Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік


Лагенидті саңырауқұлақтар



бет7/13
Дата11.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#127517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Лагенидті саңырауқұлақтар (қат.Lageniales, кл.Oоmycetes) – вегетативті денесі бірклеткалы талломмен, ал эволюциялық жақсы дамығандарда – жақсы дамыған мицелиймен, жетілген кезде қатпарлары болады. Түрлердің көбінің жыныс үрдісі – оогамия. Түзілген зигота уақыт өте келе тыныштықтағы спораға айналады. Жыныссыз көбею жіпшелі зооспоралар арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар тұщы, сирек теңіздің суында және одан да кем топырақта тіршілік етеді. Моллюскілерді, сарымаса дернәсілдерін, шаяндарды, теңіз саңырауқұлақтарын, балдырларды, жабайы өсімдіктердің тамырларын зақымдайтын паразиттер. Сапротрофтар аз. Бір түрлер өте сирек, басқалары кең таралған. Кең таралған түрлер – ольпидиопсис (Olpidiopsis), лагена (Lagena), лагенидиум (Lagenidium) және т.б.

Әлемде 75 түр анықталған. Қазақстанда зерттелмеген.



Латициферлер (лат.latex – сөл) – жоғары саңырауқұлақтардың сөлі бар гифалары.

Лектотип – негізгі материалдан, түрлі себептерден,алғашқы автормен емес, оның ізбасарларымен номенклатуралық түр ретінде алынған экземпляр.

Лептомитті саңырауқұлақтар (қат Leptomitales, кл.Oomycetes) – мицелийі жұқа, бұтақтанған, ондағы қатпарлар жалған. Жыныссыз көбеюі екі жіпшелі зооспоралар арқылы, олар тыныштық уақытынсыз цистаға айналады. Жыныс үрдісі – оогамия. Сулы сапротрофтар. Тән тұқымдас – лептомитус (Leptomites).

Әлемде 20 түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.



Лептоформа – тат саңырауқұлақтарында даму циклінің қысқаруы. Тек телиоспора түзу (III) мен сирек спермогониялар болады (0,III). Телиоспоралар тыныштық уақытынсыз өседі.

Лигнотрофтар, лигнофилдер (гр.lignum – ағаш, trophe – қорек, қоректену, philus – сүю) – орманда тіршілік ететін, саңырауқұлақтар, тірі және өлі ағаштарда, ағаш қалдықтарында, түсімде мекен етеді.

Лизис (гр.lysis – ыдырау, еру) – ағза ұлпаларының, сондай-ақ микроағзалардың ферменттер мен басқа заттар әсерінен ыдырау, еру үрдісі.

Лизосомалар (гр.soma – дене) – цитоплазмада орналасқан субмикроскопиялық бөлшектер, құрамында гидролиттік ферменттер болады, олар арқылы ақуыз, нуклеин қышқылдары мен липидтердің қорытылу үрдістеріне қатысады.

Липидті тамшылар, кіріспелер – клеткалардың қор заттары, суда етімейтін полярсыз органикалық қоспалар класына жатады. Бұларға майлар, стероидтар, каротиноидтар, фосфолипидтер жатады.

Липохондриялар (гр.lypos – май) – клетканың майы бар ультрақұрылымды элементтері, Гольджи аппараты үшін негіз материал болып саналады. Қазіргі кезде термин қолданыстан шыққан (липидті тамшылар).

Лицеальді миксомицеттер (қат.Liceales, Myxomycota бөлімі) – плазмодий қызғылт-маржан, сұр-сары, күңгір қызыл түсті. Спора-қорлары шар тәрізді, зеілген, табанда, негізінде отырыңқы, сарғыш-қоңыр, күңгірт. Бүйір қабырғалары – тесікті пластинка немесе талшықты. Капициллий жоқ. Споралары тегіс, ұсақтікенекті, жасыл-сары, күлгін немесе түссіз. Шіріген ағаш қалдықтарында, бұтақтарда кездеседі. Кең тараған тұқымдастар – крибрария (Cribraria), ликогала (Licogala), лицея (Licea).

Әлемде 30түр белгілі. Қазақстанда 19 түр анықталған.



Лишай стригущий – адам мен жануарлар дерматомикозы. Трихофитон (Trichophyton), микроспорум (Microsporum) саңырауқұлақтарымен қоздырылады. Қоздырғыштар (Hyphomycetales) қатарына жатады. Саңырауқұлақ ауылшаруашылық жануарлардың терісін, шашын, жүнін зақымдайды, бұған, сонымен қатар адам да шалдығады. Споралары бұрышты, домалақ, қалың қабықты, диам. 10 мкм-ге дейін. Домалақ алейроспоралар және ұршық тәрізді, түйреуіш тәрізді, көлденең қатпарлы, тегіс қабықты макроконидиялары бар. Қоздырғыш-саңырауқұлақты дұрыс анықтауда таза мәдениетті алу үшін патологиялық материалды жасанды қорктік ортаға отырғызады (Сабуро ортасы, сусло-агар, глюкозалы агар, т.б.).

Локула (лат.loculos – ұя, камера) – асколокулярлы саңырауқұлақтар стромасы ішіндегі қуыс, строма ұлпасының ыдырап, аскогенді гифалар және қалталармен сыртқа шығарылуы нәтижесінде пайда болады.

Локулоаскомицеттер, асколокуломицеттер (кл.тарм. Loculoasco-mycetidae, кл. Ascomycetes) – қалталы саңырауқұлақтардың жүйелі тобы, қалталардың екі қабаттылығымен, олардың нағыз перитецийлерде емес, аскостромаларда дамуымен сипатталады. Бес қатарлар ішінде таралады: Myrangiales, Hysteriales, Dothideales, Capnodiales, Dothiorales.

Әлкмде 2000 түр белгілі. Қазақстанда 330 түр анықталған.



Локус – ішінде конидиялар дамитын, конидиогенді клетканың бөлігі.

Ломасома – субмикроскопиялық құрылым, периплазмалық кеңістік жақта ішінде көптеген түтіктер мен көпіршіктер болатын плазмалемманың инвагинациялары түріннде келеді.

Люцефраза – кейбір саңырауқұлақтарда (зең, базидийлі), бактерияларда және басқа ағзаларда болатын фермент. Олардың сәулеленуін (биолюменисценция) қалыптасады.

М

Макролепиота, қолшатыр саңырауқұлағы (т.Macrolepiota, қат.Agaricales) – қалпағының диаметрі 25см-ге дейін ірі саңырауқұлақ. Қалпағы қолшатыр тәрізді, ортасында дөңес, қабыршақты, басында ақ, кейін сұр. Табаны орталық, цилиндрлік, кең қозғалмалы сақинасымен. Жеуге жарамды. Ормандарда, бақшаларда, далаларда, жайылымдарда өседі.

Әлемде 10 түр белгілі. Қазақстанда 6 түр анықталған.



Макромицеттер, макрофиттер (гр.macros – үлкен,myces – саңырауқұ-лақ) – ірі жеміс денелі саңырауқұлақтар, кейде диаметрі бірнеше ондаған сантиметр және салмағы бірнеше килограммға дейін жатаді. Алайда вегетативті дененің бөлігі – мицелийдің мөлшері микроскопиялық.

Макроциста – көпядролы, қалың қабықшалы, тыныштықтағы клетка, плазмодийдің қолайсыз жағдайларды өткеру үшін қызмет атқарады.

Майлы саңырауқұлақ (Suillus luteus, қат.Agaricales) – анық табаны мен қалпағы бар саңырауқұлақ. Қалпағы кілегейлі-майлы, жабысқақ, сирек қабыршақты, сарғыш-қоңыр. Гименофор түтікті, сары-жасыл немесе қоңыр-сары. Табаны центральді, тығыз, ақшылт, сарғыш-қоңыр. Жеуге жарамды, жағымды иісі мен дәмі бар. Жалпақ жапырақты, аралас, қылқанды ормандарда, жол жиегінде өседі.

Әлемде 50 түр белгілі. Қазақстанда 10 түр кездеседі, негізінен елдің солтүстігі пен шығысында.



Мацерация (лат.materatio – бұзылу) – патоген, шірік әсерінен клеткааралық зат ұлпасының жұмсаруы мен ыдырауы.

Медвяная роса – қалталы саңырауқұлақ спорыньяның (Claviceps purpurea) конидийлі сатысының (Sphacelia segetum) дамуы кезінде жәндіктерді шақыру үшін бөлетін тәтті сөлі.

Мезоперидий (гр.mesos – аралық) – гастеромицеттер денесінің перидиінің аралық қабаты.

Мейоз (гр.meiosis – кішірею, редукция) – ядроның редукциялық бөлінуі. Мұнда хромосомдар саны екі есе азаяды, клеткалар диплоидты кезеңнен гаплоидтыға өтеді. Пісіп жетілу кезіндегі дамып келе жатқан жыныс клеткаларына тән. Мейоздың ұзақтылығы түрліше – бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін.

Мейоспора – хромосомалардың гаплоидты жинағы бар зооспора. Хитридийлі саңырауқұлақтарда мейоз кезінде диплоидты спорангийде пайда болады.

Мейоспорангий – ішінде мейоспоралар дамитын спорангий.

Меланиндер – қара-қоңыр, тіпті қара түсті пигменттер; саңырауқұлақтардың гифаларында, жеміс денелерінде, конидияларында, спораларында кездеседі, оларға күңгірт түс береді. Олар жарық әсерінен қорғаныш қызметін атқарады, дене температурасын реттейді.

Меланкониальді, меланконийлі саңырауқұлақтар (қат.Melan-coniales, кл. Deuteromycetes) – жалпақ спора түзу – ложе тән саңырауқұлақтар. Кейбір түрлерде түрі мен пішіні алуан түрлі, ложенің шеті бойымен, не тек ортасында орналасатын кірпікшелері болады. Конидиялары бір немесе көпклеткалы, түссіз немесе боялған, домалақ, жіпшелі, цилиндрлік және т.б. Негізінен паразиттік тіршілік етеді, сирек сапротрофтар. Олардың көп түрі мәдени және жабайы өсімдіктердің жапырақтарының дақтануын (антракноздар) туғызады.

Әлемде 100 түр белгілі. Қазақстанда 140 түр анықталған.



Мелиольді саңырауқұлақтар (қат.Capnodiales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі клейстотеций шар тәрізді, қара, кірпікшелермен қапталған, субстраттың үстінде, гифалардың борпылдақ байланысында орналасады. Споралар 2-4 санды, 3-5 көлденең қатпары бар, күңгірт боялған. Облигатты паразитткр. Тропиктерде кеңінен таралған, бірақ қоңыржай белдеуде де кездеседі. Тән тұқымдастар – мелиола (Meliola), амазония (Amazonia) және т.б.

Әлемде 2000 түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.



Мериотеций – аскокулярлы саңырауқұлақтардың (Loculoascomycetidae кл.тарм.) тәртіпсіз таралған локулалары бар, жастық тәрізді жеміс денесі.

Мероспорангий – жыныссыз көбею мүшесі, созыңқы цилиндр пішінді спорангий, спорангий тасымалдаушының ісіңкі басынан дамиды Мукорлыларда кездеседі.

Мероспорангиоспоралар – бір клеткалы, түрлі пішінді споралар, мероспорангияларда тізбектерде дамиды. Тыныштық уақытынсыз мицелийге енетін түтік болып өседі.

Мета- (гр.meta – кейін, арасында) – күрделі сөз бөлшегі, бір жағдайдан екіншіге өтуді білдіреді.

Метаплазия (гр.metaplasis – жаңадан түзілу) – бір түрлі клеткалар немесе ұлпалардың басқаларға өзгеруі; клеткаларда жаңа құрамдастың пайда болуы, мысалы, орталықта хлорофиллдің түзілуі; талшықты қосушы ұлпаның шеміршек, сүйек, май ұлпасына айналуы.

Метаболизм (гр.metabole - өзгеру) – зат пен энергия алмасуы. Тірі ағзаның негізгі ерекшелігі.

Метафаза (гр.fasis – пайда болу) – профазадан кейінгі клетка мен ядроның бөлінуінің екінші сатысы, мұнда хромосомалар бір жазықтыққа таралып, өзіне тән пішініне ие болады.

Метула – конидиятасымалдаушының басында орналасатын ұзын фиалидті конидиогенді клеткалардан тұратын күрделі құрылым. Олардың әрқайсысында фиалидтердің бір шоғыры, не мутовкасы орналасады. Пеницилл (Penicillium) тұқымдасы саңырауқұлақтарында кездеседі.

Мико- (гр.myces – саңырауқұлақ) – саңырауқұлақтарға қатыс бар күрделі сөздердің бөлшегі.

Микобактериялар (гр.bacterion – таяқша) – таяқша пішінді микроағзалар, ұз. 1-10 кмк, сирек бұтақтанады, кейде қисайған, өзінде бактериялар мен саңырауқұлақтардың қасиетін жинаған: қозғалмайтын клеткалар бактериялар сияқты бөліну арқылы және саңырауқұлақтар сияқты бүршіктену арқылы көбейеді. Олардың көбі сапротрофтар, органикалық заттардың минерализациясын қатысады, алайда птогенді формалар да бар, мысалы туберкулездің, саптың проказаның, дифтериянің қоздырғыштары. Топырақта, ауада, суда, қоректік, жемдік өнімдерде және басқа да табиғи субстраттарда кеңінен таралған. Бір түр – микобактериум (Mycobacterium) белгілі.

Микобионт – қына қабатындағы саңырауқұлақтық симбионт

Микобиота – белгілі бір територияны мекен ететін немесе кез-келген ортада (топырақта, ауада, суда) тіршілік ететін саңырауқұлақтардың тарихи қалыптасқан популяциясы.

Микогенді сенсибилизация (лат.sensus – сезім) – саңырауқұлақтарға және олардың тіршілік әрекеті өнімдеріне ерекше сезімталдық және аллергия.

Микогоноз, ақ шірік – шампиньондар мен вешенканың ең кең таралған және ең қауіпті ауруы. Қоздырғышы – микогон саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ әрекетінен шампиньоннің жеміс денесі өзгеріп, ақ үлпілдек мицелиймен қапталған пішінсіз массаға өседі. Кейбір экземплярлардың табандары қатты ісініп, қалпақтары дамымай, кішкентай болып қалады. Кейін, жеміс денесінен қоңыр тамшылар бөлініп, жұмсарады, еті күңгірттеніп, жағымсыз иіс жығарып ыдырайды. Аурудың таралуына нашар вентиляция, жоғары температура мен басқа да қолайсыз факторлар жағдай жасайды. Күресу шаралары: ауру жеміс денелерін дереу жинау және жою (өрттеу), орындарын жаңа топырақпен толтыру, субстратты дезинфекциялау. Микогоноз, сондай-ақ ормандарда, жабайы қалпақты сңырауқұлақтарда да кездеседі.

Микодерма (гр.derma – тері) – 1) сұйықтықтың бетінде түрлі саңырауқұлақтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде қалыптастын қабықша; 2) саңырауқұлақтардың өсуімен себептелген, терідегі қотыр мен экзема тәріздес ауырсынатын түзілімдер.

Микодермит – саңырауқұлақтардың кейбір түрлерімен қоздырылатын тері ауруы. (дерматомикоздар)

Микоза – қанттарға жақын көмірсу. Саңырауқұлақтарда, негізінен базидийлілерде бар.

Микозин – саңырауқұлқтардың қабырғаларында табылған зат, химиялық құрамы бойынша хитинге жақын.

Микоздар – қоздырғыштары саңырауұлақтар болып табылатын адам мен жануарлар терісінің аурулары. Теріні, шаш жамылғысын, сондай-ақ ішкі мүшелерді зақымдайды. Зақымдалған мүшеге сәйкес дерт дерматомикоз, трахеомикоз, бронхомикоз, т.б. аталады. Басқа жағдайларда «микоз» атауына патогеннің атауы қосылады, мысалы, кандидомикоз, балстомикоз, ал кейде жай ғана аспергиллез және т.б. Микоздың қоздырғыштары әртүрлі жүйелі топтарға жатады: гифальді (қат. Hyphomycetales), мукорлы (Mucorales), мофторлы (Entomophtorales), ашытқы тәрізділер (Endomycetales) және т.б. Микоздар клиникалық және патологоанатомдық анықталады. Анық диагноз қою үшін материалдың жасанды қоректік орталарға отырғызу жүргізіледі.

Микологиялық гербарий – кептірілген макро- және микромицеттердің өңделген және микологияда қабылданған стандарттар бойынша іс-қағаздық бекітілген коллекциясы. Қазақстанда 50жыл бойы жиналған және ішінде 80 000-нан астам үлгі бар гербарий бар.

Микология (гр.logos – ғылым) – саңырауқұлақтарды, олардың анатомиясын, физиологиясын, биохимиясын, систематикасын, географиясын, филогениясын зерттейтін ғылым. Одан бөлініп, жеке ғылымдар ретінде медициналық, техникалық, ауылшаруашылық, ветеринарлы фитопатология қалыптасты:

1.Ветеринарлы микология – жануарлар мен құстардың ауруларын туғызатын саңырауқұлақтарды, олардың биологиясын, емдеу тәсілдерін зерттейді.

2.Медициналық микология – тек адам ауруларының қоздырғыштарын ғана емес, сонымен қатар, көптеген ауруларды саңырауқұлақтары метаболизмінің өнімдерімен емдеу тәсілдерін зерттейді Оның терең тамырлары бар, өйткені ертеде адамдар саңырауқұлақтардың емдік қасиеттерін білген.

3.Ауылшаруашылық микология – кәдімгі ауылшаруашылық мәдениеттер сияқты өсіруге және қолдануға болатын саңырауқұлақтарды зерттейді (мысалы, шампиньондер, вешенкалар, т.б.).

4.Техникалық микология – саңырауқұлақтарды өндірістің түрлі салаларында: нан пісіру, шарап жасау, сыра жасау және т.б., қолданылатын ағзалар ретінде қарастырады.

Микопаразиттер – басқа саңырауқұлақтарда паразиттік тіршілік ететін саңырауқұлақтар. Қоректену сипаты бойынша олар иботрофты және некротрофты микопаразиттерге жіктеледі. Біріншілері иесінің тірі клеткаларының құрамымен, ал екіншілері – фермент пен антибиотиктер арқылы өлтірген клеткалардың құрамымен қоректенеді. Өтпелі түрлер де бар, мұнда патоген енгеннен кейін тірі клетканың арқасында тіршілік етіп, кейін оны өлтіреді де некротроф тәрізді тіршілігін жалғастырады. Микопаразиттер фузарий (Fusarium), альтернария (Alternaria), вертицилий (Verticillium), дарлюка (Darliuca), цицинноболюс (Cicinobolus) сияқты тұқымдастардың арасында бар.

Микоплазма, микоплазмалылар, микоплазматәрізді ағзалар (МПА) (кл.Mollecutes) – табиғаты анықталмаған микроскопиялық тірі ағзалар. Ядролық аппараты оларды бактериялар мен вирустер арасындағы прокариоттарға жатқызуға мүмкіндік береді. Клеткалық қабықшаның жоқтығы оларды бактериялармен, ал аурудың ұқсас симптомдары (бұйралану, сарыауру, ергежейлік, гүлдердің жасылдануы) вирустармен жақындастырады. МПА-ң мөлшері өте кіші (120-250нм), қозғалыссыз. Үшқабатты алзмалық мембрананың болуы олардың пішінінің өзгергіштігін түсіндіреді. Құрамында рибосомдар, ДНҚ, РНҚ бар. Көбеюі өте күрделі. Негізінен клетка аралықтарда дамиды. Сапротрофтар, топырақта кеңінен таралған, бірақ көбінесе өсімдік, жануарлар мен жәндіктердің паразиті. Микоплазмоздарды анықтау үшін электронды микроскопия әдістерін қолданады. Негізгі тұқымдастар – микоплазма (Mycoplasma), ахолеплазма (Acholeplasma).

Микориза (гр.rhiza – тамыр) – саңырауқұлақтың жоғарғы өсімдіктермен селбесіп тіршілік етуі. Селбесудің негізі саңырауқұлақтың өсімдіктен дайын органикалық заттар, ал өсімдіктің саңырауқұлақтан су мен минералды заттарды алуында. Микориза түзушілер – негізінен қалпақты саңырауқұлақтар, сирек зигомицеттер, қалталылар және жетілмеген саңырауқұлақтар, микоризаның түрлі типтерін түзеді:

1.Перитрофты – саңырауқұлақ гифалары өсімдік тамырының ішіне енбей, тек оны шырмай орайды. Ризосферада дамып, саңырауқұлақ онда өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.

2. Экотрофты – мицелий тамырды шырмай орап, топыраққа тарайтын көптеген гифалары бар ерекше жабын түзеді.

3. Эндотрофты – саңырауқұлақ гифалары тамырды сыртынан тығыз орап, қабықтық паренхимаға енеді.

4. Эндоэктотрофты – саңырауқұлақ гифалары иесінің ұлпаларының ішінде тарап, сирек сыртқа шығады.

Микоризаның биологиялық маңызын не мутуалистік симбиоз, не саңырауқұлақтың шектелген паразитизмі ретінде қарастырады.



Микориза түзушілер – микориза түзуге қабілетті саңырауқұлақтар, және де түзу міндетті, бірақ жиі факультативті болады.

Микотека (лат.theca – қабықша, қабық) – саңырауқұлақтардың дұрыс анықталған, картон қағаздарда өңделген, брошюра жасауға жарамды гербарлық үлгілері.

Микотерикоз – саңырауқұлақ пен жануар арасындағы симбиоз.

Микотоксикоздар – өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану – стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады.

Микотоксикология – саңырауқұлақтармен бөлінетін улы заттар мен олар туғызатын ауруларды зерттейтін медицинаның саласы.

Микотоксиндер – токсинді (улы) заттар, саңырауқұлақтар метаболизмінің өнімі. Олар шартты екі топқа бөлінеді: бауыр мен бүйректі зақымдайтындар және басқа мүшелерді зақымдайтындар.

Микотрофия – саңырауқұлақ қатысуымен жүретін өсімдіктердің қоректенуі.

Микофильді саңырауқұлақтар, микомицеттер – басқа саңырауқұлақтарды мекен ететін саңырауқұлақтардың ерекше тобы. Паразиттік немесе сапротрофты тіршілік етеді. Мысалы, дарлюка (Darluca, қат. Sphaeropsidales) тат саңырауқұлағының эциялары мен урединияларында, ал цицноболюс (Cicinobolus, қат. Sphaeropsidales)– ақұнтақ саңырауқұлағының мицелиінде паразиттік етеді.

Микофлора – белгілі бір ерриторияны мекен ететін саңырауқұлақтардың түрлік құрамы. Терминнің тарихи маңызы бар, өйткені, қазіргі пікірлер бойынша саңырауқұлақтар өсімдіктерге жатпай, өзіндік бөлек дүние болып табылады.

Микохитридийлі саңырауқұлақтар (қат. Microascales, кл. Ascomycetes) – жеміс денелері перитецийлер, жиі ұзын өсіндісі болады, күңгірт боялған. Қалталары домалақ, тез еритін, және споралар кілегейлі массада қалқиды. Пісіп жетілуі кезінде кілегейлі таспа болып шығады. Бұл саңырауқұлақтарда қалыпты гаметангиогамиядан автогамияға өту байқалады. Сапротрофтар, бірақ қауіпті паразиттер де бар. Зияны ең көбі – цератоцистис (Ceratocystis) тұқымдасының саңырауқұлақтары.

Әлемде 15 түр белгілі. Қазақстанда 3 түр анықталған.



Микроманипулятормикроскопқа қосылған, микрометрлік бұрандылары, микроинелері, микроскальпельдері бар құрал. Өте нәзік істер жасауға (бір спораны бөліп алу, т.б.) қабілетті. Микологияда, микробиологияда, цитологияда қолданылады.

Микромицеттер (гр.micros – кіші) – микроскоппен ғана көрінетін, мөлшері микронмен өлшенетін, микроскопиялық саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар ішінде мөлшерінен ең көбі.

Микрон – микроскопиялық ұсақ ағзалардың мөлшерінің өлшем бірлігі. 1/1000 м-ге тең, белгіленуі – μ (гр. «мю») немесе мкм.

Микроспория – адам (негізінен 6-12 жасар балалар) терісі мен шашын зақымдайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – микроспорум (Microsporum) тұқ-ң саңырауқұлағы және оның қалталы сатысы – наннизия (Nannizia, қат. Eurotiales). Ауру әлемде кең таралған, дерматомикоздардың ішінде екінші орында. Жануарлар сирек ауырады.

Микроденешік - электронды-тығыз, негізінен цитоплазмада орналасатын бір плазмалық мембранамен шектелген және түрлі ферменттері бар сфералық құрылым. Табиғаты бойынша эндоплазмалық тормен байланысты. Липидтер мен көмірсулардың алмасуында қатысады. Микроденешіктердің түрлері – пероксисомдар мен глиоксисомдар.

Микротирлі саңырауқұлақтар (қат.Copnodiales, кл.Ascomycetes) – жеміс денелері қалыпты мириотецийлер, шырмалған, беттік немесе енген, домалақ устьицемен ашылады, күңгірт-қоңыр түсті. Қалталары қаптәрізді, түйреуіш тәрізді, негізінде шоғыпға жиналған, сирек параллельді орналасады, кейбір түрлерде локулада бір-бірден. Парафизоидтер жіпшелі, түссіз, кейде нашар дамыған немесе мүлдем болмайды. Спораларының бір немесе көп қатпарлы, түссіз немесе аздап жасыл. Сапротрофтар, паразиттер, сирек гиперпаразиттер. Тропиктерде, сирек қоңыржай зонада таралған.

Әлемде 950 түр белгілі. Қазақстанда бір түр анықталған.



Микротом (гр.tomos – кесу, қию) - өте жұқа кесінділер мен әдейі дайындалған препараттарды дайындауға арналған құрал.

Микротүтіктер – цитоплазманың субклеткалы, жіңішке, мембрансы жоқ ақуыздық құрылымдары. Клетканың бөліну үрдістеріне, органоидтардың клеткаішілік қозғалысына, секрецияға қатысады.

Микрофибриллдер – клетка қабығының клетка пішінін (цитоқаңқаны) сақтап тұратын компоненттері.

Микрофлора – микроағзалар флорасының жалпы атауы немесе олардың түрлерінің ұштасуы.

Микроциста – миксомицеттің өмірлік цикліндегі құрылым. Миксамебалар және зооспораларға қолайсыз жағдайларды өткеруге қызмет етеді.

Миксамебалар (гр.myxa – кілегей, amoibe - өзгеріс) – миксомицеттердің даму цикліндегі жалаңаш, амеба тәрізді бір ядролы клеткалар. Белсенді қоректеніп, псевдоподиялар арқылы қозғалады.

Миксомикота, миксомицеттер, кілегейліктер (Myxomycota бөлімі) – төменгі саңырауқұлқтарға жақын хлорофилсіз төменгі ағзалардың ірі жүйелік санаты. Вегетативті денесі – плазмодий – жалаңаш, торлы, кейде көбіршікті протоплазма күйінде, ядролар саны көп, ашық түсті (қызыл, ашық-сары, қызғылт, қызыл, ақ, т.б.). Мөлшерлері түрліше: микроскопиялықтан диаметрі бірнеше сантиметрге дейін. Даму циклі өте күрдклі. Жынысты және жыныссыз көбею бар. Соңғысы споралар арқылы жүзеге асады. Олар ылғалданғаннан кейін өсіп, ішінен түссіз (8-ге дейін) амебоида шығып, біраз уақыттын соң екі жіпшесі бар зооспораға айналады. Кейін споралар бөлініп, миксоамебаларға айналады, олар өз кезегінде, бөлінеді де, жұптасып копуляцияланады (изогамды планогамия). Диплоидты амебелер бірігіп плазмодий түзеді, ол субстрат бетіне шығады да толығымен спора түзуші мүшелерге айналады. Олар қатты қабықшамен қапталып, құрамы бірядролы спораларға айналады. Ішінде споралардан басқа капилиций болады. Миксомицеттер барлық жерлерде ормандарда, негізінен ылғалды, қараңғы жерлерде, ағаш қалдықтарының ішінде, өсімдік қалдықтарының үстінде мекендейді.

Әлемде 400 түр белгілі. Қазақстанда 111 түр анықталған.

Қазіргі кезде миксомицеттердің тірі ағзалар жүйесіндегі иеленетін орны туралы бірегей пікір жоқ. Ғалымдардың көбі оларды ерекше өзіндік бөлім ретінде бөліп, оларды екі кластармағы – Ceratiomyxomycetidae, Myxogastromycetidae, жеті қатар – Ceratomyxales, Protosteliales, Liceales, Trichiales, Echinosteliales, Stemonitales, Physarales ішінде таратады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет