Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік



бет8/13
Дата11.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#127517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Миксохитридийлі саңырауқұлақтар (қат.Myxochytridiales) – клетка ішілік паразиттер, су саңырауқұлақтарында, балдырларда, кейде су жануарлары мен жоғары өсімдіктерді мекен етеді. Жеміс денсі жалаңаш протоплазма ретінде, мицелий түзілмейді. Тек спорангийлердің түзілуі кезінде ғана олардың маңында қалың қабықша түзіледі. «Миксохитридийлілер» атауы ескірген, ескі басылымдарда кздеседі. Қазіргі кездегі таксономияда бұл саңырауқұлақтар плазмодиофорлылар (Plasmodiophorales) мен хитридийлілер (Chytridiales) қатарлары арасында таралады.

Милитта – кейбір агарикті және трут саңырауқұлақтарының склероций түріндегі тыныштық сатысы.

Мильдью – жүзімнің аса қауіпті ауруы. Қоздырушы – плазмопара (Plasmipara viticola, қат. Preonosporales) тұқымдасының саңырауқұлақғы. Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін зақымдап, сары-жасыл майлы дақтардың пайда болуын туғызады. Олардың бетінде қалың ақшылт-сұр зең – жыныссыз спора түзу – зооспоралары бар зооспорангийлер түзіледі. Ие-өсімдіктің зақымдалған ұлпаларында саңырауқұлақ өзінің жыныс сатысын – антеридийлер мен оогонийлердің қосылуы нәтижесінде пайда болған ооспораларды бастайды. Ооспоралар суда немесе қатты ылғалданған топырақта ерте көктемде өсіп, зооспоралармен қатар, өсімдіктердің зақымдалуына қатысады. Экономикалық зардабы зор, эпитофия жылдарында өнімнің 50-70%-ң жойылуына әкеледі. Мильдмен күресте өсімдік қалдықтарын жою, мыстың 90% хлолы тотығының 0,3% суспензиясымен немесе 80% цинебтің 0,4% суспензиясымен егу ұсынылады. Санитарлық жәе агротехникалық шаралар қолдану қажет.

Мириангиальді саңырауқұлақтар (қат. Myrangiales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі – миротеций – жастық пішіндес, ішінде қуыстар (локулалар) болады, локулада бір домалақ немесе кең жұмыртқа пішіндес қалта. Споралар бірклеткалы, негізінен түссіз, кейде бірнеше қатпарлары болады. Өсімдік қалдықтарын мекен етеді, алайда жоғары өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда тіршілік ететін паразиттер де бар. Тұқымдастар – эльсиное (Elsinoe), мирангий (Myrangium). Ең залалдысы олардың конидиялы сатысы – глеоспорий (Gleosporium).

Әлемде 100 түр белгілі. Қазақстанда 3 түр анықталған.



Негізінен топиктер мен субтропиктерді мекен етеді.

Мириотеций – асколокулярлы саңырауқұлақтардың жеміс денесі. Жастық тәрізді, дөңес, жиі бұрыс пішінді, белгілі-бір тәртіпсіз орналасқан бірнеше локуласы бар.

Мирмекофильді саңырауқұлақтар (лат.mirmex – құмырсқа, philo – сүйемін) – құмырсқаларға қорек пен тіршілік ету орнын беретін саңырауқұлақтар.

Митоз (гр.mitos – жіп) – клетка бөлінуінің негізгі тәсілі. Мұнда түзілген екі клетка арасында екі еселенген хромосомалардың тең бөлінуі жүреді, бұл тұқымқуалаушылық ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Митоздың барысында бірін-бірі ауыстыратын бірнеше сатыны ажыратады: проаза, метафаза, анафаза, телофаза, олардың әрқайсысы ядро және цитоплазма құрылымындағы өзгерістермен сипатталады. Митоздың ұзақтығы бірден бірнеше сағатқа дейін.

Митохондрия (гр. chondrion – дән) – клетканың ультрақұрылымдың элементі – домалақ, созыңқы, таяқша тәрізді немесе бұрыс пішінді, ішкі және сыртқы мембрана мен мембраналық кеңістік – матрикстен тұрады. Клеткадағы митохондриялар саны 1-ден 100 000-ға дейін. Құрамында Кребс циклі мен электрондық-тасымалдаушы тізбектің ферменттері бар. Фотосинтезге қабілетсіз клеткалардағы АТФ-ң негізгі көзі. Митохондрияларда түзілетін АТФ ферменттер әсерінен ыдырап, ағза пайдаланатын энергияның үлкен мөлшері босап шығады.

Митохондрия кристалары (лат.crista – айдар) – митохондрияның ішкі мембранасының қыртыстары, митохондрияның ішіне айдарлар сияқты еніп, оны қатпар тәрізді бөліп тұрады., қалыңдығы 160Å-ға жуық. Кристаларда тыныс алу ферменттері шоғырланған.
Мицелийлі қабықша, тері – гифалардың 2-3мм және одан да жоғары қалыңдықты тығыз байланысы. Оның үстінде кейін жеміс денелері түзіледі. Ағаш ыдыратушы саңырауқұлақтарда кездеседі.

Мицелийлі тяждар, жіптер – бір-біріне параллельді өсетін гифалар, өзара кілегейлі затпен немесе көптеген қысқа анастомоздар арқылы жабысқан. Көп жағдайда тяждар бірегей, алайда кейде сыртқы және ішкіге бөлінген. Тяждар саңырауқұлақтың вегетативті таралуына, сондай-ақ қоректік заттар тасымалына көмектеседі.

Мицелий, грибница – бірнеше жіпшелі бұтақтанған гифалардан тұратын саңырауқұлақтың жеміс денесі. Мицелийдің бірнеше түрін адыратады: 1) ауалы – субстраттың немесе қоректік ортаның үстінде түзіледі; 2) субстратты – субстрат ішінде дамиды; 3) диффузды – барлық өсімдікті немесе оның жекелеген мүшелерін кесіп өте,клетка аралықтар бойымен дамиды, өскіндер мен бүршіктердің зақымдалуы нәтижесінде дамиды; 4) алғашқы, мнокапрты – гаплоидты мицелий, базидиоспораның өсуі барысында түзіледі, бірақ жыныс мүшелерін бермейді; 5) септилденген – көлденең қатпарлары (септалар) бар; 6) асептилденген – септалармен бөлінбеген.

Мицетизм – қалпақты саңырауқұлақтармен улану.

Мицетома – патогенді немесе токсигенді саңырауқұлақтармен қоздырылған ауру, өкпе немесе сүйек ұлпасының грануломатозды зақымдалуы. Хроникалық, периодты қабынулар мен ұлпаның терең зақымдануы сипатына ие. Актиномитозы м. – жұмсақ және сүйек ұлпаларындағы сары друздар түріндегі мицелийдің байланыстары; микотты м. – одан ірі гифалардан құралған қара дәндердің түзілуі, ажыратады.

Мицетофаг (гр.myces – саңырауқұлақ, fagos – жегіш) – саңырауқұлақтармен қоректенетін ағзалар.

Монилийлі саңырауқұлақтар (т. Moniliaceae, қат. Hypomycetales) – мицелийі мол, кейде нашар дамыған, түссіз немесе ақшылт түсті, түссіз немесе ашық түсті шоғырлар түзеді. Крнидия тасымалдаушылары бұтақтанған, кейде вегетативті гифалардан айырмашылығы жоқ, дара немесе борпылдақ шоғырларға біріккен, түссіз. Конидиялар бір немесе көпклеткалы, түссіз немесе сәл боялған, тізбекті, дара, отырыңқы немесе стеригмаларда, фиолидаларда. Паразиттер, өсімдіктің түрлі мүшелерінде, ризосферада және топырақтағы сапротрофтар.

Әлемде 1050 түр белгілі. Қазақстанда 361 түр.



Монилиоз, алмалардың қара шірігі – монилия тұқымдасы саңырауқұлағымен тудырылаты ауру. Жапырақ пен жемістерде дақтар пайда болады, басында дара, кейін бірігеді; сары-жасыл, олардың үстінде мицелийден, конидия тасымалдаушылар мен конидиялардан тұратын қалың барқытты шоғырлар пайда болады. Жемістерде ісіктер (спородохиялар) концентрлі шеңберлермен орналасады. Алғашқы зақымдалу гүл түйінінде конидиялар арқылы жүреді, кейін конидиялар аурулардан сау жемістерді зақымдайды. Күзге қарай жемістер мумификацияланып, тығыз қара склероцийне айналады, ол қыстан өтіп апотецийлермен немесе мицелиймен өседі. Ең қауіпті болып M.fructigena саңырауқұлағымен тудырылатын шірік саналады.

Күресу шаралары – зақымдалған бұтақтар мен жемістерді мұқият жинау, өртеу. Гүлдеуден кейін екінші реттік жинау мен жою. Көктемде гүлдеу басында 3-4% бордос сұйықтығымен алғашқы себу, екінші – гүлдеуден кейін және екіншіден кейін бір айдан соң 80 % цинебтің 0,4% суспензиясымен немесе 1% бордос сұйықтығымен залалдандыру.



Молочница – нәрестелердің және сүтті жануарлардың ауыз қуысының ауруы. Қоздырғыш – аштқы саңырауқұлағы (Candida albicans).

Моноблефаридті саңырауқұлақтар (қат.Monoblepharidales, кл. Chytridiomycetes) – вегетативті дене – жақсы дамыған, септилденбеген, көп ядролы мицелий. Жыныссыз көбеюі бір жіпшелі зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею – оогамия. Тұқымданған жұмыртқа клеткалары тыныштықтағы ооспораларға айналады, олар тыныштық кезеңінен кейін мицелиймен өсіп шығады. Суда өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Тұқымдастар: моноблефарис (Monoblepharis), моноблефарелла (Monoblepharella) және т.б.

Әлемде 20түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.



Моно- (гр. monos – бір) – күрделі сөз бөлшегі, жалғыздықты, даралықты, аздықты көрсетеді.

Моновертицилятты конидия тасымалдаушысы – стеригмалардың немесе фиалидтердің бір ғана шоғырын тасымалдайтын конидия таымалдаушысы.

Моноспоралы мәдениет, саңырауқұлақтың мономәдениеті – бір клеткадан өсірілген мәдениет, генетикалық таза материал болып табылады.

Монофагтар – тар маманданған облигатты паразиттер (тат, күйе, т.б.), ие-өсімдіктің бір түрі немесе, тіпті бір сортында ғана дамуға қабілетті.

Мукорлы ашытқылар – мукорлы саңырауқұлақтардың клеткалары, қатпарлар бойымен ыдырауда пайда болып, бүршіктену арқылы көбейеді.

Мүше – ағзаның тек өзіне тән морфологиялық құрылымы бар, және тек өзіне ғана тән қызмет атқаратын кез-келген бөлігі.
Мукорлы саңырауқұлақтар (қат.Mucorales, кл.Zygomycetes) – мицелийінің сирек қатпарлары бар немесе болмайды, түссіз, субстратқа ризодиялар арқылы бекиді. Көбеюі – жынысты және жыныссыз. Жыныссыз көбеюі спорангиальді немесе конидиальді болуы мүмкін. Жынысты көбею үрдісі зигогамды. Сапротрофтар, түрлі шіріген қалдықтарды, жем-шөптерді мекен етеді, микориза түзушілер. Кейде жануарлардағы, құстардағы, жәндіктердегі, өсімдіктердегі биотрофты паразиттер, адамның түрлі ауруын туғызады. Кейбір үрлердің ферменттік белсенділігі бар және соядан, спирттен, картоптан ірімшік жасауда қолданылады. Басты тұқымдастар – мукор (Mucor), ризопус (Rhizopus),абсидия (Absidia).

Әлемде 360 түр белгілі. Қазақстанда 20түрдей анықталған.



Мукоромикоз – адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарының, өкпесінің және ішкі мүшелерінің ауруы (жалған туберкулез, инфаркттер, язва, ішек-асқазан трактінің некротикалық зақымдануы), мукор т. (Mucor) саңырауқұлақтарымен тудырылады.

Мумификация - өсімдіктердің қоректік затқа толы мүшелері қарайып солып қурауы жүретін ауру. Мицелиймен тесіп тарамданған мүше кеуіп, склероцийге айнала мумификацияланады. Қоздырғышы – спорынья (Claviceps), фузарий (Fusarium) т. саңырауқұлақтары.

Муральді спора, м. конидия – тік және көлденең қатпарлары болады, кейд көлденең қатпарлары қисық орналасуы мүмкін.

Мутант – тұқымқуалаушылық белгілері кейбір себептермен өзгерген ағза.

Мутовка – конидия тасымалдаушылардың шоғы, бір нүктеден шығады, мұнда қарама-қарсы шыңдары шашақтанып жайылады.

Мутуализм (гр.mutuus - өзара) – екі ағзалардың бірдей пайда алып бірге тіршілік етуі.

Мухомор (т.Amanita, қат.Agaricales) – жеміс денесі қалпақ пен табаннан тұрады, қалпағы басында домалақ, дөңес, кейін тегіс, түрлі түсті. Табаны цилиндрлік, ақ, өз негізінде түйінді ісіген. Жас саңырауқұлақтарда жеміс денесі жалпы жабынмен жабылған, ол уақыт өте келе жарылып, қалпақта түрлі мөлшерлі ақ қабыршақтар, ал табан негізінде вольва деп аталатын қапшықты түзілім қалады. Маусым-қыркүйек айлары аралығыда түрлі ормандарда кездеседі. Микориза түзеді. Олардың ішінде жеуге жарамдылары да бар: цезарлік (A.cesaria), қызғылт-сұр (A.rubescens); және өлімге әкелетін улылар: сасық м. (A.virosa), ақ м. (A.verna), ақ поганка (A.phalloides).

Мыстан шеңберлері - саңырауқұлақтардың жеміс денелерінің диаметрі бірнеше метрге дейін жететін шеңбер бойына орналасуы. Мицелийдің барлық жаққа тең радиальді өсуінен түзіледі.

Мыстан сыпырғылары – ағаш бұтақтарының шеңбер құрып өсуі немесе қысқа бұтақтардың қалың шоғыры, саңырауқұлақтар, бактериялармен, вирустермен және басқа факторлармен бұзылған бүршіктерден өсіп шығады. Көктемде олар барлығынан бұрын жапырақпен жабылады, алайда бұл бұтақтарда еш уақытта жеміс болмайды. Қоздырғыштар – тафрина (Taphrina, қат. Taphrinales) туысы және мелампсорелла тат (т. Melampsorella, қат. Uredinales) саңырауқұлақтары. Тафринамен күрес үшін бордос сұйықтығы (1%), хлорлы мыс (0,3-0,4%), купрозан (0,4%), цинеб (0,4%) қолданылады.


Н

Нағыз Түбіртек, күзгі түбіртек ( Armillariella mellea, қат. Agaricales) – анық қалпағы мен табаны бар саңырауқұлақ. Қалпақ сұр-жасыл, жұқа қабыршақты, құрғақ. Табаны орталықтық, тағаз, негізінде сарғыштау, жалқы жабының қалдықтарымен, күңгірт-жасыл ризоморфтары бар. Топпен тірі жапырақты және қылқанды ағаштарда, кейде ағаш қалдықтарында өседі. Тірі өсімдіке мекендеп, тамырдың ақ перифериялық шірігін туғызады, нәтижесінде ағаш өледі. Ағаш пен бұталардың 200 түрінде паразиттік етеді. Жеуге жарамды, дәмдік сапасы бойынша үшінші категорияға жатқызылады. Консервілеуге, тұздауға жарамды. Барлық континенттерде тамыз-қыркүйек айларында кездеседі.

Наннизм – ергежейлік құбылысы. Түрлі жағдайларға байланысты ағза қалыпты мөлшерлерге жетпей қалады (саңырауқұлақтардың жеміс денесінің мөлшері, жоғарғы өсімдіктердің биіктігі, т.б.).

Нанноағза (гр.nannos – ергежей) – мөлшері 0,05 мм-ден кіші ағза, дарақ.

Нанометр - өлшем бірлік (нм), 10-9м-ге тең, немесе миллиметрдің милионнан бір бөлшегі. Дұрыс жазылуда «нанномен» байланысты биологиялық түсініктерді екі «н»-мен, ал физикалық мөлшерлерді – бір «н»-мен жазылады.

Нағыз парафиздер – саңырауқұлақтың қалталар арасында жоғарыдан төмен қарай өсетін тұқымсыз ифалары. Дискомицеттер мен кейбір пиреномицеттерде кездеседі.

Наубайхана ашытқылары (т. Saccharomyces) – нағыз мицелий жоқ. Вегетативті клеткалардың мөлшері мен пішіні әртүрлі. Қалталар партеногенездік пайда болады.

Некро- (гр.nekros - өлі) – күрделі сөз бөлшегі, өлу, жоғалуды көрсетеді.

Некробиоз – клеткадағы қайтымсыз, метаболистік, патологиялық үрдістер, олар өлімге әкеледі.

Некроз (гр.nekrosis - өлу, теңбілдік) – тірі ағзаның сау мүше, ұлпа, клеткадан күрт бөлінген бір мүшесінің, ұлпалар бөлігінің, клеткалардың өлуі. Оған түрлі себепкерлер бар: микроағзалар, физикалық немесе химиялық зақымданулар.

Некротрофтар – ие-өсімдіктің токсиндер бөліп өлтірген ұлпаларымен қоректенетін саңырауқұлақтар.

Некрофаг (гр.phagos – жегіш) - өлі жануарлармен қоректенетін ағза.

Некрофит (гр.phiton - өсімдік) - өлі өсімдіктермен қоректеніп, дамитын ағза.

Нематофагтар – жыртқыш саңырауқұлақтар, нематодтарды қоректік субстрат ретінде пайдаланады.

Неотип – жоғалтылған голотиптің орнына номенклатурлық тип етіп пайдаланылатын экземпляр.

Нидулярийлі саңырауқұлақтар, ұялық саңырауқұлақтар (қат. Nidulariales, кл. Basidiomycetes) – жеміс денесі шар тәрізді, воронка тәрізді, отырыңқы, бір немесе көп қабатты перидиймен қапталған. Глеба жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді немесе линза тәрізді формалы бөліктерге (перидиольдер) бөлінеді. Пісіп жетілу кезінде жалпы перидий жарылып, периольдер кішігірім ақ жұмыртқалар түрінде «ұяда» бос жатады. Олар саңырауқұлақтың тарлуында споралар қызметін атқарады. Саңырауқұлақтар шіріген сүректерде, қылқандарда, кейде жалаң құмды топырақта, бақтарда, егістіктерде, ормандарда тіршілік етеді. Тән тұқымдастар: нидулария (Nidularia), круцибулюм (Crucibulum) және т.б.

Әлемде 90 түр белгілі. Қазақстанда 7 түр анықталған.



Номенклатуралық тип – таксон атауына ие гербарлық мысал; туыс үшін иесі түр, ал түр үшін – туыс болып табылады.

Нуклеотид – прокариоттар клеткасының дифференциялвнбвғвн ядролық заты, мембрана, ядрошық, хромосомалары жоқ. Құрамында фибрилл түріндегі ДНҚ болады, тұқымқуалаушылық ақпаратты тасымалдайды.

Нуклеоплазма – прокариоттардың клеткалық затының бөлігі, ядроға тең. Кариолимфаның өзі.

Нутревиктер – толығымен жабық жеміс денелі саңырауқұлақтар, ішінде бір клеткалы базидияларда базидиоспоралар дамиды. Базидиоспоралар жеміс денесінің жабынының ыдырауы немесе жарылуы нәтижесінде босап шығады.


О

Облигатты микоризатүзушілер – микориза құрамына кіретін саңырауқұлақтар мен жоғары сатылы өсімдіктер. Олар тек микоризді компоненттің болуы жағдайында ғана тіршілік ете алады.

Облитерация (лат.obliteratio – жою) – паразиттің клетка құрамын жою салдарынан оның көлемінің кішіреюі. Бұл ұлпалар мен мүшелердің мүжілуіне әкеледі.

Оидиялар, оидиоспоралар – көбінесе овал пішінді гифа бөліктері, толық мицелийдің немесе оның бұтақтарының клеткаларға ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Вегетативті көбею үшін қызмет атқарады. Қалың қабықты оидиялар қолайсыз жағдайларға төзімді, тыныштық күйінде көпке дейін сақтала алады. Қолайлы жағдай туысымен жаңа мицелийге өседі.

Оидий, оидиум (т. Oidium, қат. Hypomycetales) – жетілмеген саңырауқұлақ, ақұнтақ саңырауқұлақтарының конидийлі сатысы.

Ойысқұлақ (т.Lactarius, қат.Agaricales) – біршама ірі жеміс денелі саңырауқұлақтар. Қалпағы воронка тәрізді, ойыс, қыры төмен қайырылған. Гименофор пластинкалы. Табаны орталық, цилиндрлік, жалпы. Жұмсағы тығыз, ақ. Негізінен топтасып қайыңды, қарағайлы-қайыңды, шыршалы-пихталы, көктеректі, кейде еменді ормандарда өседі. Жеуге жарамды.

Әлемде 80 түр белгілі. Қазақстанда 19 түр анықталған.



Олеоцисталар – базидийлі саңырауқұлақтарының кейбір тұқымдастарының цистидтері. Құрамында майлы заттар болады.

Омонимтаксон атауы, орфографиялық сай, алайда басқа номенклатуралық типке берілген.

Онихомикоз – ауру, адам мен жануар тырнақтарының микозы, гифальді саңырауқұлақтардың кейбір түрлерімен (Coniosporium onychophytum, қат. Hyphomycetales) қоздырылады.

Онтогенез – бір ағзаның пайда болуынан өлуіне дейінгі дамуы. Онтогенезде қоршаған ортамен, онық нақты жағдайларымен әрекеттесудің генетикалық бағдарламасы жүзеге асады.

Оо- (гр. oon) – күрделі сөз бөлшегі, «жұмыртқа» түсінігімен байланысты білдіреді.

Оогамия – жыныс үрдісінің типі. Мұнда жұмыртқа клеткасының ұрықтануы жүреді; бір саңырауқұлақтарда – сперматозоидтермен, басқаларда – антеридий өсінділерімен. Ұрықтанған жұмыртқа клеткалары – ооспоралар қалың қабықшамен қапталынып, тыныштық кезеңінен кейін зооспорангийге өмеді. Онда көптеген зооспоралар дамиды.

Оогенез (гр.genos – туу) – оогонийдегі жұмыртқа клеткасының дамуы. Ол көбею, өсу, пісіп жетілу кезеңдерін қамтиды.

Оогоний – төменгі сатылы саңырауқұлақтардың аналық жыныс мүшесі. Онда бір немесе бірнеше жұмыртқа клеткасы дамиды.

Оомицеттер (кл. Oomycetes) – төменгі сатылы саңырауқұлақтар. Оларда көп ядролы бейклеткалы мицелий жақсы дамыған. Жыныссыз көбею – бір немесе екі жіпшелі тегіс және қауырсынды зооспоралар арқылы. Саңырауқұлақтар судағ ытіршілікке бейімделген, бірақ жоғары ұйымдасқан түрлер – жер беті паразиттер, көбею үшін тмшылы-сұйық ортаны қажет етеді. Оомицеттерге тек зиянды паразиттер жатады. Барлық жерлерде таралған. Төрт қатар ішінде таралған – Peronosporales, Lagenidiales, Saprolengiales, Leptomytales.

Әлемде 550 түр анықталған. Қазақстанда 95 түр.



Ооплазма – протоплазманың орталық бөлігі, қою, дәнді, ортасында бір ядросы болады.

Ооспора – жыныс үрдісінің (оогамия) өнімі. Қалың қабықшамен қапталған. Қоректік заттардың мол қоры бар тыныштықтағы спора болып табылады. Тыныштық кезеңінен кейін мицелиймен немесе спорангиймен өсіп шығады.

Оперкулюм – зооспорангийлер немесе қалталардың қақпақшасы.

Оперкулярлы дискомицеттер – қалталары басындағы қақпақшасымен ашылатын саңырауқұлақтар. Pezizales қатарында кездеседі.

Орамжапырақ киласы – орамжапырақ плазмодиофорасы (Plasmodiophora brassica, қат. Plasmodiophorales)деп аталатын клетка ішілік миксомицет-паразитпен қоздырылатын орамжапырақ тамырларының ауруы. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырларында өсінділер (мөлшері кейде жұдырықтай) пайда болады, олардың ішінде паразитің вегетативті денесі – плазмодий орналасады, кейін ол ұсақ дөңгелек спораларға ыдырайды. Саңырауқұлақ топырақта немесе орамжапырақтаң жараланған тамырларында сақталады. Споралар топырақта өте ұзық уақыт бойы сақталып, қолайлы жағдай туғанда зооспораларға немесе миксамебаларға өседі. Паразит жабайы және мәдени крестгүлділердің 200-ге жуық түрін зақымдай алады. Өнімділікті азаюы 20-40%-ға дейін жетеді. Күресу шаралары: агротехникалық, парниктердегі топырақты термиялық залалсыздандыру; ауру өсімдіктерді жинау, сондай-ақ химиялық: 1 м2-ге 100-200г хлорпикрин енгізу. Тұқымды енгізуден 3 күн бұрын 1 м2-ге 25-50г мөлшерде трихлорбензол себіледі. Күзде топырақты жаңа дайындалған әкпен себу керек.

Орамжапырақтың қара табандылығы – түрлі туыстармен – ризоктония (Rh. Aderholdii, қат. Mycelia Sterilia), ольпидий (O, brassica, қат. Chytridiales), питиум (P.debarianum, қат. Peronosporales), кейде бактериялармен қоздырылатын ауру. Ауру жылыжайларда вентиляияның болмауы дәне артық суару жағдайларында дамиды. Күресу шаралары: өркендерді дұрыс күту, толық тыңайтқаштар енгізу, тұқымдарды фентуриаммен, топырақты цинебпен залалсыздандыру, Апрон Голд, Родрмил Голд МЦ фунгицидтерімен залалсыздандыру.

Орманды қорғау – аурудың таралауын алдын алуға бағытталған түрлі әдістер мен құралдар кешені. Орманды қорғау негізгі шараларды қолданады:

1) Ұйымдастырушылық-шаруашылық: өсімдіктердің дұрыс өсіп дамуы үшін қолайлы, ал зиянкестер үшін қолйсыз жағдайлар тудырылады, - отырғызатын материалдың сапалылығы, ағаштарды дұрыс таңдау мен топырақты дұрыс өңдеу.

2) Орман шаруашылықтық-қалпына келтірушілік: ауру өсімдіктерді жою, таңдамалы немесе жаппай санитарлы кесу, ағаштардың төзімді түрлерін енгізу.


  1. Физикалық-механикалық: ауру өсімдікті немесе оның бөлігін алып тастау, қуыстарды пломбалау, топырақтың термиялық дезинфекциясы, паразиттік саңырауқұлақтардың жеміс денелерін жинау мен жою, жаралы жемістер, дапырақтар мен қылқандарды жинау мен жою.

  2. Биологиялық: паразитке әсер ететін антибиотиктер қолдану, топыраққа тыңайтқыштар немесе тамырдан тыс қоректендіру.

  3. Химиялық: фунгицидтерді қолдану, тұқымды залалсыздандыру.

  4. Карантиндік: қауіпті аурулардың басқа елдерден немесе мемлекеттің бөлек аудандарынан енуін тоқтатуға бағытталған.

Осмостық қысым – мембрананың екі жағындағы қысымның айырмашылығы. Ерітінділердің концентрациясының айырмашылығына байланысты пайда болады.

Остиола – пикнида немесе перитеций ұшындағы канал, перифиздермен қоршалады.

Остропалды саңырауқұлақтар (қат. Ostropales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі – апотецийлер, басында шар тәрізді, кейін ұзынша, тік жарықшамен ашылады. Қалталар түйреуіш пішінді. Споралар жіпшелі, бір немесе көп клеткалы, түссіз, шоғырда параллельді орналасады. Парафиздер жіпшелі, жоғары жағында қатты бұтақтанған, ақ-сары. Түскен қылқандардағы, өсімдік қалдықтарындағы сапаротрофтар. Кең таралған тұқфмдастар – остропа (Ostropa), стиксис (Sticsis).

Әлемде 75 түр белгілі. Қазақстанда 2 туыс пен 3 түр анықталған.



Оторочка – шампиньондердің кейбір түрлерінде табанының жоғарғы бөлігінде қалып қоятын жалқы жабынның қалдығы.

Отпад - тірі өсімдіктен бөлінбеген өлі бұтақтар, құрғақ қалдықтар, бөлек діңдер, шөптесіннің құрғақ жапырақтары мен сабақтары.

Охратоксикоз – микотоксикоз, бүйрек, бауыр зақымдалуына, өкпенің қабынуына әкеледі. Қоздырғыш – Aspergillus ocraceus.

Охратоксиндер – микотоксиндер, аспергилл туысының саңырауқұлақтарымен бөлінеді, өте қауіпті. Мицелий құрамынан қоректік субстратқа бөлінеді. Жем-шөпте, тағам өнімдерінде мекендеп, ол адам, жануар, құстардың улануына әкелуі мүмкін. Қауіптілігінің жоғарылығы саңырауқұлақтардың ұзақ уақыт сақталу, залалсыздандырудың түрлі әдістеріне төзімділік пен ағзада жиналу қабілеттілігінде. Бұл микотоксиндердің тератогенді және канцерогенді әсері байқалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет