды.
Даму өмір бойы болуы мүмкін жəне əрқашан ресми білім беру процестеріне
тəуелді емес.
Достарыңызбен бөлісу: