Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі



бет7/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#124963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

121

II, III, IV қауіптілік сыныбы лазерлерінің лазерлік сәулелері (ашық сәулемен жұмыс істегенде)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог

Қанның толық формуласы, ЭКГ, электроэнцефалография (бұдан әрі - ЭЭГ) көрсеткіштер бойынша, ФГ

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Перифериялық және орталық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Көз торларының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Катаракта.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.

Ісік алдындағы аурулар, ісіктер.

122

Ультракүлгін сәуле

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, дерматовенеролог, онколог

Қанның толық формуласы, ЭКГ, көз түбінің офтальмоскопиясы

көз ортасының биомикроскопиясы

көздің жітілігі тонометрия

Көз торларының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.

Лагофтальм.

Бір көзде 0,5 Д және екінші көзде 0,2 Д төмен емес түзетусіз көздің көргіштігі.

Алдын ала медициналық тексеру кезінде 4,0 Д жоғары миопия свыше және/немесе 3,25 Д жоғары гиперметропия; мерзімдік медициналық тексеру кезінде 5,0 Д жоғары миопия және/немесе 4,5 Д гиперметропия.

Күнтізбелік жылда 4 рет және одан жиі асқынатын терінің және оның қосалқы бөліктерінің созылмалы қайталама аурулары.



Қайта туындауға бейім жоғары тыныс алу жолдарының және терінің аурулары (созылмалы гиперпластикалық ларингит, гиперкератоза, дискератоза, пигментті көптеген папилломалар және невустар және басқалары).

123

Оптикалық ауқымның электромагниттік сәулесі (II, III, IV қауіптілік сыныбы лазерлерінің сәулесі)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, офтальмолог, дерматовенеролог, невропатолог,

Ретикулоциттер

Тромбоциттер

көз ортасының биомикроскопиясы

көз түбінің офтальмоскопиясы

Асқынған катаракта.

Терінің және оның қосалқыларының күнтізбелік жылда 4 рет және дан жиі асқынатын созылмалы қайталама аурулары.

Көз торының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

124

Радиожиілікті ауқымдағы электромагниттік өріс (10 кГц – 300 ГГц)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог,

эндокринолог,

дерматовенеролог,

Ретикулоциттер

Тромбоциттер

Эритроциттердің базофильді түйіршіктелуі

Гормоналдық мәртебе

көз ортасының биомикроскопиясы

көз түбінің офтальмоскопиясы

Асқынған катаракта.

Көз торының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

125

Өнеркәсіптік жиіліктің электр және магниттік өрісі (50 Гц)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, эндокринолог,


Ретикулоциттер

Тромбоциттер

*Эритроциттердің базофильді түйіршіктелуі

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

126

Электростатикалық өріс, тұрақты магниттік өріс

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невролог, офтальмолог,

Ретикулоциттер

Тромбоциттер

көз түбінің офтальмоскопиясы көз ортасының биомикроскопиясы

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

Асқынған катаракта.

Көз торының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.


127

ПЭВМ жиіліктерінің кең жолақты спектрлі электромагниттік өрісі (санау, ақпаратты енгізу бойынша жұмыс, жұмыс уақытының кемінде 50 % жиынтығында көз диалогы режіміндегі жұмыс)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог, офтальмолог

Көздің көргіштігі тонометрия

скиаскопия рефрактометрия

аккомодация көлемі

бинокулярлық көруді зерттеу

түсті сезіну



көз ортасының биомикроскопиясы

көз түбінің офтальмоскопиясы

Асқынған катаракта.

Көз торының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

128

Өзгерген геомагниттік өріс (қалқаланған үй-жайлар, түкпірде орналасқан құрлыстар)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог, эндокринолог

Ретикулоциттер

Тромбоциттер

Эритроциттердің базофильді түйіршіктелуі

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

129

Жергілікті діріл

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог,

оториноларинголог,

гинеколог

Суық сынамасы, палестизиометрия, ЭКГ, ФГ, көрсеткіштер бойынша: перифериялық қан тамырларының реовазографиясы, тірек-қозғалыс аппаратының рентгенографиясы, вестибулярлы анализатор зерттемесі, аудиометрия, түзету арқылы көздің көргіштігі

Артериялардың облитерациялаушы аурулары, перифериялық ангиоспазм.

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Әйелдердің жыныс ағзаларының орналасу аномалиялары.

Жиі асқынатын жатырдың және оның қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары.

Жоғары және асқынған көз көрмеушілік 8,0 Д жоғары.

Кез келген этиологиядағы вестибулярлы аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Вегетативті-қан тамырларының айқындалған дистониясы.

130

Жалпы діріл

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог,

оториноларинголог, офтальмолог, хирург

Палестизиометрия

Суық сынамасы

Перифериялық қан тамырларының РВГ (УДЗ)

ЭНМГ

вестибулярлы анализатор зерттемесі, аудиометрия, түзету арқылы көздің көргіштігі


Компенсация сатысына қарамастан қан тамырларының облитерациялаушы аурулары.

Рейно ауруы және синдромы.

Күнтізбелік жылда 3 рет және одан жиі асқынатын перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Вегетативті (автономды) нерв жүйесінің айқын бұзылулары.

Кез келген этиологиядағы вестибулярлы аппарат функцияларының бұзылуы.

Күнтізбелік жылда 3 рет және одан жиі асқынатын жатырдың және оның қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары.

Жоғары немесе асқынған алыстан көрмеушілік (8,0 Д жоғары).

Кез келген этиологиядағы кем дегенде бір құлақтың естуінің тұрақты (3 және көп ай) төмендеуі (5 м аз).

131

Өндірістік шу

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, оториноларинголог, невропатолог

ЭКГ, ФГ, көрсеткіштер бойынша: аудиометрия, вестибулярлы аппаратты зерттеу

Кез келген этиологиядағы кем дегенде бір құлақтың естуінің тұрақты төмендеуі.

Отосклероз және басқа да жағымсыз болжамды созылмалы құлақ аурулары.

Кез келген этиологиядағы вестибулярлы аппарат функцияларының бұзылуы.

132

Инфрадыбыс

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт оториноларинголог, невропатолог

ЭКГ, ФГ, көрсеткіштер бойынша:

аудиометрия, көз тамырларын зерттеу, Көз түбінің офтальмоскопиясы

Кез келген этиологиядағы кем дегенде бір құлақтың естуінің тұрақты төмендеуі.

Отосклероз және басқа да жағымсыз болжамды созылмалы құлақ аурулары.

Кез келген этиологиядағы вестибулярлы аппарат функцияларының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Вегетативті-қан тамырлары дистониясы.

Компенсация сатысына қарамастан орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары.

Кез келген этиологиядағы естудің бірқалыпты және елеусіз сатысы.

133

Ультрадыбыс, ауамен контактылы

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог, офтальмолог, гинеколог

ЭКГ, ФГ, айғақтар бойынша: перифериялық қан тамырларының реовазографиясы, тірек-қозғалыс аппаратының рентгенографиясы, аудиометрия, көз түбінің офтальмоскопиясы, көз ортасының биомикроскопиясы

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Артериялардың облитерациялаушы аурулары, перифериялық ангиоспазм (Рейно ауруы мен синдромы).

134

Жоғарғы атмосфералық қысым. Кессондарда жұмыс, сүңгуір жұмыстары, Барокамералардағы жұмыс

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, стоматолог

Қанның жалпы талдауы, ФГ, вестибулярлы аппаратты зерттеу, ЭКГ

Созылмалы отит, барабан жарғақтарының атрофиялық тыртықтары.

Созылмалы бронхит.

Жоғары тыныс алу жолдарының, өкпе бронхы аппаратының созылмалы аурулары.

Вестибуляр аппараты функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Көру функциясының бұзылуына алып келетін кез келген көз ауруы; көздің көргіштігі бір көзде 0,8, екінші көзде 0,5 төмен (түзетусіз). Перифериялық және орталық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Компенсация дәрежесі қарамастан, жүрек аурулары.

Қысылуға бейім жарықтар. Веналардың таралған варикоздық кеңеюі, геморрой, тамырлардың облитерациялаушы аурулары.

Тірек-қозғалыс аппараты дамуының айқын ақаулары және жарақат салдарлары.

Гипертониялық ауру.

135

Жалпы салқындату: үй-жайдағы ауа температурасы рұқсат етілетін температурадан8 0С және одан артық, ашық аумақтағы орташа температура 10 0С - 20 0С дейін және одан төмен болғанда; жергілікті салқындату

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, хирург, оториноларинголог, гинеколог

Суық жүктемесі арқылы термометрия, перифериялық қан тамырларының реовазографиясы, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Тамырлардың облитерациялаушы аурулары, перифериялық ангиоспазм.

Веналардың айқын варикоздық кеңеюі, тромбофлебит.

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары.

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

136

Температураны 40С дейін және рұқсат етілген шектен жоғары көтеру

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, дерматовенеролог, гинеколог, офтальмолог

Перифериялық қан тамырларының реовазографиясы, ЭКГ, ФГ, спирография, мидриазбен көз ортасының биомикроскопиясы

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Айқын вегетативті-қан тамырлары дистониясы. Катаракта.

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары.

137

Жылулық сәулелену, жылулық сәулеленудің қарқындылығы

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, дерматовенеролог, гинеколог, офтальмолог

Перифериялық қан тамырларының реовазографиясы, ЭКГ, ФГ, спирография, мидриазбен көз ортасының биомикроскопиясы

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Тамырлардың облитерациялаушы аурулары, перифериялық ангиоспазм.

Айқын вегетативті-қан тамырлары дистониясы, тромбофлебит.

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары.

 

3. Ауырлық және кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек үдерісінің факторлары

138

Жүкті қолмен көтеру және орнын ауыстыру

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, уролог, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: электронейромиография (бұдан әрі - ЭНМГ), омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы, көрсеткіштер бойынша: перифериялық артериялардың УЗДГ, перифериялық тамырлардың реовазографисы

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Артериялардың облитерациялаушы аурулары, перифериялық ангиоспазм.

Айқын вегетативті-қан тамырлары дистониясы, тромбфлебит, геморрой. Айқын энтероптоз, жарық, тік ішектің төмен түсуі, протузия немесе омыртқа сегменттерінің жарығы, омыртқа сегментінің жарығын операциялық емдегеннен кейінгі жағдай, жүректің ишемиялық ауруы.

139

Ауыр жүкті көтеру және орнын ауыстыру (тұрақты сағатына 2 реттен жиі) ерлер 15 кг жоғары, әйелдер 7 кг дейін

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: ЭМГ, ЭНМГ, омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы, көрсеткіштер бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Омыртқа дискілерінің жарығымен және протрузиясымен сипатталатын бел немесе бел сегізкөз остеохондрозы, дискі жарығын операциялық емдегеннен кейінгі жағдай.

140

Басқа жұмыспен кезектестіргенде ауыр жүкті көтеру және орнын ауыстыру (сағатына 2 ретке дейін): ерлер 30 кг жоғары, әйелдер 10 кг дейін

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: ЭМГ, ЭНМГ, омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы, көрсеткіштер бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Омыртқа дискілерінің жарығымен және протрузиясымен сипатталатын бел немесе бел сегізкөз остеохондрозы, дискі жарығын операциялық емдегеннен кейінгі жағдай.

141

Жұмыс бетінен көтеру:

ерлер 870 кг жоғары,

әйелдер 350 кг дейін

еденнен көтеру:

ерлер 435 кг жоғары

әйелдер 175 кг дейін

Жылына 1 рет

 Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: ЭМГ, ЭНМГ, омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы, көрсеткіштер бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Омыртқа дискілерінің жарығымен және протрузиясымен сипатталатын бел немесе бел сегізкөз остеохондрозы, дискі жарығын операциялық емдегеннен кейінгі жағдай.

142

Жүкті біраз уақыт салмақтап ұстап тұру (бөлшектер, аспаптар),

ауысым бойында бір қолға күш түсіру

(килограмм (бұдан әрі - кг), секундтар (бұдан әрі - сек)

ерлер - 36000-70000

ерлер 70000 жоғары;

әйелдер 42000 дейін

2 жылда 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: шынтақ буындарының 2 проекциялы рентгенографиясы, Көрсеткіштер бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Шынтақ буындарының деформациялайтын остеартрозы.

143

Жүкті біраз уақыт салмақтап ұстап тұру (бөлшектер, аспаптар),

ауысым бойында екі қолға күш түсіру (кг. сек):

ерлер – 700001-4000

әйелдер – 42000-8400

ерлер 140000 жоғары

әйелдер 84000 дейін

2 жылда 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: шынтақ буындарының 2 проекциялы рентгенографиясы, айғақтар бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Шынтақ буындарының деформациялайтын остеартрозы.

144

Аймақтық бұлшық еттерге, басым қол бұлшық еттеріне және иық белдеуі күш түсіруге және корпустың еріксіз иілуіне байланысты жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: шынтақ буындарының 2 проекциялы рентгенографиясы, ЭНМГ, омыртқаның бел бөлігінің 2 проекциялы рентгенографиясы, айғақтар бойынша: кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Әйел жыныс ағзаларының төмен түсуі (айналуы).

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары, жүректің ишемиялық ауруы.

Шынтақ буындарының деформациялайтын остеартрозы. Омыртқа дискілерінің жарығымен және протрузиясымен сипатталатын бел немесе бел сегізкөз остеохондрозы, дискі жарығын операциялық емдегеннен кейінгі жағдай.

145

Еріксіз жұмыс қалпында тұру (тізерлеп,жүресінен отыру):

ауысым уақытының 25 % дейін

ауысым уақытының 25 % артық

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, терапевт, гинеколог

ЭКГ, ФГ, осы жағдайларда 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі болғанда және көрсеткіштер бойынша: тізе буындарының 2 проекциялы рентгенографиясы

Тізе буындарының деформациялайтын остеартрозы.

Жүректің ишемиялық ауруы. 2 және 3 дәрежелі 3 және 4 тәуекел сыныбының артериялық гипертензия.

146

Көзге күш түсіретін жұмыстар: прецизионды, оптикалық аспаптармен және экранға бақылау жасау

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, невропатолог, терапевт

Көздің көргіштігін анықтау, скиоскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемін анықтау, бинокулярлық көруді зерттеу, түсті сезіну, көз ортасының биомикроскопиясы, ЭКГ, ФГ

Алдын ала медициналық тексеру кезінде түзетілген көздің көргіштігі 1,0 төмен, қайталама мерзімдік медициналық тексеру кезінде бір көзде 0,8 төмен, ал екінші көзде 0,5 төмен.

Рефракция аномалиялары: алдын ала тексеру кезінде — миопия 2,0 Д жоғары, гиперметропия 2,0 Д жоғары, астигматизм 1,0 Д жоғары; қайталама медициналық тексеру кезінде: миопия 8,0 Д жоғары, гиперметропия 6,0 Д жоғары, астигматизм 3,0 Д жоғары.

Бинокулярлық көрудің болмауы.

Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі.

Лагофтальм.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары (қабақ, конъюнктивалар, мөлдір қабық, жас шығару жолдары).

Көру нервінің, көз торының аурулары.

147

0,3 мм дейін ажырату объектілерімен прецизионды жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, невропатолог, терапевт

Көздің көргіштігін анықтау, скиоскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемін анықтау, бинокулярлық көруді зерттеу, түсті сезіну, көз ортасының биомикроскопиясы, ЭКГ, ФГ

Алдын ала профилактикалық тексеру кезінде түзетілген көздің көргіштігі 1,0 төмен, қайталама және мерзімдік медициналық тексеру кезінде бір көзде 0,8 төмен, ал екінші көзде 0,5 төмен.

Рефракция аномалиялары: алдын ала тексеру кезінде — миопия 2,0 Д жоғары, гиперметропия 2,0 Д жоғары, астигматизм 1,0 Д жоғары; қайталама тексеру кезінде: миопия 8,0 Д жоғары, гиперметропия 6,0 Д жоғары, астигматизм 3,0 Д жоғары.

Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі.

Бинокулярлық көрудің болмауы.

Лагофтальм.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары (қабақ, конъюнктивалар, мөлдір қабық, жас шығару жолдары).

Көру нервінің, көз торының аурулары.

Глаукома.

148

0,3 ден 1 мм дейін ажырату объектілерімен көзге күш түсіретін жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, невропатолог, терапевт

Көздің көргіштігін анықтау, скиоскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемін анықтау, бинокулярлық көруді зерттеу, түсті сезіну, көз ортасының биомикроскопиясы, ЭКГ, ФГ

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5 Д төмен емес, ал екінші көзде 0,2 төмен емес.

Рефракция аномалиясы: алдын ала тексеру кезінде миопия 6,0 Д жоғары, гиперметропия 4,0 Д жоғары, астигматизм 2,0 Д жоғары; қайталама мерзімдік тексеру кезінде: миопия 10,0 Д жоғары, гиперметропия 6,0 Д жоғары, астигматизм 4,0 Д жоғары.

Бинокулярлық көрудің болмауы.

Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі.

Лагофтальм.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары (қабақ, конъюнктивалар, мөлдір қабық, жас шығару жолдары).

Көру нервінің, көз торының аурулары.

Глаукома.

149

Жұмыс уақытының 50 %-нан артық уақытында видеотерминал (дисплей) экранына үздіксіз қараумен байланысты көзге күш түсіретін жұмыстар (операторлар, бағдарламашылар, есептеушілер)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, невропатолог, терапевт

Көздің көргіштігін анықтау, скиоскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемін анықтау, тонометрия, түсті сезінуді зерттеу, ЭКГ, ФГ

Алдын ала тексеру кезінде түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5 Д төмен емес, ал екінші көзде 0,2 төмен емес; қайталама мерзімдік тексеру кезінде бір көзде 0,4 төмен емес, ал екінші көзде 0,2 төмен емес.

Рефракция аномалиясы: қайталама мерзімдік тексеру кезінде миопия 8,0 Д жоғары емес, гиперметропия 8,0 Д жоғары емес, астигматизм 4,0 Д жоғары емес. Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі.

Түсті көрудің бұзылуы,егер түсте ақпараттық жүктеме болса.

Лагофтальм.

Көз ұяшығының қабықшасы мен қорғаныш аппаратының аллергиялық аурулары немесе созылмалы аурулары. Көру нервінің, көз торының аурулары.

Үдемелі офтальмотонус. Глаукома

150

Ауысымның уақытының 50 %-нан артығында ұзақ қадалып қарау кезіндегі оптикалық аспаптармен (микроскоптармен, лупалармен және басқалары) жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, невропатолог, терапевт

Көздің көргіштігі, офтальмотонометрия, скиоскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемі, бинокулярлық көруді зерттеу, түсті сезіну, көз ортасының биомикроскопиясы

Алдын ала медициналық тексеру кезінде түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,9 Д төмен емес, ал екінші көзде 0,6 төмен емес; қайталама мерзімдік медициналық тексеру кезінде бір көзде 0,7 төмен емес, ал екінші көзде 0,5 төмен емес.

Рефракция аномалиялары: алдын ала медициналық тексеру кезінде миопия 5,0 Д жоғары емес, гиперметропия 2,0 Д жоғары емес, астигматизм 1,5 Д жоғары емес; қайталама медициналық тексеру кезінде: миопия 6,0 Д жоғары емес, гиперметропия 3,0 Д жоғары емес, астигматизм 2,0 Д жоғары емес.

Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі. Түсті сезінудің бұзылуы, егер түсте ақпараттық жүктеме болса.

Лагофтальм.

Көз ұяшығының қабықшасы мен қорғаныш аппаратының аллергиялық аурулары немесе созылмалы аурулары. Көру нервінің, көз торының аурулары.

151

Ауысым уақытының кемінде 50 % уақытында ДК-дағы жұмыстармен, компьютер және ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетумен, жөндеумен байланысты жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невролог, офтальмолог, аллерголог

Көз көргіштігі, офтальмотонометрия, скиаскопия, рефрактометрия, аккомодация көлемі, бинокулярлық көру, түсті сезіну, көз ортасының биомикроскопиясы, көз түбінің офтальмоскопиясы

Қанның толық формуласы, ЭКГ, спирография

Алдын ала медициналық тексеру кезінде түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,8 Д төмен емес, ал екінші көзде 0,5 төмен емес; қайталама мерзімдік медициналық тексеру кезінде (түзетумен) бір көзде 0,6 төмен емес, ал екінші көзде 0,5 төмен емес.

Рефракция аномалиялары: алдын ала медициналық тексеру кезінде миопия 5,0 Д жоғары емес, гиперметропия 2,0 Д жоғары емес, астигматизм 1,5 Д жоғары емес; қайталама медициналық тексеру кезінде: миопия 6,0 Д жоғары емес, гиперметропия 3,0 Д жоғары емес, астигматизм 2,0 Д жоғары емес.

Аккомодацияның жас нормаларынан төмен төмендеуі. Түсті сезінудің бұзылуы, егер түсте ақпараттық жүктеме болса.

Лагофтальм.

Көз ұяшығының қабықшасы мен қорғаныш аппаратының аллергиялық аурулары немесе созылмалы аурулары. Көру нервінің, көз торының аурулары.

152

Дауыс аппаратына күш түсіру

2 жылда 1 рет

Кәсіптік патолог, оториноларинголог

ЭКГ, ФГ, қанның жалпы талдауы

Дауыс аппараты функциясының бұзылуларымен байланысты созылмалы аурулар (созылмалы ларингит, фарингит)

153

Жоғары нервтік – эмоциялық ширығу

Жылына 1 рет  

Кәсіптік патолог, терапевт, дерматовенеролог, невролог, оториноларинголог, офтальмолог, психиатр (медициналық психолог)

Жүктемесі бар ЭКГ, қалқанша безінің УДЗ; офтальмотонометрия, көз түбінің офтальмоскопиясы

Невроздар (барлық түрлері).

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

154

Көтерме құрылыстарға қызмет көрсету бойынша биіктікке көтерілумен байланысты жоғарыға өрмелейтін жұмыстар* (мұнаралы, төрттағанды, көпір, шынжыр табан, автомобиль, темір жол порт және жүзетін крандардың краншылары, жылдам жүретін лифтілердің лифтерлері және жолсеріктері

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, хирург, оториноларинголог, психиатр, гинеколог

Вестибулярлық аппаратты зерттеу, көз көргіштігі, ЭКГ, ФГ, қанның жалпы талдауы

Қысылуға бейім, жұмыстарға кедергі жасайтын жарықтар. Орташа ауырлықтағы жұмыстарды істеуге кедергі жасайтын қатерсіз ісіктер.

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Облитерациялаушы эндартериит.

Айқындалған веналардың кеңеюі, аяқ тромбофлебиті, жиі асқынатын және қан кететін геморрой.

Жиі ұстамасы болатын вегетативті-қан тамырлары дистониясы синдромы.

Кез келген этиологиядағы естудің бір жақты немесе екі жақты төмендеуі (кемінде 3 метрден (бұдан әрі – м) сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы. Түзетусіз көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншіде 0,2-ден төмен; көру өрісінің 200 артық шектелуі, емделуге келмейтін дакриоцистит және емделмейтін жасаурағыш.

Эпилепсия және талу жағдайлары.

Әйелдер жыныс ағзалары орналасуының аномалиясы.

Жиі асқынатын жатырдың және қосалқылардың созылмалы қабынған аурулары. Глаукома. Гипертониялық ауру. Жүрек- қан тамыр жүйесі аурулары.

155

Электр қондырғыларында жөндеу, монтаждау жұмыстарын және жоғары вольттық сынақ жұмыстарын орындайтын 127 Вольт және одан жоғары кернеулі жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог

Көздің көргіштігін, көру өрісін зерттеу, вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ, қанның жалпы талдауы; осы жағдайларда 10 жыл және одан да көп жұмыс істеген жағдайда және көрсеткіштер бойынша: аудиометрия

Кез келген этиологиядағы естудің бір жақты немесе екі жақты төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу),

электр есептеуіш машиналарын (бұдан әрі – ЭЕМ) жөндеу және пайдалану жұмыстарын қоспағанда.

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншісінде 0,2-ден төмен.

Тұрақты, емдеуге жатпайтын жасаурағыш.

Көру өрісін 200 артық шектеу.

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

156

Ағаштарды құлату, балқыту, тасымалдау және бастапқы өңдеу бойынша мемлекеттік орманды қорғаудағы жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог, хирург, оториноларинголог

Көздің көргіштігі, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ, қанның жалпы талдауы, аудиометрия, аяқ-қол спирографиясы

Айқындалған веналардың кеңеюі. Аяқ тромбофлебиті. Жиі асқынатын және қан кететін геморрой.

Тамырлардың облитерациялаушы аурулары.

Қысылуға бейім жұмыстарға кедергі жасайтын жарықтар.

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Кез келген этиологиядағы естудің тұрақты төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншісінде 0,2-ден төмен

157

Жерасты жұмыстарының барлық түрлері

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, хирург, оториноларинголог офтальмолог, психиатр, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның және несептің жалпы талдауы, ЭКГ, спирография,

вестибулярлық аппарат аудиометриясы, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Компенсация болған жағдайдағы да жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары.

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары.

Тіс, ауыз қуысы аурулары, еріннің тартып алуына кедергі келтіретін тістің болмауы, алынбалы протездердің болуы, альвеолярлы пиоррея, стоматит, периодонтит, анкилоз және төменгі жақ контратурасы, жақ артриті.

Жалпы физикалық дамымау және тірек-қозғалыс аппараттың дамымауы.

Газтұтқыштарда жұмыс істеуге кедергі жасайтын қатерсіз ісіктер.

Жарықтар (барлық түрлері)

Облитерациялаушы эндартеррит.

Веналардың варикоздық кеңеюі және аяқтың трофиялық ойықжарасы. Тромбофлебит.

Геморрой.

Мұрынмен тыныс алу функциясының бұзатын мұрын қалқаншасының қисаюы.

Жиі асқынатын жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары.

Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары.

Кез келген этиологиядағы естудің төмендеуі (тіпті бір құлақта) (3 м кем сыбырлап сөйлеуді қабылдау).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Терінің созылмалы, жиі асқынатын аурулары

Жұмысқа алғаш тұрар кезде мыналар қарсы көрсетіледі:

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары

Артериялық гипертензия



Компенсация болған жағдайдағы да жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары.

Көз көргіштігін бір көзде 0,8-ден төмен, ал екіншісінде 0,5-тен төмен болғанда, түзетуге жол берілмейді.

Жер астында жұмыс істейтін адамдарға мерзімдік медициналық тексерулер кезінде мыналар қарсы көрсетіледі:

ДН 1,2,3 тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары

2,3 дәр.артериялық гипертензия

НК1-4 декомпенсация сатысындағы жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары және 2,3 сатыдағы қауіптілігі жоғары артериялық гипертензия

Көз көргіштігін бір көзде 0,5-ден төмен, ал екіншісінде 0,2-тен төмен болғанда, түзетуге жол берілмейді.

Жиі асқынатын және қан кетулер бар геморрой

Перифериялық нерв жүйесі созылмалы аурулары (радикулопатия, асқынған протузиялар мен дискілер жарықтары)

158

Мұнай, газ өнеркәсібіндегі жұмыстар, оның ішінде вахталық әдіспен, гидрометеорологиялық станциялардағы, биік таулы, дала және басқа да алыс аудандарда орналасқан байланыс құрылыстарындағы, қиын климаттық географиялық жағдайлардағы жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, невропатолог хирург, оториноларинголог, офтальмолог, психиатр, дерматовенеролог , стоматолог, аллерголог

Қанның, несептің жалпы талдауы, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, аудиометрия, АЛТ, АСТ, биллирубин, сыртқы тыныс алу функциясы, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Тамырлардың облитерациялаушы аурулары

Веналардың созылуы, тромбофлебит, жиі асқынатын және қан кететін геморрой.

Қысылуға бейім жарықтар, тік ішектің төмен түсуі.

Кез келген этиологиядағы естудің төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

159

Қысымдағы ыдыстарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог

Көздің көргіштігі мен көру өрісін зерттеу, қанның, несептің жалпы талдауы, вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншісінде 0,2-ден төмен.

Көру өрісінің 200 артық шектелуі. Тұрақты, емделмейтін жасаурағыш.

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Кез келген этиологиядағы естудің бір жақты немесе екі жақты төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Созылмалы қайталама тері аурулары.

160

Машинистер (кочегарлар), қазандықтар операторларының, газды қадағалау қызметінің жұмыскерлерінің жұмысы

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт офтальмолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, невропатолог

Қанның, несептің жалпы талдауы, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы.

Функциялық бұзылыстары бар тыныс алу ағзаларының және жоғары тыныс алу жолдарының айқын ауру түрлері.

Созылмалы қайталама тері аурулары

161

Жарылғыш материалдарды қолдануға байланысты жұмыстар, жарылыс және өрт қауіпті өндірістердегі жұмыстар

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, невропатолог, психиатр

Қанның жалпы талдауы, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Кез келген этиологиядағы бір жақты немесе екі жақты естудің төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Тұрақты, емделмейтін жасаурағыш.

162

Атыс қаруын ұстауға және оны пайдалануға рұқсат етілген әскери күзет, мамандандырылған байланыс қызметі, инкассация аппараты, мемлекеттік банк жүйесі жұмыскерлерінің және басқа да басқа да ведомстволар мен қызметтер жұмыскерлерінің, сондай-ақ атыс қаруын ұстауға және оны пайдалануға рұқсатқа құқықтары жоқ басқа да күзет ведомстволары мен құрылымдары жұмыскерлерінің жұмыстары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, психиатр, хирург

Қанның жалпы талдауы, көздің көргіштігін зерттеу, аудиометрия, ЭКГ, ФГ

Аяқ-қолдың, табанның, буынның болмауы.

Тамыр аурулары (облитерациялаушы эндартериит, веналардың варикозды кеңеюі және басқалары).

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Жиі асқынатын, созылмалы тері аурулары.

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншіде 0,2-ден төмен, немесе біреуі көрмеген жағдайда екіншісінде 0,7-ден төмен.

Кез келген этиологиядағы естудің төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

163

Газ құтқару қызметі, ерікті газ құтқару жасағы, ашық газ және мұнай бұрқақтарын пайда болуының алдын алу және жою бойынша әскери бөлімдер мен отрядтардың, әскери тау, тау құтқару командаларының жұмыстары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог терапевт, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, психиатр , стоматолог

Қанның, несептің жалпы талдауы, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Компенсация болған жағдайдағы да жүрек-қан тамырларының аурулары.

Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары.

Тіс, ауыз қуысы аурулары, еріннің тартуына кедергі жасайтын тістің болмауы, алынбалы протездердің болуы, альвеолярлы пиоррея, стоматит, периодонтит, анкилоз және төменгі жақ контратурасы, жақ артриті.

Жалпы дененің дамымауы және тірек-қозғалыс аппараттың дамымауы.

Газтұтқыштарда жұмыс істеуге кедергі жасайтын қатерсіз ісіктер.

Жарықтар (барлық түрлері).

Облитерациялаушы эндартеррит.

Варикоздық веналардың кеңеюі және аяқтың трофиялық ойық жарасы. Тромбофлебит. Геморрой.

Мұрынмен тыныс алу функциясының бұзылуы бар мұрын қалқаншасының қисаюы.

Жиі асқынатын жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары.

Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары.

Кез келген этиологиядағы естудің төмендеуі (тіпті бір құлағы) (3 м кем сыбырлап сөйлеуді қабылдау).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Көздің көргіштігі бір көзде 0,8-ден төмен, ал екіншіде 0,5-тен төмен болса, түзетуге жол берілмейді.

164

Механикалық жабдықтардағы жұмыстар (токарь, фрезер және басқа да станоктар, штамптау пресстерінде)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог

Қанның, несептің жалпы талдауы, ЭКГ, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, ФГ

Қабақ, жас шығару жолдарының созылмалы аурулары, қабақтардың толық жабылуына, көз алмасының еркін қозғалуына кедергі жасайтын қабақтың органикалық ақаулары.

Көру өрісінің 20 0 артық шектелуі.

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-тен төмен, ал екіншіде 0,2-ден төмен;

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы.

Эпилепсия және талу жағдайлары.

165

Көлік қозғалысымен байланысты, оның ішінде зауыт ішіндегі жұмыстар (автотиеуіш жүргізушілері, электрокарлар, реттеушілер)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург

Вестибулярлық аппаратты зерттеу, көздің көргіштігін және өрісін зерттеу, ЭКГ, ФГ, қанның жалпы талдауы

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

Кез келген этиологиядағы естудің бір жақты немесе екі жақты төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,5-ден төмен, ал екіншіде 0,2-ден төмен;

Тұрақты, емделмейтін жасаурағыш, жарықты дабылқаққыштар қолданатын жұмыскерлер үшін түсті сезінудің бұзылуы, көру өрісінің 200 артық шектелуі.

Жиі ұстамасы болатын вегетативті-қан тамырлары дистониясы синдромы

166

Барлық санаттағы автокөлік құралдарының қозғалысымен байланысты жұмыстар;

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотонарттар барлық типтері мен маркаларының;

Жолаушылар тасымалдауға арналған трамвай, троллейбус, автобус, микроавтобус және басқа да автокөлік құралдарының;

Трактор мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шасси мен механизмдер, ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол құрылысы машиналары мен механизмдерінің;

Барлық санаттағы мүгедектердің қолмен басқарылатын автомобильдерінің жұмыстары;

Өзен және теңіз порттарының жұмыскерлері, өзен және теңіз кемелерінің экипаждары, капитандар және олардың көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, радио мамандар, лоцман қызметінің және кеме қозғалысын басқару қызметінің жұмыскерлері;

Әуе кемесін және өзге де ұшатын аппараттарды басқаратын (инженер – ұшқыштар, борт инженерлері);

әуе кемесіне және өзге де ұшатын аппараттарға және авиациялық техникаларға техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жұмыскерлері;

Әуе кемелерінің қозғалысын басқару және қызмет көрсету (инженер – авиадиспетчерлер);

авиациялық электрлендірілген, пилотажды – навигациялық және радио электр жабдықтарды техникалық пайдалану;

автокөлік құралдарының электр жабдықтары;

авиациялық аспаптарды, жер үсті және борттық басқару жүйелерін пайдалану, әуе кемелерін және өзге де ұшатын аппараттарды диагностикалау навигациясы;

авиациялық қауіпсіздік;

жолаушыларға қызмет көрсету (борт жолсеріктері) жұмыскерлері

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, психиатр, гинеколог

Қанның жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ, Вестибулярлық аппаратты зерттеу, резус-фактор мен қан тобын анықтау (алдын ала медициналық тексеруден өту кезінде), көз көргіштігі мен өрісін зерттеу

Көру функциясының бұзылуымен көз қабықшасының созылмалы аурулары, көздің көруіне және көз алмасының қозғалуына кедергі жасайтын тұрақты өзгерістер және қабақ бұлшық еттерінің парезі (операциялық нәтижелі емнен кейін көлік жүргізуге жіберіледі).

Жас қабының консервативті емделмейтін созылмалы қабынуы және жыланкөзі, емделмейтін жасаурағыш (операциялық нәтижелі емнен кейін көлік жүргізуге жіберіледі).

Қылилықтың салдарынан тұрақты диплопия.

Кез келген меридианда көру өрісінің 200 артық шектелуі.

Абсолюттік немесе салыстырмалы орталық скотома.

Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,8 Д-ден төмен, ал екінші 0,4 Д-ден төмен, көздің біреуінің көрмеуі;

Көз қабықшасына рефракциялық операция жасалғаннан кейін жүргізушілер 3 айдан кейін ғана жүргізуге жіберіледі. Түзетілген көздің көргіштігі бір көзде 0,8 Д-ден төмен, ал екіншіде 0,4 Д-ден төмен, + 8,0-ден 8,0 Д дейін бастапқы рефракцияда асқынулар жоқ (операцияға дейін). Операцияға дейінгі рефракцияны анықтай алмаған жағдайда, көз білігінің ұзындығы 21,5- тен 27,0 мм-ге дейінгі жағдайда жарамды; жасанды көз жанарының жоқ дегенде біреуінде бар болуы. Машықтанған жүргізушілер түзетілген көз көргіштігі (0,8 Д – 0,4 Д) болғанда, операциядан кейін жарты жыл ішінде көз өрісі қалыпты және асқынбаған кезде жіберіледі.

Түсті сезінудің бұзылуы.

Торшаның және көру нервінің бұзылуы.

Бір құлағында әңгімені сөздерін қабылдаған кезде, екіншіде 3 м кем қашықтықта, 1 м қашықтықта сыбырлап сөйлеуді немесе 2 м кем қашықтықта екінші құлақта әңгіме сөздерін қабылдау кезіндегі толық мүкістік (толық мүкістікте, естімейтін мылқаулықта жұмысқа жіберу кем дегенде 2 жылда бір рет қайта куәландыру арқылы жеке шешіледі).

Холестеатомамен, грануляция немесе полиппен асқынған ортаңғы құлақтың екі жақты немесе бір жақты созылмалы іріңді қабынуы (эпитимпанит). Фистула симптомдарының болуы (нәтижелі операциялық емнен кейін, мәселе жеке шешіледі), созылмалы іріңді мастоидит.

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, бас айналу синдромы, нистагм (Меньер ауруы, лабиринтиттер, кез келген этиологиядағы вестибулярлық криздер).

Қарашықтардың орта қалыптан 700 –ға ауытқыған кездегі спонтанды нистагм.

Қатерсіз ісіктер, аз қозғалатын тыртықтар, аяқ-қол қозғалысының біршама қиындауы.

Мойынның қозғалуының жіті айқындалған шектелуі, ірі буындардағы тұрақты өзгерістер, дұрыс бітпеген сынықтар, аяқ-қол қозғалысын біршама қиындататын алдамшы буындар, сондай-ақ омыртқаның қозғалысын бұзатын тұрақты өзгерістер.

Қозғалысты біршама қиындататын аяқ немесе қолдың, буынның немесе табанның болмауы, буынның немесе табанның деформациясы.

Ерекшелік ретінде бір сирағы ампутацияланған адамдар, егер ампутацияланған тұқыл сирақтың 3/1-нен аз болса және ампутацияланған аяқтың тізе буынының қозғалуы толығымен сақталған болса жұмысқа жіберілуі мүмкін.

Саусақтың немесе бунақтың болмауы. Неврологиялық белгілері бар зақымдану деформациясы және бас сүйектерінің ақаулары болған жағдайда, жұмысқа жіберу екі жылдан кейін қайта куәландыру арқылы жеке жүргізіледі. Аяқтың кемінде 6 см қысқаруы жағдайында қайта куәландырылатындар, егер аяқтың сүйегінде, етте және жұмсақ тіндерде ақаулар болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, аяқ ұзындығы 75 см артық болса жарамды деп танылады. Қозғалысты шектейтін немесе қозғалыс кезінде ауырсыну тудыратын аурулар, операциялық емделгеннен кейін жеке шешіледі.

Қолқа, бас ми тамырларының, жамбас және тізе артерияларының аневризмдері; облитерациялаушы эндартериит, II-III сатыдағы, Такаясу ауруы; трофиктік бұзылулары бар варикоздық кеңею, күпсектік.

Тыныс алуды қиындататын жұтқыншақтағы, көмейдегі, кеңірдектегі тұрақты өзгерістер. Көкірек қуысының және көкірек қуысы ағзалары функциясының айтарлықтай бұзылыстары бар омыртқаның деформациясы (жұмысқа жіберу туралы мәселе жеке шешіледі).

Кез келген этиологиядағы туа біткен немесе жүре пайда болатын жүрек және қан тамырлары ақаулары, бір жылдан кейін қайта куәландыру арқылы компенсациясы бар болған жағдайда жеке жүргізіледі.

Жүрекке және ірі қан тамырларына жасалған операциялардан кейін компенсация болған жағдайда мәселе бір жылдан кейін қайта куәландыру арқылы жеке шешіледі.

Имплантацияланған жасанды жүрек ырғағының жүргізушісі бар тұлғаларды жұмысқа жіберу жеке шешіледі.

Жүрек аурулары, ырғақтың бұзылуы, жүректің созылмалы ишемиялық аурулары, миокард инфарктінен кейін жұмысқа жіберу туралы мәселе жеке шешіледі (жүрек қыспасы бар адамдарды қоспағанда жыл сайын қайта куәландыру).

Қан және қан жолдары ағзаларының аурулары, жұмысқа жіберу туралы мәселе анемиялық синдорм болмаған және негізгі ауру асқынбаған жағдайда жеке шешіледі. Жатыр және қынаптың төмен түсуі, ректоқынаптық және көбіршікті қынапты жыланкөз (тік ішек сфинктерінің бүтіндігін бұзу арқылы шаттың аралығының жырылулары) (операциялық емдеуден кейін арнайы шешіледі).

Бойы 150 см-ден төмен (мәселе арнайы шешіледі), дене дамуының күрт артта қалуы.

Жолаушылар көлігінің жүргізушілері үшін тіл ақаулығы және кекештену кезінде мәселе жеке шешіледі.

167

Аэровокзал, теңіз, өзен кешендерінің жұмыскерлері: тасымалдауды ұйымдастыру бойынша агенттер; супервайзерлер; кассирлер; анықтама бюросының агенттері; тексеру қызметінің;

авиациялық қауіпсіздік қызметінің;

кеден қызметінің агенттері;

жүк тиеушілер;

жүктерді қабылдап-берушілер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, психиатр,

гинеколог

Қанның, несептің жалпы талдауы, аудиометрия, офтольмоскопия, ЭКГ, ФГ

 Жалғастырушы тіндердің аурулары.

 Жатырға қан кетумен сипатталатын етеккір функциясының бұзылуы (көру функциясының бұзылумен байланысты жұмыстардан басқа).

 Бір немесе екі жақты естудің кез келген этиологиядағы төмендеуі (3 м кем сыбырлап сөйлеу).

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет