Көлденеңінен:
-
гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.
-
құрысуға бейімділік ( гипопаратиреоз синдромдарының бірі).
-
Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.
-
гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.
-
май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.
-
гиперәлдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.
-
аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.
-
тағам және суда тапшылығынан эндемиялық жемсау дамитын химиялық элемент
-
гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром
-
қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.
-
балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
-
гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.
-
бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгі
-
балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.
-
организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай
Тігінен:
-
гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?
-
гипопаратиреозда дамитын симптом.
-
гипертиреозда дамитын аритмия.
-
әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы
-
пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.
-
қалқанша бездің ұлғаюы.
-
Тапшылығы, қантсыз диабетті дамытатын гормон.
-
қантсыз диабеттің бір белгісі
-
өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
-
гиперәлдостеронизмде азаятын элемент.
-
бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….
-
қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром
-
гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.
-
біріншілік гиперәлдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….
Әдебиеттер :
Негізгі :
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2007.-Б. 580-593
-
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448
2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .
3. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 538-558
4. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 193-
229.
5. «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар » жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі -Алматы, 2007. 417-449 беттер
Қосымша:
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.
-
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 624- 637
БАҚЫЛАУ
(сынамалық тапсырмаларды орындау )
«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі. 417-449 беттер
АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СӨЖ)
№ 1 тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».
-
Балалардағы қалқанша безі қызметінің бұзылыстарының ерекшелігі
-
Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромы (тақырыптардың біреуін таңдаңыз).
Мақсаты:
-
Балалардағы гипотиреоздың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.
-
Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромын өздігінен оқу.
Тапсырмалар:
-
Сұрақтар бойынша оқу материалымен жұмыс жасау:
-
Балалардағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік гипотиреоздың этиологиясы
-
Балалардағы гипотиреоз кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі
-
Балалардағы Мориак синдромының патогенезі
-
Есептерді шешу
-
Сынамалық тапсырмаларды шешу
-
Мориак синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру
СӨЖ орындалу түрі:
Берілген әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу,реферат жазу, тақырыпқа презентация, эссе.
Орындалу және бағалау критерийлері: «Білімін бағалау критерийлері мен ережелері» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ – ді өткізу мерзімі
«Эндокрин жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма. Есептерді шешу
№ 1 есеп
Жас және кәрі егеуқұйрықтардың қалқанша безі алынып тасталды.
-
Тиреоидэктомия қай егеуқұйрықтарға ауыр тиеді?
№ 2 есеп
Аудандық ауруханаға 5 жасар бала түсті. Бойының және ақыл-ойының дамуы артта қалғаны байқалады. Беті ісінкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тіс іздері көрінеді. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, жиі іш қатулар дамыған. Тамыр соғуы минөтіне 60 рет, АҚ 95/60.
-
Қандай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
-
Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
-
Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
№ 3 есеп
5 жасар балада соңғы жылдары бойы өсуінің тоқтауы байқалады. Ақыл-есі және психикалық дамуы қалыпты. Науқас тарихынан нәресте уақытылы, 3 кг салмақпен туылған. 3,5 жасында қызылшаның ауыр түрімен ауырған.
-
Қай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
-
Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
-
Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
-
Баланың физикалық дамуын ынталандыруға бола ма?
-
Гипотиреоидтық нанизмнің гипофиздік нанизмнен ерекшелігі неде?
№ 2 nапсырма.Сынамалық тапсырмаларды шешу
1.Алғашқы гипотиреоздың себебі (7)
-
аутоиммундық тиреоидит
-
қалқанша бездің аплазиясы
-
гипофиздің зақымдануы
-
тироксин түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы
-
гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы
-
тағаммен йодтың аз түсуі
-
кобальт, молибден, цинктің тапшылығы
-
тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
-
струмэктомия
-
радиоактивті йодтың әсері
2. Салдарлық гипотиреоздың себептері (2)
-
аутоиммундық тиреоидит
-
гипоталамустың зақымдануы
-
гипофиздің зақымдануы
-
кобальт, молибден, цинктің тапшылығы
-
қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі
-
тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
-
радиоактивті йодтың әсері
3. Гипотиреоз дамуының безден тыс тетіктеріне жатады (4)
-
гипофиздің зақымдануы
-
гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы
-
қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі
-
тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
-
радиоактивті йодтың әсері
-
тіндерде тироксиннен гормондық тұрғыдан белсенді емес трийодтирониннің түзілуі
4. Гипотиреоздың мүмкіндік себептері (3)
A) тиреоциттердің йодты сіңіруінің тежелуі
B) тағам және суда йодтың тапшылығы
C) тиреолибериннің артықтығы
D) қалқанша бездің аутоиммундық бүлінісі
E) АКТГ артықтығы
5. Гипотиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)
-
психикалық белсенділіктің төмендеуі
-
ойлау және сөйлеудің баяулауы
-
ашуланшақтық, жылауықтық
-
жоғары психикалық қозғыштық
-
жадтың бұзылуы
-
тежелгіштік, ұйкышылдық
6.Туа біткен гипотиреоз кезіндегі энцефалопатияның патогенезінде
маңызы бар (3)
-
жүйке жасушаларының жетілуі төмендеуінің
-
адренореактивтілік төмендеуінің
-
тежелу тапшылығының
-
гипоксияның
7. Тиреоидты гормондардың тапшылығы әкеледі (4)
-
жүрек бұлшықетінің интерстициалдық ісінуін
-
дисметаболизмдік кардиомиопатияға
-
тахикардияға
-
брадикардияға
-
ҚМК төмендеуіне
8. Гипотиреозға тән (4)
-
ішек және өт жолдарының гипотониясы және гипокинезиясы
-
іш қату
-
қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары
-
іш өту
-
іш кебу
9. Қалқанша бездің балалық шақтағы гипофункциясының көрінісі (4)
-
ақыл-есі дамуының жарымеске дейін кешеуілдеуі (кретинизм)
-
бала еңбегінің ұзақ бітпеуі
-
сүт тістер ауысуының кешеуілдеуі
-
алыптықтың дамуы
-
бойдың өспей қалуы
10. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды (1)
-
аутоиммундық тиреоидит
-
гипертиреоз
-
гипопаратиреоз
-
эндемиялық зоб
-
жайылған уыттық зоб
11. Мориак синдромының симптомына жатады (4)
-
бауыр көлемінің ұлғаюы
-
бойы өсуі мен жыныстық жетілуде артта қалу
-
май тінінің қайта бөлінісі
-
бауырдың майлық сіңбеленуі
-
бойының ұзын болуы
12. Мориак синдромының патогенезінде маңызы бар (4)
-
инсулиннің тапшылығы
-
кортизолдың артық өндірілуі
-
глюкагонның артық өндірілуі
-
қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы
-
жыныс гормондары сөлденісінің артуы
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
-
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 446-448
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С. 515-522
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 214-216
Дополнительная
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 647-651
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 353-362.
-
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 211-213.
«ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Мақсаты:
-
аудиториялық және аудиториядан тыс өткізілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау
Бақылау міндеті:
-
Өткізілген тақырып бойынша білімдерін бекіту
Студенттер білімін бақылаудың сұрақтары:
-
Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.
-
Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.
-
Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.
-
Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
-
Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
-
Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .
-
Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.
-
Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
-
Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
-
Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.
СЫНАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
1. Парагипофиздік реттелу бұзылысының себебі
-
ТШҚҰ- синдромы кезіндегі гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы
-
нейрогипофиздің зақымдануы
-
гипоталамустың нейросөлденістік жасушаларының уыттанулық иммундық зақымдануы
-
гипофиздің өспесі
-
жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы
2.Трансгипофиздік реттелу бұзылысының себебі
-
қалқанша бездің аденомасы
-
нейрогипофиздің зақымдануы
-
жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы
-
аденогипофиздің өспесі
-
орхит
3.Трансгипофиздік реттелудің бұзылысына әкелмейтіні
-
либерин түзілуінің бұзылысы
-
статин түзілуінің бұзылысы
-
гипофиздің тропты гормондары түзілуінің бұзылысы
-
шеткері бездердің денервациясы
-
психикалық жарақат
4. Трансгипофиздік реттелу, негізгі болып табылады
А) бүйрек үсті безінің қыртысының шоғырлы аймағына+
В) ұйқы безіне
С) бүйрек үсті безінің шумақты аймағына
D) қалқанша маңы безіне
Е) айырша безіне
5. Трансгипофиздік реттелу негізгі болып табылады
-
нейрогипофизге
-
ұйқы безіне
-
жыныс безіне
-
қалқанша маңы безіне
-
эпифизге
6. Кері байланыс тетігінің бұзылысының негізінде жатады
-
қандағы гормондар мөлшерінің өзгерісін қабылдайтын гипоталамус орталықтары сезімталдығының төмендеуі
-
тропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына жауап ретінде либериндер өндірілуі азаюы
-
шеткері бездердегі гормондарының деңгейі жоғарылағандықтан статиндер өндірілуінің артуы
-
либериндер өндірілуі жоғарылағандықтан аденогипофиз гормондары өндірілуінің артуы
-
тропты гормондар өндірілуінің төмендеуінен либериндер өндірілуінің артуы
7. Кері байланыс тетігінің бұзылысы байқалады
-
тропты гормондар мөлшері төмендегендіктен, статиндер өндірілуінің азаюында
-
шеткі бездегі гормондар деңгейінің жоғарылауынан либериндер өндірілуінің азаюы
-
шеткі бездердің аденомасында
-
шеткі бездердегі гормондар мөлшері азаюынан аденогипофиз гормондары өндірілуі артуында
-
психикалық қозу кезінде либериндер өндірілуінің артуы
8. Гормондар белсенділігінің шеткері, безден тыс тетіктерінің бұзылысына жатады
-
бездердің өспесі
-
без гормондарының биосинтезі бұзылысы
-
бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
-
без дамуының туа пайда болған ақауы
-
гормондық қабылдағыштардың бөгелуі
9. Эндокриндік бездер қызметінің алғашқы бүлінісіне әкелуі мүмкін
-
нысана жасушаларда гормонды қабылдағыштар санының азаюы
-
бездің қабынуы
-
глюкокортикоидтардың қолдаушы (пермиссивті) әсерінің бұзылысы
-
айналымдағы гормонның бөгелуі
-
гормондардың әсерсізденуінің бұзылысы
10. Без гипофункциясына әкелуі мүмкін
-
гипоталамус либериндерінің тым артық өндірілуі
-
без аденомасы
-
без атрофиясы
-
гипоталамус статиндері сөлденісінің төмендеуі
-
нәруыздар мен гормондар байланысуының төмендеуі
11. Бездер гиперфункциясының көріністерін дамытады
-
прогормонның гормонға тым артық айналуы
-
гормондық қабылдағыштардың бөгелуі
-
гипофиздің тропты гормондарының сөлденісі төмендеуі
-
бездің қабынуы
-
бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
12. Гиперкортизолизмге әкелмейтін жайт
-
кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауын дамытатын гипоталамус, таламустың зақымдануы
-
АКТГ сөлденісі жоғарылауымен сипатталатын гипофиздің базофилдік аденомасы
-
глюкостеромалар
-
бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспелері
-
бронх өспелері кезінде АКТГ-нің эктопиялық түзілуі
13. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары болады
A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы
B) бұлшықет атрофиясы, остеопороз
C) глюконеогенездің төмендеуі
D) қандағы қалдық азоттың төмендеуі
E) жұқпаларға төзімділіктің жоғарылауы
14. Гиперкортизолизм кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы бар
-
глюконеогенездің белсенділенуі
-
липогенездің белсенділенуі
-
гликогеногенездің белсенділенуі
-
гликогенолиздің тежелуі
-
липолиздің тежелуі
15. Гиперкортизолизм кезіндегі су-электролит алмасуының бұзылысына жатады
-
гипернатриемия, гипокалиемия, ішекте кальций сіңірілуінің тежелуі
-
гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК-нің (ОЦК) жоғарылауы
-
гиперкәлциемия, АҚК-нің азаюы
-
гиповолемия
-
гиперкалиемия, гиперволемия
16. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады
-
артериялық гипотензия
-
жүдеу
-
аяқтарда майдың жиналуы
-
гипогликемия
-
іштің, иықтың, санның терісінде жолақтардың пайда болуы
17. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады
-
артериялық гипотензия
-
жүдеу
-
майдың бет, мойын, іште жиналуы
-
толық және жартылай салданулар
-
экзофтальм
18. Гиперкортизолизм кезіндегі остеопороздың патогенезінде маңызы жоғы
-
сүйек тіні нәруыздарының ыдырауы жоғарылауының
-
сүйектің нәруыздық бетіне кәлций бекітілуі бұзылуының
-
ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің
-
салдарлық гиперпаратиреоз дамуының
-
гипопаратиреоз дамуының
19. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін
-
бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының аутоиммундық зақымдануы
-
бүйрек үсті бездерінің туберкулезі
-
бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаз беруі
-
ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы
-
бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы
20. Аддисон ауруына тән
A) терінің гиперпигментациясы, гипонатриемия, гиперкалиемия+
B) терінің гиперпигментациясы, гипернатриемия, гипокалиемия
C) тырысулар
D) артериялық гипертензия
E) семіру
21. Аддисон ауруы кезіндегі тері және шырышты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:
Кортизол тапшылығы → кері байланыс тетігі бойынша ? өндірілуінің артуы → тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы → гиперпигментация
-
АКТГ
-
АДГ
-
СТГ
-
ТТГ
-
ГТГ
22. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін
-
бүйрек үсті бездерінің туберкулезі+
-
бүйрек үсті бездері қыртысты қабатына қан құйылу
-
ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы
-
глюкокортикоидтармен емдеудегі доғару синдромы
-
екі жақты адреналэктомия
23. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігіне тән
-
артериялық гипертензия
-
гипернатриемия
-
гипокалиемия
-
гипергликемия
-
артериялық гипотензия
24. Бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының қызметі бұзылуы салдарынан дамитын эндокринопатияларға жатпайтыны
A) Конн синдромы
B) Иценко-Кушинг синдромы
C) Симмондс ауруы
D) Аддисон ауруы
E) адреногениталды синдром
25. Гипотиреоз кезінде сөлденісінің жеткіліксіздігі дамиды
A) тироксин, трийодтирониннің
B) АКТГ
С) ДҚГ
D) СТГ
E) глюкагонның
26. Гипотиреоз көрінісіне жататыны
-
негізгі алмасудың жоғарылауы, жүдеу
-
дене қызымының жоғарылауы, тершеңдік
-
гиперхолестеринемия
-
тахикардия, артериялық гипертензия
-
қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм
27. Гипотиреоз көрінісіне жатпайтыны
-
аутоиммундық тиреоидит
-
тиреотропиномалар
-
тағаммен йодтың жеткіліксіз түсуі
-
струмэктомия
-
радиобелсенді йодтың әсері
28. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен дамиды
-
гиперкинездік диарея
-
дисметаболизмдік кардиомиопатия
-
тахикардия
-
холестерин деңгейінің төмендеуі
-
гипергликемия
29. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің жоғарылауы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді
-
гипофизде
-
гипоталамуста
-
мый қыртысында
-
таламуста
-
қалқанша безде
30. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің азаюы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді
-
аденогипофизде
-
қалқанша безде
-
бүйрек үсті безінде
-
нейрогипофизде
-
таламуста
31. Эндемиялық жемсау патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:
Йод тапшылығы ® тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) түзілуінің төмендеуі® қанда Т3, Т4 мөлшерінің азаюы ® ? ® қалқанша безінің гиперплазиясы
-
ТТГ (тиреотропин) сөлденісінің жоғарылауы
-
соматостатин сөлденісінің жоғарылауы
-
соматомединдер сөлденісінің жоғарылауы
-
тиреолиберин сөлденісінің азаюы
-
кортиколиберин сөлденісінің төмендеуі
32. Балалық шақтағы қалқанша бездің гипофункциясына жатпайтыны
-
ақыл-ой дамуының идиотияға (кретинизм) дейінгі кемістігі
-
еңбектің ұзақ уақыт бітпеуі
-
сүт тістері ауысуының кешеуілдеуі
-
жыныстық және ақыл-ой дамуының уақытынан ерте дамуы
-
бой өсуінің артта қалуы
33. Гипертиреоз дамуы мүмкін
-
АКТГ-ның артық сөлденісінде
-
нейрогипофиздің аденомасында
-
тиреостатин артық сөлденісінде
-
организмге глюкокортикоидтарды енгізгенде
-
тиреоынталандыратын иммуноглобулиндердің түзілгенінде
34. Гипертиреоз кезінде зат алмасу өзгерістеріне жатады
-
Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқыны төмендеуі
-
АҮФ түзілуінің күшеюі
-
негізгі алмасудың жоғарылауы
-
гиперхолестеринемия
-
липогенездің белсенділенуі
35. Гипертиреоздың көріністеріне жататыны
-
қалқанша безінің ұлғаюы, микседема, брадикардия
-
қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм, тахикардия
-
қалқанша безінің ұлғаюы, шаштың түсуі, терінің құрғауы
-
қалқанша безінің ұлғаюы, іш қатуы, іштің кебуі
-
сүт тістері алмасуының кідіруі, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі
36. Қантты диабеттің I түріне тән
-
инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі
-
инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі
-
ангиопатияның кеш дамуы
-
жас 40-тан асқанда
-
біртіндеп басталу, жеңіл өту
37.Қантты диабеттің II түріне тән
-
инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі
-
инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі
-
диабеттік кома дамуына бейімділік
-
ангиопатияның ерте дамуы
Е) HLA антигендерімен бірігуі
38. Қантты диабет синдромы симптомдарының бірізділігін көрсетіңіз
-
глюкозурия, гипергликемия, полиурия, полидипсия
-
полидипсия, полиурия, гипергликемия, глюкозурия
-
гипергликемия, глюкозурия, полиурия, полидипсия
-
полиурия, полидипсия, гипергликемия, глюкозурия
-
полиурия, гипергликемия, глюкозурия, полидипсия
39. Қантты диабеттің I түрі кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы жоғы
-
гликогеногенез белсенділенуі
-
жасушалардың глюкозаны пайдалануының төмендеуі
-
глюконеогенездің күшеюі
-
қанда инсулиннің қарсыластарының артуы
-
гликогенолиз белсенділенуі
40. Қантты диабеттің бастапқы сатысындағы глюкозурия, салдары болып табылады
A) кетонемияның
B) гипергликемияның
C) гиперлипидемияның
D) полиурияның
E) гиперлактатацидемияның
41. Қантты диабет кезіндегі полиурияның патогенезінде маңызы бар
-
алғашқы несептің осмостық қысымы жоғарылауының
-
бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі жоғарылауының
-
Боумена-Шумлянский қапшығында қысым жоғарылауының
-
бүйректің проксималды өзекшелерінің тектік ақауының
-
бүйрек өзекшелерінің АДГ-ға сезімталдығының төмендеуі
42. Диабеттік кома патогенезінде маңызы жоғы
-
гиперосмолялды дегидратацияның
-
кетоздың
-
гипогликемияның
-
ацидоздың
-
гиперазотемияның
43. Гиперосмолялды диабеттік команың патогенезінде маңызы бар
-
айқын гипернатриемия
-
күрт айқын гипергликемия және жасуша дегидратациясы
-
теңгерілмейтін кетоацидоз
-
гиперкалиемия
-
айқын гиперлактатацидемия
44. Кетоацидоздық диабеттік команың патогенезінің негізгі тізбегі
-
өте айқын гипергликемия
-
гиперкетонемия және теңгерілмеген ацидоз
-
қан және жасушааралық сұйықтықтың гиперосмиясы
-
жасушалардың айқын сусыздануы
-
сүт қышқылының көп жиналуы
45. Микроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы
-
гипергликемияның
-
ұсақ қантамырларының негізгі мембраналарына нәруыздардың глюкозамен байланысуының
-
глюкозаның сорбитолға ауысуының белсенділенуі және оның ұсақ қантамырларының қабырғасында жиналуының
-
қан тамырлары қабырғасы нәруыздарының антигендік қасиетке ие болуы және ұсақ қан тамырлары қабырғаларының иммундық зақымдануы
-
артериялардың атеросклерозының
46 Макроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы
-
атерогендік төмен тығыздықты липопротеидтер деңгейі жоғарылауының
-
жоғары тығыздықты липопротеидтер деңгейі төмендеуінің
-
тромбоксан А2 түзілуі күшеюінің
-
артериялардың тегісет жасушалары өсіп-өнуі түрткіленуі
-
NO түзілуі жоғарылауының
47.Қанда қант - 20 ммоль/л,несепте глюкоза мөлшері - 3 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы - 1035, тәуліктік диурез - 3500 мл. Сіздің тұжырымыңыз :
-
қалыпты
-
қантты диабет
-
қантсыз диабет
-
бүйректік глюкозурия
-
фосфаттық диабет
48. Тәуліктік диурез - 3500 мл, қанда қант мөлшері 3,3 ммоль/л, несепте глюкоза мөлшері - 1 ммоль, несептің салыстырмалы тығыздығы – 1030.
Сіздің тұжырымыңыз:
-
қалыпты
-
қантты диабет
-
қантсыз диабет
-
бүйректік глюкозурия
-
фосфаттық диабет
49. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды
-
аутоиммундық тиреоидит
-
гипертиреоз
-
гипопаратиреоз
-
эндемиялық жемсау
-
жайылған уыттық жемсау
50.Мориак синдромының патогенезінде маңызы жоғы
-
инсулиннің тапшылығы
-
кортизолдың артық өндірілуі
-
глюкагонның артық өндірілуі
-
қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы
-
жыныс гормондары сөлденісінің артуы
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
-
Эндокринопатиялардың пайда болуы мен көріністерінің патогенезінің тетіктерін түсіндіре білу
Оқыту құралы
-
Оқу –әдістемелік материалдар электронды түрде
-
Сабақтарға көрсетілімдік материалдар
№ тақырып
|
Тақырып
|
Көрнекті құралдар түрі
|
№№ кестелер және папкалар
|
1
|
Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы
|
Таратылатын материалдар
Кестелер
Қабырға газеті
Слайдтар
Жануарлар
Жабдықтар
|
ЖМ 4-ТЖ
21.1 қыртысты қабаттың реттелуі
21.2 Шеткері бездерге аденогипофиздің әсері
21.3 Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесі
С-3.5 Эндокринопатиялардың жалпы тетіктері
СЛ-21.1 Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы (жиынтық)
Егеуқұйрық, тышқандар
Глюкометрлер, піспелер, жануар табиғатты жай инсулин, глюкоза ерітіндісі (20%)
|
2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР сабаққа арналған есептерді қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: |