Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Қалыпты физиология

Гормондардың жіктелуі. Әсер ету орнына байланысты гормондар екі 
топқа бөлінеді: 
1) эффекторлық гормондар – эффекторлық жасушаларға әсер етеді (мысалы, 
организмдегі зат алмасуды реттеуге қатысатын инсулин – бауыр 
жасушасындағы гликогеннің түзілуін, глюкоза мен басқа заттардың 
мембрана арқылы тасымалын күшейтеді және ақуыздың синтезделуін
жоғарылатады); 
2) троптық гормондар – басқа ішкі сөлініс бездеріне әсер етіп, олардың 
қызметтерін реттейді. Мысалы, АКТГ бүйрекүсті безі қыртысының 
гормондарының түзілуін реттейді, ал ТТГ – қалқанша безіне әсер етеді. 
Химиялық табиғаты мен құрылымына байланысты гормондар үш топқа 
бөлінеді: 
1) белоктық – полипептидті қосылымдар (соматотропин, инсулин, глюкагон); 
2) амин қышқылының туындалары (тироксин, катехоламиндер: адреналин
норадреналин); 
3) стероидтар (кортикостероидтар, жыныс гормондары).
Гормондар әсер ету нәтижесіне қарай қоздырушы және тежеуші болып 
ажыратылады.
Барлық гормондарға тән қасиеті, олардың жартылай тіршілік кезеңі 
салыстырмалы аз болады – 30 мин шамасында. Сондықтан олар ылғида 
түзілісте және сөліністе болып, тез әсер етіп, жедел жылдамдықпен жойылуы 
керек. Тек осындай жағдайда ғана олар реттеуші ретінде тиімді қызметін 
атқара алады. 
Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық рөлі (маңызы) – олардың реттелу 
мен интеграция механизмдеріне, бейімделуге, ішкі орта тұрақтылығын 
сақтауға әсер етуімен тығыз байланысты. 
10.2. Гормондардың қасиеттері, әсер ету механизмі 
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған 
жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. 
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық роль 
атқарады. Себебі, басты бағыттаушы реттеуді ОЖЖ-сі атқарады, ал ІСБ-і 
көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, вегетативті және денелік 
жүйкелермен қатар қызмет жасайды. 
3. Гормондардың тек өзіне тәнді (спецификалы) әсері бар. Осыған 
байланысты белгілі бір гормонның кемістігін, басқа гормонмен немесе басқа 
биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.
4. Гормондардың биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. Мысалы, 
тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн дәрежесінде сұйытылса да әсер 
етеді, ал 1г инсулин 125 мың қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре 
алады. Бездердегі гормондар өте аз мөлшерде өндіріледі және өте төмен 
концентрациясы тиімді әсер етеді. Тіпті гормондардың аз ғана бөлігі бос 
белсенді жағдайда қан айналымында болады. 
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде ісер етеді. Сондықтан қанда 
гормондардың қажетті мөлшері сақталу үшін, бездер оларды үздіксіз өндіріп 
шығарып тұруы керек. 


6. Гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың 
құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы 
мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді (акромегалия, 
гигантизм, нанизм т.б.). 
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ 
ортада жүретін химиялық процесстерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі 
ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің өту жылдамдығына әсер ете 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет