74. Адамның иммундық тапшылық вирусы және В гепатитi диагностикумдары, сондай-ақ І және П патогендік топқа жататын патогендi микроорганизмдер мен биологиялық улар пайдаланылатын бактериялық және вирусты препараттар өндiрiсi
155. Бокстар мен бокс үй-жайларында жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер.
75. В12 витамині, бензоат натрийі, гидроперит, сульфат кальцийі, уродан, хлорлы кальций, терпингидрат, валидол, колларгол, азот қышқылы, Дорогов антисептик-стимуляторы, танальбин, қыша жағылған қағаз, лейкопластырь, глютаминді қышқыл, этилацетат, гексахлоран эмульсиясы, бактериялық препараттар, құрамында ұшпа, күшті толтырғыштары, пелоидин, гидрототықтың барийі бар бұлшық етті-аденилді препараттарын, майлар мен эмульсияларды өлшеп орау, қауіптілігі 3-сыныптағы зиянды заттардан төмен емес зиянды органикалық ерітінділер қолданылатын препараттар өндірісі, дайын дәрілік құралдар өндірісі
156. Көрсетiлген өндiрiстiң технологиялық процесiнде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
барлық атаудағы аппаратшылар;
біліктеуші;
шпредингист.
76. Микробиологиялық синтездеу арқылы алынатын антибиотиктер мен медициналық мақсаттағы препараттар өндірісі
157. Көрсетiлген өндiрiстiң технологиялық процесiнде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
барлық атаудағы аппаратшылар;
биосинтетикалық дәрілік құралдарды өндіру препараторшысы;
антибиотиктердің дайын өнімдері өндірісінде істейтін медициналық мақсаттағы өнімдерді қараушы.
77. Жұмыс аймағының ауасында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар бар цехтарда, бөлiмшелерде, учаскелерде және жеке қондырғыларда микробиологиялық синтезбен алынатын медициналық мақсатқа арналмаған өнiмдер мен препараттар өндiрiсi
158. Көрсетiлген өндiрiстiң технологиялық процесiнде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар.
78. Жануарлар шикiзатынан жасалатын тігу материалының өндірісі
159. Көрсетiлген өндiрiстiң технологиялық процесiнде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
химиялық ерiтiндiлердi даярлау аппаратшысы;
хирургиялық жiп материалын салушы;
кетгут жасаушы;
материалдар мен жартылай дайын өнімдерді ораушы;
фиксаторшы;
медициналық бұйымдарды ыспалаушы.
79. Жұмыс аймағы ауасында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттармен және патогенді 1-3-топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде биологиялық кәсiпорындарда, өндiрiстiк зертханаларда, цехтарда, бөлiмшелерде, учаскелерде және жеке қондырғыларда өндiрілетiн ветеринарлық биологиялық, химиялық-фармацевтикалық препараттар мен өсiмдiктердi биологиялық қорғау құралдары өндiрiсi
160. Көрсетiлген өндiрiстiң технологиялық процесiнде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
барлық атаудағы аппаратшы;
бактериолог, оның ішінде цех зертханаларының бактериологы;
биохимик;
түйiршiктеушi;
медициналық препараттарды мөлшерлеуші;
дражирлеуші;
медициналық өнiмдi ораушы;
ампулаларды дәнекерлеушi;
капилляршы;
медициналық мақсаттағы өнiмдердi (операцияаралық бақылауда) бақылаушы, оның ішінде техникалық бақылау бөлімі;
барлық атаудағы зертханашы, оның ішінде цех зертханаларының зертханашысы;
таблеткашы-машинист;
ыдыстар мен ампулаларды (хром қосындысымен, қышқылмен және сiлтiмен) жуушы;
ампулаларды толтырушы;
көмекші жұмысшы;
биосинтетикалық емдiк заттар өндiрiсi препараторы;
елеушi;
қатты, сұйық, газ тәрiздес қалдықтарды қайта өңдеумен, кәдеге жаратумен, ыдыстарды, химиялық аппаратураны тазалаумен, зиянды химиялық өнiмдерден босатылған ыдыстарды жуумен, өңдеумен, өндірiстiк ағын суларды бейтараптандырумен, тазалаумен, зиянды бу мен газдарды газсыздандырумен, зиянсыздандырумен, жабық ыдыстарды футеровкалаумен және термооқшаулаумен, гуммирлеумен айналысатын жұмысшылар;
бокстарда жұмыс iстейтiн жұмысшы;
стерильдi ерiтiндiлердi құюшы;
ампулалар мен түтiкшелердi кесушi;
құюшы-төгушi (қышқылдар мен сiлтiлердi);
материалдар мен препараттар стерилизаторшысы;
тасымалдаушы;
тығындаумен айналысатын салып-ораушы;
ашық препараттарды буып-түюмен айналысатын салып-ораушы;
медициналық препараттарды, жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды қалыптаушы.
Қызметшілер:
Ауысым, қондырғы (бұрғылау, газобензинді, оттегі, байыту, регенерациялық және басқа) бөлімшенің, учаскенің, цехтың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
шебер (аға);
механик;
микробиолог (аға);
технолог;
фармаколог, оның ішінде цех зертханаларының фармакологы;
өндіріс пен цех зертханаларында істейтін химик.
13. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мекемелері
161. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мекемелерінде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
балет әpтici;
онкология ұйымдарының (бөлiмшелерінің) химия-терапия кабинеттерi және бөлiмшелеріндегі дәрiгерлер, медициналық персонал (орта және кіші);
туберкулезге қарсы ұйымдардағы (бөлiмшелер мен кабинеттерде), лепрозорийлерде, науқастарға тiкелей қызмет ететін медицина қызметкерлері;
патологиялық-анотомиялық бюролар мен бөлімшелердегі медицина қызметкелері;
радиоактивтi заттармен тікелей және үнемі жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері;
сәулелік диагностика және терапия бөлімшелерінде (кабинеттерінде) жұмыс істейтін қызметкерлер;
1 және 3-патогенді тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін ұйым қызметкерлері.
14. Көлік
80. Теміржол көлігі
162. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер:
Жұмысшылар:
химиялық ерітінді дайындау аппаратшысы;
бандажшы;
пойыздардың қозғалысы қарқынды магистральды теміржол желілері учаскелеріндегі жолдар мен жасанды құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу бригадирі (босатылған);
жуу-булау станцияларында (пойыздарда, пункттерде) істейтін теміржол көлігі кәсіпорындарының бригадирі (босатылған);
қорғасын-қалайы қоспаларын құюшы;
дизель-пойыз машинисі (көмекші);
тепловоз машинисі (көмекші);
электровоз машинисі (көмекші);
электропойыз машинисі (көмекші);
магистральды теміржол желілері учаскелеріндегі жолдар мен жасанды құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеумен айналысатын жол монтері;
магистральды теміржол желілердің сыныптан тыс, бірінші және екінші сыныпты станциялар вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінде айналысатын вагон тексеруші;
магистральды теміржол желілерінің сыныптан тыс, бірінші және екінші сыныпты станция вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінде жұмыс істейтін вагон тексеруші-жөндеуші;
күкірт мұнайы мен ащы заттарды құю және ағызу пункттерінде істейтін жүктер мен жолжүктерді қабылдап-тапсырушы;
мұнай өнімдері мен химия өнімдерінен цистерналарды өңдеумен айналысатын цистерналарды жуушы-булаушы;
вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші;
магистральды теміржол желілерінің қозғалысы қарқынды учаскелерін жасанды құрылыстарды жөндеуші;
мұнай өнімдері мен химия өнімдерінен цистерналарды жөндеумен айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь;
цистерналарды жөндеу, толтыру және клапандарын ауыстырумен айналысатын жылжымалы құрамдарды жөндеу жөніндегі слесарь;
пойыз құрастырушы;
магистральды теміржол желілерінде жұмыс істейтін жанасу желілерінің электромонтері.
Қызметшілер:
пойыз диспетчері;
пойыздар қозғалысы қарқынды магистральды теміржол желілері учаскелерінде пойыздарды қабылдау жіберу және өткізумен айналысатын сыныптан тыс, бірінші сыныпты теміржол станциялары кезекшісі;
жуу-булау станциясының (пойыз, пункт) шебері.
81. Теңiз және өзен флоты
163. Жүзуші құрамына кіретін, жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
үнемі су айлағы портында (қызметтік жүріп-тұру, қала маңы және қала ішілік қатынастарды қоспағанда) жұмыс істейтін қызметтік-көмекші флот кемелері мен порттық флот кемесінің машина командасы:
сұйық отынмен жұмыс істейтін кеменің от жағушысы;
барлық атаудағы машинистер;
механик (бас, аға), (көмекші);
барлық атаудағы моторшы.
Қызметшілер:
электромеханик (аға), оның көмекшісі;
164. Жағадағы құрамға кіретін жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
жарушы;
доктарда кемелерді сырлау және қырнаумен айналысатын бояушы;
трюм моторшысы.
82. Азаматтық авиация
165. Қозғалыс қарқыны аса жоғары немесе күрделі әуежайлар, аэротораптар аймағында, аэродромдық-диспетчерлiк аудандық, көмекшi орталықтар мен олардың секторларында, жергілікті диспетчер пункттерінде әуе қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асырумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер (диспетчерлер, нұсқаушылар, аға диспетчерлер, ұшуды басқарушылар).
166. Жылына кемiнде 500 сағат шартты ұшу жағдайындағы (штурман, ұшқыш, нұсқаушы-жолсерiк, жолсерiк, бортрадист, бортоператор, бортинженер) азаматтық әуе кемесі ұшқыштар экипажының мүшелері.
15. Метиз өндірісі
83. Сым және калибрлі металл өндірісі
167. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
темір купоросын өндірумен айналысатын барлық атаудағы аппаратшы;
сым созумен айналысатын негізгі өндіріс учаскелерінің бригадирі;
сым созушы;
калибрлі металды созумен айналысатын сым созушы;
абразивті дөңгелектерді сынаушы;
шыңдап қыздырушы;
шебер (аға);
уыттау, термотүзеу және созумен айналысатын кран машинисі (краншы);
арқан ораумен айналысатын машинист;
металды жуушы-кептіруші;
сым мен трос ораушы;
контактты (нығыздаушы) дәнекерлеу машинасының дәнекерлеушісі;
ыстық жұмыс және еңбек жағдайлары зиянды учаскелерде жұмыс істейтін слесарь-жөндеуші;
абразивті дөңгелектерді құрғақ тәсілмен тегістеумен айналысатын тегістеуші.
84. Дәнекерлеуге арналған ауырсылақты және сапалы электродтар мен флюс өндірісі
168. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
брикетші;
сылақтың құрамбөліктерін уатушы;
шебер (аға);
сылақ престерінің пресшісі;
пештегі қыздырушы;
силикат кесектерін пісіріп балқытушы;
ыстық жұмыс учаскелерінде істейтін слесарь-жөндеуші;
электродтарды сұрыптаушы;
сылақты құрастырушы;
сылақ және флюс құрамбөліктерін кептіруші;
электродтарды кептіруші;
флюсші;
электродшы;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін электр құрал-жабдықтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын электромонтер.
16. Жеңiл өнеркәсiп
85. Тоқыма өнеркәсiбi
169. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыста iстейтiн жұмысшылар:
аппреттеу аппаратшысы;
каустификация аппаратшысы;
зерлеу аппаратшысы;
қосу аппаратшысы (қара анилинді бояулармен жұмыс кезінде);
қанықтыру аппаратшысы;
матаны термоөңдеу аппаратшысы;
хлорлау және станнирлеу аппаратшысы;
аппрет қайнатушы;
діңше күреуші;
жасанды тері жасаумен тікелей айналысатын тоқыма, кенеп бұйымдарын тоқушы;
химиялық қоспа мен бояу жасаушы;
матаны булаушы;
жүн бұйымдарын булаушы;
қышқылдатушы;
бояушы;
бояу дайындау кезінде пайдаланылған ушаттарды, щеткаларды, жәшіктер мен ыдыстарды жуумен айналысатын жуу машинасының машинисі;
техникалық шұғаны өңдеу өндірісінде істейтін беттестіру жабдықтарының операторы;
түту жабдығының (агрегат, машина) барлық атаудағы операторы;
инемен тескіш жабдықтың операторы;
иірілген жіп пен матаны күйдірумен айналысатын (табиғи жібек жіптен басқа) күйдіру жабдығының операторы;
жасанды теріні өңдеумен тікелей айналысатын қырқу жабдығының операторы;
жасанды тері жасаумен тікелей айналысатын түткіш-тоқыма жабдығының операторы;
ақтаушы;
пісіруші;
жасанды теріні өңдеумен тікелей айналысатын түк өңдеуші;
Жылтыратушы;
ақтау жабдығына, жетілдіру-булау, бояу, бояу пісіру жабдығына, карбондау және техникалық шұғаны өңдеу өндірісіне қызмет көрсетумен және баптаумен айналысатын шебердің көмекшісі;
техникалық шұға жуушы;
желімделген тоқылмаған материалдар өндірісінде істейтін жұмысшы;
біліктерді хромдау және мыстаумен айналысатын жұмысшы;
қалдықтарды өңдеуші;
талшықтарды араластырушы;
шұға түсіруші;
баспа машинаның кептіргішінде істейтін кептіруші (толтырушы);
техникалық шұғаны өңдеу өндірісінде және камералық кептіргіштерде жұмыс істейтін кептіруші;
білік өрнектеуші;
дымқыл тауар мен жіпті қолмен салып-іріктеуші;
шұлық-ұйық және қолғап бұйымдарын қалыптаумен айналысатын тоқыма бұйымдарын қалыптаушы;
тарау аппараттарын тазалап ұштаушы.
86. Мақта мата және мақта өндiрiсi
170. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
мамық пен қалдықтарды күреуші;
барабандарды сүзгілеуші (қолмен);
қопсыту-түту агрегаттарында және киім мақтасын шығару кезінде иісті газбен иіріп шикізат қоспасын жасауда, мақта фабрикаларында істейтін жұмысшы.
87. Зығыр және кендір жіп өндірісі
171. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
қалдықтарды күреуші;
қанықтыру жабдығының операторы;
талшық өңдеуші (зығыр өндірісі);
түту жабдығы мен зығыр-түткіш машиналарына қызмет көрсетумен және дымқыл түтумен айналысатын шебердің көмекшісі;
қалдықтарды престеуші;
талшық дайындаушы;
қанықтыру құрамын дайындаушы;
дымқыл иірумен айналысатын иіруші;
түту жабдығы мен зығыр-түткіш машиналарда істейтін жұмысшы;
дымқыл қалдықтарды жинаушы;
дымқыл иірумен айналысатын сызбалаушы.
88. Жүн өндірісі
172. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
карбонизаторшы;
қалдық пен жуылмаған жүнді түтумен айналысатын қопсыту-түту машинасының операторы.
89. Жібек және жібек орау өндірісі
173. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
қалдықтарды пісіруге арналған химиялық құрамды қайнатушы;
жібек құртын булаушы;
жібек құртын ораушы;
дөңгелек түткіш машина операторы;
жібек құрты қалдығын пісіруші;
жібек құрты қалдығын жаныштаумен айналысатын жаныштаушы;
шикізатты жуушы;
жібек құрты қалдықтарын өңдеуші;
шикізатты өңдеуші;
жібек құрты мен оның қалдықтарын кесумен айналысатын материалдар мен бұйымдарды кесуші;
қалдықтарды кептіруші;
жібек құрты қалдықтарын ылғалдандырумен айналысатын шикізат ылғалдандырушы.
90. Жуылмаған және зауыттық жүн, қыл және түкті алғашқы өңдеу
174. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
сулы-химиялық өңдеу аппаратшысы;
сепарациялау және флотация аппаратшысы;
тері-үлбір шикізатын консервілеуші;
түту және араластыру машиналарының машинисі;
шелдеуші;
жуылмаған жүнді жуумен айналысатын жүн жуушы;
қыл мен түк жуушы;
жуылмаған жүнмен жұмыс істейтін төсеуші;
теріні түк сыпырушы қоспамен өңдеуші;
қопсыту-түту машиналарының операторы;
дайын өнім мен қалдықтарды престеуші;
қалдықтарды ұсақтаушы;
дымқыл қалдықтарды жинаушы;
жуылмаған қыл мен түктерді түрлері бойынша алғашқы сұрыптаумен айналысатын жартылай дайын өнім мен материалдарды, бұйымдарды сұрыптаушы;
жуылмаған жүнді сұрыптаушы.
Достарыңызбен бөлісу: |