Министерство здравоохранения рк


Ситуациялық есептердің жауаптары



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#124881
1   2   3   4

Ситуациялық есептердің жауаптары:

1 есеп

1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?

Мәліметтер гипотиреозды көрсетеді

2. Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Үрдіс қалқанша безінде орналасқан.

2. есеп



  1. Ит не себепті өлді? Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігі дамыды.

  2. Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе, әлде милық қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе? Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен милық қабат гормондары дербес жүйке жүйесінің түйіндерінде де өндіріледі.

3 есеп

  1. Гипоталамус және гипофиз ( Иценко-Кушинг ауруы) немесе бүйрек үсті безі (Иценко-Кушинг синдромы), немесе АКТГ эктопиялық түзілуі

  2. АКТГ деңгейін анықтау, гипофиз және бүйрек үсті бездері мөлшерлерін анықтау

  3. Көрсетілген өзгерістердің патогенезі қандай?


Гиперкортизолизм

Зат алмасудың бұзылысы

Нәруыз алмасуы

Бұлшықетте және дәнекер тіндерінде нәруыз ыдырауының күшеюі, нәруыз түзілуінің төмендеуі

Гиперазотемия, теріс азоттық баланс



Көмірсу алмасуы

гипергликемия (стероидты қантты диабет)



Май алмасуы

Үшацилглицериндер түзілуінің жоғарылауы, бауыр мен май тінідерінде май қышқылдары тотығуының азаюы

Бетте майдың артық жиналуы («ай тәрізді бет», кеудесінде, ішінде, мойнында «бизоний өркеші»)



Су-минералдар алмасуы

  • глюкокортикоидтар→ангиотензиноген түзілуінің және ангиотензинге айналдыратын ферменттің жоғарылауы → әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы→ натрийдің қайта сіңірілуінің күшеюі, калийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі

гипернатриемия, гипокалиемия

Жасуша сыртында судың жоғарылауы, АҚК ұлғаюы




  • ішектерде кәлций сіңірілуінің тежелуі, несеппен кәлций бөлінуінің артуы

салдарлық гиперпаратиреоз



Негізгі көріністері

Артериялық гипертензия

  • ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің белсенділенуі → АҚК артуы және шеткері қан тамырларының кедергісінің артуы

  • катехоламиндерге (гипернатриемия) тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы

  • ОЖЖ қозу үрдісінің күшеюі (аммиак концентрациясы артуы) → тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының жоғарылауы

Стероидты кардиомиопатия

Жүрек бұлшықетінде зат алмасу бұзылыстары, гипоксия

«Кушинг тәрізді келбет»

Майлардың көптеп жиналуы және денеде көптеп таралуы: бетте, мойында, іште, кеудеде майдың артық жиналуы, аяқ-қолда майдың азаюы

Бұлшықеттік әлсіздік

Жасуша ішілік калийдің азаюы, жасуша сыртында натрийдің жоғарылауы, қаңқа еттерінің дистрофиялық өзгерістері

Остеопороз, сүйек деформациясы мен сынуы балаларда бой өсуінің тежелуі

  • сүйек тінінде нәруыз ыдырауының артуы, сүйектің нәруыздық негізіне кәлций бекуінің бұзылуы

  • ішектерде кәлций сіңірілуінің төмендеуі →салдарлық гиперпаратиреоз дамуы

Іштің, иықтың, санның терісіндегі сызықтар - көгілдір түсті дистрофиялық «созылу сызықтары»

  • теріде нәруыз түзілуінің тежелуі → коллаген, эластин ж.б.жеткіліксіздігі

  • тері асты шел май қабатының майда қантамырлары, сызықтар аймағында көрінуі

  • тері асты шел май қабатында веналық қан іркілуі

Маскулинизация - әйелдерде ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы: сақал, мұрттың өсуі, дауыстың өзгеруі (барифония)

  • бүйрек үсті бездері арқылы жыныс гормондарының өндірілуі артуы →гипофизде гонадотропты гормондар өндірілуінің тежелуі → жыныс бездерінің қызметінің тежелуі

Трофикалық жаралар, іріңдік зақымданулар, жұқпаға төзімділіктің төмендеуі

№ 4 есеп


  1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді? Бүйрек үсті безінің қыртысты

қабатының

  1. Ауру қалай аталады? Аддисон ауруы (бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі)

  2. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?



Патогенездегі негізгі тізбек: бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жеткіліксіздігі


Зат алмасу бұзылыстары

Су -электролит алмасуы

Әлдостерон жеткіліксіздігі, кортизол мен кортикостеронның мөлшері аз болуы

натрийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі, бүйрек өзекшелері арқылы калийдің қайта сіңірілуінің жоғарылауы



гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК азаюы



Көмірсу алмасуы

Глюкокортикоидтар жеткіліксіздігі



  • глюконеогенез және гликогенолиз төмендеуі

  • инсулин белсенділігінің жоғарылауы

  • глюкоза-6-фосфатаза белсенділігінің төмендеуі

  • ішектерде глюкозаның сіңірілуінің төмендеуі

гипогликемия



Нәруыз алмасуы

глюкокортикоидтардың қолдаушы әсерінің жойылуы, андрогендердің жеткіліксіздігі

Нәруыз түзілуінің төмендеуі, нәруыз ыдырауының басым болуы



гиперазотемия, теріс азоттық тепе-теңдік



Негізгі көріністері

Бұлшықеттік әлсіздік, шаршағыштық, адинамия

  • миоцитте иондар тепе – теңсіздігі → қозудың, өткізгіштіктің, жиырылғыштықтың бұзылыстары

  • Гипогликемия→ энергиямен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі

  • миоциттер салмағының азаюы, андрогендердің анаболизмдік әсерінің төмендеуі салдарынан дистрофиялық өзгерістер

Артериялық

гипотензия



  • АҚК азаюы

  • Тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының төмендеуі

  • Артериолалардың тегісет жасушалары межеқуатының төмендеуі

  • катехоламиндерге тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы

  • Жүректің жиырылғыштық қызметінің төмендеуі

Анорексия, лоқсу, құсу, іш аймағында ауыру сезімі


  • асқазан және ішектер сөлденісінің жеткіліксіздігі, ұйқы безі сөлденісінің төмендеуі

  • Натрий бөлінуі салдарынан дамыған осмостық диарея

  • қуыстық және мембраналық асқорытылудың бұзылысы

Бүйрек үсті бездерінің алғашқы жеткіліксіздігіндегі тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы

кортизол жеткіліксіздігі

кері байланыс тетігі бойынша АКТГ, бета-липопротеин және меланоцит күшейткіш гормондар сөлденісінің жоғарылауы



Теріде, шырышты қабаттарда, әсіресе, ашық аймақтарда, тыртықта және тері қыртыстарында, ұрт, ерін, тілдің шетіндегі шырышты қабаттарда меланиннің шөгуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет