Қозғыш тіндердің жалпы физиологиялық қасиеттеріне мыналар жатады:
1)
қозғыштық – тірі тіндердің, күші мен ұзақтығы
жеткілікті және тез әсер
ететін тітркендіргішке, өзінің физиологиялық қасиеттерін өзгерте, қозуға
келіп, жауап беру қабілеті. Қозған тіндер әрқайсысы өзіне тән қызметін
атқара бастайды: жүйке
қозуды өткізеді, бұлшықет жиырылады, бездер сөл
шығарады. Қозатын тіндердің қозғыштығы бірдей болмайды. Ең жоғары
қозғыштық жүйке тіндерінде болады. Қаңқа бұлшықеттерінің қозғыштығы,
бірыңғай
салалы еттермен салыстырғанда, жоғары. Қозғыштықтың өлшемі
тітіркендіру табалдырығы болып саналады.
2)
өткізгіштік – пайда болған қозуды электрлік сигнал түрінде,
тітіркендірген жерден әрі қарай, тіннің ұзына бойымен өткізу қаблеті.
3)
рефрактерлік (қасарысу, қозбау) кезеңі – тіндердегі пайда болған қозу
кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеуі. Рефрактерлік екі
түрлі болады: абсолюттік (тітіркендіру күші қандай болса да жауап жоқ)
және салыстырмалы (тіннің қозғыштығы біртіндеп қалыпқа келе бастайды,
сондықтан ол табалдырықтан жоғары күшке жауап береді).
Абсолюттік
рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса, ет
талшықтарында – 4-5 мс, ал жүйке-ет байланысында (түйіспеде) 8-10 мс.
4)
лабилдік – қозғыш тіндердің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта
жауап беру қабілеті. Алғашқы рет лабилдік туралы ұғымды физиологияға
енгізген орыс ғалымы Н.Е.Введенский. Лабилдік деп әсер етуші тітіркендіру
жиілігіне сәйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды)
санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса,
оның лабилдігі сонша жоғары
болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында
– 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде – 100-125 Гц болады. Қозғыш
тіндердің жауабы әсер ететін злектр тітіркендіргішінің күші мен жиілігіне
байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын, белгілі бір шамаға дейін,
бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) арта түседі,
одан да жиі
тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сәтте, ол тіпті жиырылмай қояды.
Бұлшықеттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғары (максималды)
тітіркендіргіш саны
оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін
төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіру шамасы –
пессимум –
Достарыңызбен бөлісу: