Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен


Зейнетақы жарналары мен төлемдерін енгізу



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі401.2 Kb.
1   2   3
3. Зейнетақы жарналары мен төлемдерін енгізу

тәртібі мен шарттары

7. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленеді.

8. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленеді.

4. Қордың Алушыны хабардар ету тәртібі

9. Алушыға жинақтаған зейнетақы қаражаты туралы Қор беретін жыл сайынғы ақпаратқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы кіреді, оның ішінде:

1) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналарының және (немесе) аударымдарының және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы;

2) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы есептелген инвестициялық кірістің және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы;

3) Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;

4) өткен жылы жүргізілген зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының ұсталған табыс салығының сомасы көрсетіліп, айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы.

10. Алушы жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін екі ай ішінде Қордың меншікті қаражаты есебінен міндетті түрде хабардар етіледі.

10-1. Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабардар ету төлем карточкасы арқылы, сондай-ақ байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және өзге байланыс құралдары) арқылы жүргізілуі мүмкін.



5. Тараптардың міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы

жауапкершіліктері

11. Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді.



12. Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға қайтарады.

13. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Қор кінәсынан кешіктірілген жағдайда, Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде Алушының пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл төлеу Қорды нақты зейнетақы төлеуді (жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

14. Форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, белгіленген тәртіппен жарияланған және тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс төтенше жағдайлар мен ахуалдар болған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

15. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі.



6. Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге

асыру тәртібі

16. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар басталған кезде Қордан зейнетақы төлемдерін алуға Алушының құқығы бар.

17. Кесте бойынша Қордан төленетін Зейнетақы төлемдері мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен белгіленетін төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) Шартта белгіленеді және қосымша келісіммен ресімделеді.

18. Қор Алушыдан тиісті құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын қосымша келісімді әзірлейді және Алушының қарауына ұсынады.



7. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары

19. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша түрде, тек Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей айқындалмаған ережелер бойынша ғана өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін және енгізілуі Қазақстан Республикасының заңдарға қайшы келмеуі керек.



20. Шартқа енгізілген, Алушының құқықтарын қозғайтын өзгерістер мен толықтырулар тек оның жазбаша келісімі болғанда ғана заңды болады.

21. Салымшы Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнетақы жарналарын енгізу тәртібін бұзған жағдайда, сондай-ақ Салымшы зейнетақы жарналарын енгізуді тоқтатқан немесе тоқтата тұрған жағдайда Қор Шартқа өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы.



22. Шарт заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, сондай-ақ осы Шарт бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

 

8. Шарттың қолданылу мерзімі

23. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

24. Шарт тараптар зейнетақы шарты бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

25. Шарттың күші Алушыға, оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасы төленгеннен кейін немесе Қор Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аударған кезде жойылады.

9. Дауларды шешу тәртібі

26. Тараптардың шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.

27. Шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде әрқайсысының заң күшi бiрдей үш дана етiп жасалады. Тараптардың әрқайсысында бір данадан, үшінші данасы зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентте болады.

 

 



10. Тараптардың деректемелері және қолдары

      ҚОР                              САЛЫМШЫ

__________________________________  ____________________

Қордың атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,  (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

банктік деректемелері                       банктік деректемелері,

_____________________________________  ___________________________

Қордың (оның филиалының, өкілдігінің)     нақты орналасқан жері,

_____________________________________            телефоны

    орналасқан жері, телефоны

_____________________________________  ____________________________

       (Қор өкілінің қолы)                   (Салымшының қолы)

             

АЛУШЫ

___________________________________



       Алушының аты-жөні,

 ___________________________________

     тұрғылықты жері, телефоны

  __________________________________

           (Алушының қолы)

     Зейнетақы ережесімен таныстым _____________



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

"Міндетті, ерікті және ерікті

кәсіби зейнетақы жарналары

есебінен зейнетақымен

қамсыздандыру туралы үлгі

шарттарды бекіту туралы"

2003 жылғы 21 сәуірдегі

138 қаулысына

4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды

деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарды бекіту туралы" 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3-Ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 367 тіркелген, 2001 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 4-том);

2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы № 29-Ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 73 тіркелген);



3) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 174-Ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 673 тіркелген).
Каталог: download -> 1185
download -> Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы
download -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
download -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
download -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
download -> Сабақтың тақырыбы: Етістік
download -> Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет