шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Ал, егер тек шартты тітіркендіргіш
ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса,
біраз уақыттан кейін ұқсас
тітіркендіргіштерге рефлекс өшеді (шартты рефлекстің мамандалыс сатысы).
Бұл тіршілік ортасындағы заттар мен құбылыстардың қасиеттерін,
ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді.
4.
Шартты тежегіш – шартты рефлекс қалыптастыратын шартты
сигналға (жарық) басқа тітіркендіргішті (қоңырау дыбысы) қосып, бірақ бұл
қиыстыру (жарық + қоңырау) бекітілмесе пайда болады. Мысалы, шартты
сигнал «жарық»
тамақ берумен бектіледі, ал «жарық+қоңырау»
комбинациясы бекітілмейді. Осыдан кейін «қоңырау» кез келген шартты
рефлекстің шартты тежегіші болады.
Сөйтіп
шартты (ішкі) тежелу түрлері организмнің бейімделу әрекетін
реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса,
организмде табиғи
қажетсіз, қолайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік
төзімсіз болады, сондықтан әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді
әлсіретеді.
Ми қыртысының синтездеу іс-әрекетінің өте күрделі түрі
динамикалық
Достарыңызбен бөлісу: