Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен


Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін енгізу



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі401.2 Kb.
1   2   3
3. Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін енгізу

тәртібі мен шарттары

6. Ерікті зейнетақы жарналары осы Шарттың 4 тармағында белгіленген мерзімде және мөлшерде төленеді.

7. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібін тараптар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімді жасау арқылы дербес айқындайды.

4. Қорлардың Салымшыларды/Алушыларды хабардар ету тәртібі

8. Салымшыға/Алушыға оның жинақтаған зейнетақы қаражаты туралы Қор беретін жыл сайынғы ақпаратқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы кіреді, оның ішінде:

1) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналарының және (немесе) аударымдарының және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы;

2) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы есептелген инвестициялық кірістің және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы;

3) Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;

4) өткен жылы жүргізілген зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының ұсталған табыс салығының сомасы көрсетіліп, айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы.

9. Салымшыны/Алушыны жыл сайын хабардар ету күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін екі ай ішінде Қордың меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.

9-1. Салымшының/Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабардар ету төлем карточкасы арқылы, сондай-ақ байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және өзге байланыс құралдары) арқылы жүргізілуі мүмкін.



5. Тараптардың міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы

жауапкершіліктері

10. Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді.



11. Салымшымен/Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға/Алушыға қайтарады.

12. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды Қор кінәсынан кешіктірген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есесі мөлшерінде Алушының пайдасына өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл төлеу Қорды нақты зейнетақы төлеуді (жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

13. Форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, белгіленген тәртіппен жарияланған және тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс төтенше жағдайлар мен ахуалдар болған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

14. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі.



6. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары

15. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша түрде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей айқындалмаған және енгізілген толықтыру Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.



16. Шарт заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, сондай-ақ осы Шарт бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда Салымшының/Алушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

 

7. Шарттың қолданылу мерзімі

17. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

18. Шарт тараптар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

19. Шарттың күші Салымшыға/Алушыға, оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасы төленгеннен кейін немесе Қор Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аударған кезде жойылады.

8. Дауларды шешу тәртібі

20. Тараптардың шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.

21. Шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде әрқайсысының заң күшi бiрдей екі дана етiп жасалады. Тараптардың әрқайсысында бір данадан, көшірмесі зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентте болады.

9. Тараптардың деректемелері және қолдары

              ҚОР                          САЛЫМШЫ/АЛУШЫ

   ________________________      ____________________________

Қордың атауы бизнес-сәйкестендіру  Алушының фамилиясы, аты

деректемелері,    нөмірі, банктік         (бар болса - әкесінің аты)

______________________________        ____________________________

Қордың (оның филиалының, өкілдігінің)    тұрғылықты жері, телефоны

   ______________________________

    нақты тұрған жері, телефоны

   ______________________________      ____________________________

       (Қор өкілінің қолы)              (Салымшының/Алушының қолы)

     Зейнетақы ережесімен таныстым _____________

 

Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен



қамсыздандыру туралы Үлгі шарты

(үшінші тұлғаның пайдасына)

_________ қаласы                 200___жылғы "___"_____

Жинақтаушы зейнетақы қоры__________________________________

 (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы,нақты орналасқан жері)

бұдан әрі "Қор" деп  аталады,  Жарғы  (немесе  сенімхат)  және  зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыруға  және  _____  жылғы "____" ______ №___зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия  негізінде іс-әрекет жасайтын

________________________________________________________________

     (лауазымы, фамилиясы, аты бар болса - әкесінің аты)

арқылы бір жағынан және заңды тулға____________________________

                                  (Жарғысына сәйкес толық және қысқаша

________________________________________________________________

атауы, нақты орналасқан жері - заңды тұлға үшін; фамилиясы, аты (болса  -

әкесінің аты), туған күні, тұрғылықты жері,жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі),______________________

(кім, қашан) "___" ______ж.берген - жеке тұлға үшін;

бұдан әрі "Салымшы" деп аталады,_______________________________

  (лауазымы, фамилиясы, аты бар болса - әкесінің аты)

___________________________(заңды тұлғаның өкілі),арқылы екінші жағынан,және №  _____________________  әлеуметтік  жеке  коды,



немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса, бар жеке тұлға_____________________

________________________________________________________________

                (аты-жөні, туған күні, тұратын жері)

________________________________________________________________

________________________________________________________________берген     (кім және қашан)

_______________________________________________________________

             жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі)

бұдан әрі "Алушы" деп аталады, үшінші жағынан, мына төмендегілер  жөнінде ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру  туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:



1. Шарттың мәні

1. Салымшы осы Шартқа сәйкес ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын Алушының пайдасына уақтылы енгізуге құқылы, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және зейнетақы төлемдерін жинақталған зейнетақы кірісі есепке ала отырып Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттенеді.



2. Тараптардың құкықтары мен міндеттері

2. Қор:

1) ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Алушыға №______________жеке зейнетақы шотын ашуға;

3) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға;

4) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

5) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялык кіріс есептеуге;

6) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауды қамтамасыз етуге;



7) Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

8) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр .ред. қара)

9) Шарт жасау кезінде Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында айқындылған көлемде ұсынуға;

10) Алушыға Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, соның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ауысуы және кастодиан банк туралы ақпаратты ұсынуға;

11) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Салымшыны және Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

12) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

13) Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

15) Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуте;



15-1) Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының немесе Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

16) Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Қордың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Алушының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында оның мүддесін білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Алушының құқығын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.

     4.Салымшы:______________________________________________________

              (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, бір жолғы және басқалары)

Салымшы анықтайтын мөлшерде ерікті зейнетақы жарнасын енгізеді.

5. Алушы:



2) растайтын құжаттарды ұсына отырып, олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы Қорға хабарлауға міндетті.

1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр .ред. қара)



2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

3) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуға, бірақ бір күнтізбелік жылда екі реттен көп емес, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын тиісті зейнетақы аннуиетінің шарты болған жағдайда Қордан сақтандыру ұйымына аударуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен;

4) Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға төлемдерді жүзеге асыру сәтіне;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзінің жинакталған зейнетакы каражатын мүраға қалдыруға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

7) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға күқығы бар.



3. Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін енгізу тәртібі мен шарттары

6-1. Салымшы мыналарға құқылы:



1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр .ред. қара)

2) жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпарат алуға Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісім негізінде Алушыны;

3) Қордың іс-әрекеттеріне сотқа шағымдануға.

7. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленеді.

8. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібін тараптар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімді жасау арқылы дербес айқындайды.

4. Қордың Алушыны хабардар ету тәртібі

9. Алушыға жинақтаған зейнетақы қаражаты туралы Қор беретін жыл сайынғы ақпаратқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы кіреді, оның ішінде:

1) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналарының және (немесе) аударымдарының айлар бойынша және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып бөліп көрсетілген сомасы;

2) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы есептелген инвестициялық кірістің айлар бойынша және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып бөліп көрсетілген сомасы;

3) Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;

4) өткен жылы жүргізілген зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының ұсталған табыс салығының сомасын көрсетіліп, айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы.

10. Алушы жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін екі ай ішінде Қордың меншікті қаражаты есебінен міндетті түрде хабардар етіледі.

10-1. Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабардар ету төлем карточкасы арқылы, сондай-ақ байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және өзге байланыс құралдары) арқылы жүргізілуі мүмкін.



5. Тараптардың міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы

жауапкершіліктері

11. Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді.



12. Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға қайтарады.

13. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Қор кінәсынан кешіктірілген жағдайда, Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде Алушының пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл төлеу Қорды нақты зейнетақы төлеуді (жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

14. Форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, белгіленген тәртіппен жарияланған және тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс төтенше жағдайлар мен ахуалдар болған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

15. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі.



6. Шартты өзгерту және бүзу тәртібі мен талаптары

16. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша түрде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей айқындалмаған және енгізілген толықтыру Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.



17. Шарт заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, сондай-ақ осы Шарт бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

 

7. Шарттың қолданылу мерзімі

18. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

19. Шарт тараптар зейнетақы шарты бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

20. Шарттың күші Алушыға, оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасы төленгеннен кейін немесе Қор Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аударған кезде жойылады.

8. Дауларды шешу тәртібі

21. Тараптардың шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.

22. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде әрқайсысының заң күші бірдей үш дана етіп жасалады. Тараптардың әрқайсында бір данадан болады.

9. Тараптардың деректемелері және қолдары

 ҚОР                                   Салымшы - заңды тұлға

_____________________     _______________________

(Қордың атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері, (атауы,бизнес



                                           -сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері нақты

_____________________________________   ___________________________

Қордың (оның филиалының, өкілдігінің)      орналасқан жері, телефоны

  орналасқан жері, телефоны

____________________     _____________________

(Қор өкілінің қолы)                       (Салымшының қолы)

 

         



АЛУШЫ

______________________________________

Алушының аты-жөні,

 

______________________________________



тұрғылықты жері, телефоны

______________________________________

(Алушының қолы)

Зейнетақы ережесімен таныстым:

Салымшы  _____________

Алушы    _____________

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 21 сәуірдегі

138 қаулысына

3-қосымша

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен

зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Үлгі шарты

_______________қаласы           "____" ____________ 200___жыл

Жинақтаушы зейнетақы қоры _______________________________________________

  (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы, нақты орналасқан жері)

бұдан әрі "Қор" деп  аталады,  Жарғы  (немесе  сенімхат)  және  зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыруға  және  _____  жылғы "____" ______ №___ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(лауазымы, фамилиясы, аты жөні)

арқылы бір жағынан және эаңды тұлға_____________________________

                                    (Жарғысына сәйкес толық және

________________________________________________________________

            қысқаша атауы, нақты орналасқан жері;

бұдан әрі "Салымшы" деп аталады, _______________________________

                                     (лауазымы, аты-жөні)

________________________________________ (заңды тұлғаның өкілі), арқылы екінші

жағынан, және № _____________________________ әлеуметтік жеке коды,немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса),бар жеке тұлға

________________________________________________________________

  (аты-жөні, туған күні, тұратын жері, жеке басын куәландыратын

________________________________________________________________ берген  құжат (сериясы, нөмірі) (кім және қашан)

________________________________________________________________

жеке басын  куәландырған  құжаттың сериясы _____  № _______,  бұдан әрі "Алушы"  деп  аталады, үшінші жағынан, мына  төмендегілер жөнінде міндетті зейнетақы жарналарының  есебінен  зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:

1. Шарттың мәні

1. Салымшы осы Шартқа сәйкес ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын Алушының пайдасына уақтылы енгізуге құқылы, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және зейнетақы төлемдерін жинақталған зейнетақы кірісі есепке ала отырып Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттенеді.



2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2. Қор:

1) ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Алушыға № ______________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

3) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға;

4) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

5) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кіріс есептеуге;

6) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауды қамтамасыз етуге;



7) Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

8) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр .ред. қара)

9) Шарт жасау кезінде Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көлемде ұсынуға;

10) Алушыға Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, соның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ауысуы және кастодиан банк туралы ақпаратты ұсынуға;

11) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

12) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

13) Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

15) Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;



15-1) Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының немесе Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

16) Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Қордың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Алушының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында оның мүддесін білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Алушының құқығын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.

     4. Салымшы: ___________________________________________

              (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, бір жолғы және басқалары)

Алушының пайдасына ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын _______ мөлшерде және Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен енгізеді.

5. Салымшы мен Алушы Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Шарт тараптарына растайтын құжаттарды ұсына отырып хабарлауға міндетті.

6. Алушының:

1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр .ред. қара)

2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;



3) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуға, бірақ бір күнтізбелік жылда екі реттен көп емес, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын тиісті зейнетақы аннуиетінің шарты болған жағдайда Қордан сақтандыру ұйымына аударуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен;

4) Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға төлемдерді жүзеге асыру сәтіне;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыруға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

7) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.




Каталог: download -> 1185
download -> Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы
download -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
download -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
download -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
download -> Сабақтың тақырыбы: Етістік
download -> Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет