Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет82/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117
Қалыпты физиология

Темперамент дегеніміз – жеке тұлғаның мінез-құлқын сипаттайтын іс-
әрекеттері, қимыл қозғалыстары, эмоциялық әсерленістері және бір әрекеттен 
басқа әрекетке жедел алмасу қабілетілігі. 
Сангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы, іскер, пысық, көпшіл адам. Ол өз 
мақсатына жетуде жігерлілік, қажырлылық көрсетеді, қиындықты жеңе 
алады, орта өзгерістеріне тез бейімделеді. Бұл И.П.Павловтың І-типіне 
(күшті, теңдескен, ширақ) сәйкес келеді. 
Флегматик (байсалды) – сылбыр мінезді, сабырлы, шабан қимылдайтын 
адам. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз 
мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. 
Флегматик басқа адамдармен қиын ұласады, орта өзгерістеріне қиындау 
бейімделеді. Бұл темпераментке И.П.Паваловтың ІІ-типі (күшті, теңдескен, 
енжар) сәйкес келеді. 
Холерик (ұстамсыз) – мінезі қызба, өте белсенді, ашушаң, қимылдары тез. 
көңіл-күйі көтеріңкі адам. Тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз 
жұмыс істей алады, бірақ кейде соңына дейін шыдай алмайды, тұрақсыздық 
көрсетеді. Өзіне ұнамаған жағдайда қатты ашуланып ызаланады. Мұндай 
мінез И.П.Павлов бойынша ІІІ-типте (күшті, теңдеспеген, ұстамсыз) 
байқалады.
Меланхолик (жасқаншақ) – жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дәрменсіз, 
мұңды, жауапкершіліктен алшақтайтын адам. Мұндай адамдарға тіршілікте 
басқалардың көмегі қажет, ылғида үрейленіп отырады. Жүйке жүйесіндегі 
қозу мен тежелу процестері әлсіз болуына байланысты көптеген жағдайда 
дұрыс шешім таба алмайды, міндетті түрде біреудің қолдауы қажет. 
И.П.Павловтың жіктеуі бойынша меланхолик VI-типке (әлсіз) қарайды. 
Бірақ, жүйке жүйесінің әлсіздігі теріс қасиет болып есептелмейді. Әрбір 
типтің немесе темпераменттің мінез-құлықтарында тек өзіне тән 


ерекшеліктері бар. Сондықтан мына тип жақсы, мынау жаман деп сипаттауға 
болмайды. 
Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады, өмір бойы өзгермейді. Адамның 
қандай типке жататындығы тек өте күрделі қиындықта, басына іс түскенде 
немесе қауыпты жағдайда айқын көрінеді. Адамда жүйке жүйесінің түрінің 
қайсысы болса да, жетістік шыңына жетіп, қоғамның толық мүшесі бола 
алады. 
И.П.Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулары бойынша, 
адамдарда жүйке қызметінің төрт типтерінен басқа, тек жеке адамға тән 
көркемпаз, ойшыл және аралық типтер ажыратылады. Мұндай жіктелудің 
негізіне жоғары жүйке қызметінің І және ІІ сигналдық жүйелері арасындағы 
қатынас жатады. 
Көркемпаз типті адамның мінезінде, ІІ сигналдық жүйеге қарағанда, І 
сигналдық жүйеге тән қасиеттері біршама үстем болады. Бұл адамдар 
тіршілік ортасындағы табиғи әсерлерге өте сезімтал болады және 
құбылыстарды бөлшектеместен тұтас қабылдайды (жазушылар, суретшілер). 
Ойшыл типті адамның мінезінде, ІІ сигналдық жүйенің қасиеттері І-ден 
басым, көрнекті талдау-синтездеу және дерексіз ойлау қабілеті жоғары 
болады (философтар, математиктер). 
Аралық тип – жүйке қызметінің екі сигналдық жүйесінің әрекеттік 
теңдесуімен сипатталады. Кейде оны «орташа» тип деп атайды. Ал екі 
сигналдық жүйелердің бірдей басым болуы – дарынды тип деп аталады.
Адамның типологиялық қасиеттері генотип пен фенотипке байланысты 
болады. Генотип (тектітүр) жоғары жүйке іс-әрекетінің туа біткен 
қасиеттерінен қалыптасады. Ал фенотип (белгітүр) тумыстан және тіршілік 
жағдайларының ықпалынан иемденген белгілі қасиеттердің өзара әрекетінен 
құралады. Көркемпаз типке жататын адамдардың сезімдік-бейнелік зердесі 
басым болады, ал ойшылдар да қисынды-мағыналық зерде басым болады. 
Расында, әрбір дені сау адамның басқаға қарағанда, бір қасиеті басым 
келеді. Сондықтан адамның дарындығы қөріну үшін алдын-ала биологиялық 
өте тиімді жағдай жасалғанымен шешуші маңызды орынды әлеуметтік 
жағдай атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет