242. Астауларды толтыру және босату шунттарды орналастырғаннан кейін жүргізіледі. Шунттарды операция аяқталғаннан кейін, ал толтыру кезінде электродтары орналастыру мен астауларды электролитпен толтыру дұрыстығын тексергеннен кейін шешеді.
243. Циркуляциялық сорғылар авариялық сөндірілген кезде астаулардан жүктеме алынады.
244. Ұсақ мыс ұнтақтарын себу орындары аспирациялық қондырғылармен жабдықталады.
245. Мыс ұнтақтарын кептіру, себу, тиеу және толтыру жабдығы, аспирация жүйесін қоса алғанда статикалық токтан қорғалады.
13-параграф. Мыс ұнтақтарын сутегі атмосферасында кептіру, шынықтыру және қалпына келтіру
246. Мыс ұнтақтарын сутегі атмосферасында (қалпына келтіргіште) кептіру, шынықтыру және қалпына келтіру бөлмелері бөлме атмосферасындағы сутегінің құрамын бақылауға арналған автоматты газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар авариялық сорғы желдеткіштермен және дабылмен бұғатталады.
247. Өндірістік бөлмелердің ауасында көлемі бойынша 1 % астам (төменгі жарылыс шегінен 25 %) сутегі болған жағдайда осы бөлмеде орнатылған технологиялық жабдық тоқтатылады.
248. Сутегі құбыр өткізгіштерін жобалау, монтаждау және пайдалану Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.
249. Пешке (автоклавқа) кірер жолдағы сутегінің қысымы технологиялық регламентте белгіленген шекте болады. Сутегіні пешке (автоклавқа) беру жүйесінде қысымның төмендеуі туралы ескертетін дыбыстық белгісі бар бұғатталған автоматты жабылатын клапан қарастырылады.
Электр пештерінің құрылымы жылыту элементтерінің автоклавпен жанасуын болдырмайды.
250. Электр пеші автоклавты орнату және одан автоклавты шығару кезінде сөндіріледі.
251. Пеш, автоклав, құбыр өткізгіштер, сутегіні жағу шырақтары мен басқа да жабдық іске қосар алдында және тоқтағаннан кейін газбен, азотпен немесе дымқыл бумен үрленеді. Үрлеуді аяқтау үрлеу газының жай-күйінің талдамасымен анықталады; тоқтатылғаннан кейін үрлеу газында сутегі болмайды, ал үрлеу газындағы оттегінің құрамы 4 % (көлемдік) аспайды.
252. Пештер, сутегі атмосферасындағы ұнтақты кептіру, тесу және қалпына келтіру қондырғылары газды бөлу және жағу (жағу шырақтары) құрылғысымен жабдықталады.
Сутегіні жағу шырақтарының құрылымы шырақтың үзілуін және өшуін, оларға атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайды.
253. Сутегіні қондырғыға қосу бақылау талдамасынан кейін жүргізіледі. Газ атмосферасындағы сутегі қосылымы кемінде 95 % болады.
254. Сутегін тасымалдайтын құбыр өткізгіштерінің, жағу шырақтарының тексеру және жөндеу үшін ыңғайлы дренаждық құрылғысы болады.
255. Сутегіні автоклавқа беру цехтағы ағынды-сорғы желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі.
256. Сутегі қысымы 0,7 Х 10 МПа (0,7 кгс/см2) технологиялық режимдегі аппараттар күрделі жөндеуден кейін және жаңадан орнатылғандары пайдалануға берілгеннен кейін жұмыс қысымы 25 % астам, бірақ 1 Х 10 МПа (1 кгс/см2) аспайтын қысымда тығыздығы сыналады.
14-параграф. Мыс купоросын өндіру
257. Байқау люктері мен аппаратура қақпақтарындағы лаздар торлармен немесе тығыз жабылатын қақпақтармен жарақталады.
258. Атмосфералық қысым кезіндегі ерішкіштерді қайта өңдеуге арналған аппаратура резервтік сыйымдылықтармен байланысты құю құбырларымен жабдықталады немесе аппараттардың толтырылғаны туралы ескертетін дабылды құрылғымен жарақталады.
259. Ашық люктері бар аппараттарды пайдалануға, қолданыстағы жабдықта жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
260. Негізгі еріткіштерді электролизбен жақсылап араластыруға арналған бөлме барлық басқа бөлмелерден бөлек болады және ағынды-сорғы желдеткішпен жабдықталады.
Аталған бөлмелерде автоматты газ талдағыштың көмегімен ауа ортасының жай-күйін жарық және дыбыс дабылы қондырғысымен мышьяк сутегіге бақылау жүзеге асырылады.
Өндірісті автоматты газ талдағыштармен қамтамасыз еткенге дейін жұмыс аймағы ауасында белгіленген нүктелерде мышьяк сутегінің болуын және құрамын бақылау зертханалық талдаумен және жұмыс аймағы ауасындағы мышьяк сутегін анықтауға арналған индикаторлық қағаздарды пайдалану бойынша дайындаушының басшылығына сәйкес индикаторлық (бромид, алмас) қағаздармен жүзеге асырылады. Бақылау кестесі мен өлшемдер мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді.
Егер өндірістік бөлме ауасындағы мышьяк сутегінің құрамы ШРҚ асатын болса, онда қызмет көрсетуші персонал бөлмеден шығарылып, бөлме желдетіледі.
15-параграф. Көмір тозаңын шығару
261. Тозаң шығару қондырғыларын жобалау, қалыптастыру, монтаждау және пайдалану 1990 жылы КСРО Энергетика және электрификация министрлігі бекіткен «Тозаң көрінетін жағдайда отынды дайындауға және жағуға қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігі» талаптарына сәйкес жүргізіледі.
262. Тозаң шығару қондырғысының жабдығы жерге қосылады және жылудан оқшауланады. Оқшаулағыш жанбайтын материалдан жасалады.
263. Тозаң шығару және тозаң өткізу жүйесі жабдығының құрылымы оның ішінде тозаңның жату мүмкіндігін болдырмайды.
264. Тозаң шығару қондырғысының диірменін іске қосар алдында барлық жүйе жылытылады. Диірменнен шығар жолдағы газ, ауа ортасының температурасы технологиялық регламентте белгіленген шамадан аспайды.
265. Тозаң шығару қондырғыларының бункерлері олардың ішіндегі көмір мен көмір тозаңының деңгейін қашықтықтан анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталады.
266. Бункерлердің жоғарғы бөлігіндегі тозаң температурасын бақылау үшін кедергі термометрлері немесе терможұптар орнатылады.
267. Жабдықтың ішіндегі тозаңның бықсу ошағын су ағынымен немесе тозаңның көтерілуіне әкелетін басқа да әдіспен сыпыруға немесе сөндіруге болмайды.
268. Ашық бықсу ошағы құммен сөндіріледі. Аздап шашылған немесе бүріккен жағдайда сумен сөндіруге болады.
269. Бықсу тозаңын сөндіру және оның жануының бункерлерге өтуін болдырмау үшін қысымы 1,5 МПа аспайтын инерт газын, азотты немесе қаныққан буды жеткізу қарастырылады. Инерт газын, азотты немесе қаныққан буды жеткізу тозаңның құйындауын болдырмас үшін бункердің үстінен жүзеге асырылады.
270. Тозаң шығару қондырғысы төмендегілерді өлшеу үшін басқару қалқанына шығарылған көрсеткіш аспаптармен жабдықталады:
оттықтағы және диірмен алдындағы кептіру агентінің температурасы;
диірменнен шығар жолдағы және сүзгі камераларындағы тозаң, газ ауасы қоспасының температурасы;
оттықтағы кептіру агентінің қысымы;
диірменнен шығар жолдағы және диірмен желдеткішінен кейінгі тозаң, газ ауасы қоспасының қысымы;
диірмен желдеткішінің арғы бетіндегі тозаң, газ ауасы қоспасындағы оттегінің құрамы;
табиғи газдың қысымы мен шығыны (жанарғы алдындағы);
бастапқы және кезекті ауаның шығыны (жағу алдындағы).
271. Тозаң шығару қондырғысы кептіру агентінің температурасын реттегішпен және диірменге материалдың берілуін реттеу шиберінің қалпын көрсеткішпен жабдықталады.
Қондырғы дабылмен жарақталады:
кептіру агентінің температурасы диірменнен асуы;
бункердегі тозаңның жоғарғы және төменгі деңгейі;
диірменге көмір берудің тоқтауы;
диірмен желдеткішінің тозаң, газ қоспасындағы оттегінің құрамы технологиялық нұсқауда белгіленген шамадан артуы.
Диірменге үрлеу желдеткішінен суық ауа беру қарастырылады.
272. Тозаң шығару қондырғылары сақтандырғыш клапандармен жабдықталады.
Клапандардың құрылымы, саны мен орны жобада анықталады.
273. Сақтандыру клапандарының ақаусыздығы ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша тексеріледі.
274. Қабырғалардың, құбыр өткізгіштердің, жабдықтың, едендердің, алаңдардың, баспалдақ торлары мен басқа да құрылыс құрылымдарының тозаңын жинау ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Қолмен жинау кезінде суды шашырату арқылы алдын ала дымқылдандырылады.
16-параграф. Металлургиялық агрегаттарды жылыту
275. Металлургиялық агрегаттарда қолданылатын отын жобаға сәйкес болады.
276. Қара май салынған бактарды пештердің, қазандықтардың және басқа да жабдықтың үстіне орналастыруға жол берілмейді.
Бөлмелерге орнатылатын отын бактарының сыйымдылықтары жобада белгіленеді және өртке қарсы нормалардан аспайды.
277. Шығындалатын және отын бактары отын беру сорғысының автоматты сөнуін немесе жоғарғы деңгейге жеткен кезде бекіту арматурасының жабылуын қамтамасыз ететін деңгейөлшегіштермен, отты қоршағыш сорғы құбырымен, резервуарға отынның апаттық түсуі үшін құбыр өткізгіштермен және бактардың асыра толтыруын болдырмайтын құю құбыр өткізгіштерімен жабдықталады.
278. Қара май өткізгіштер, бу өткізгіш-серіктер мен арматура жылудан оқшауландырылады.
279. Бактардағы қара майды қыздыру осы қара май белгісі үшін белгіленген температураға жүргізіледі. Отын бактары температураны бақылау аспаптарымен жабдықталады.
280. Отын бактарының жанында және осындай сыйымдылықтар орналастырылған бөлмелерде ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
281. Пайдаға асыру қазандықтарын, түзеткіш салқындату қондырғыларының сепаратор-барабандарын орнату, дайындау және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес болады.
282. Пештен бастап пайдаға асыру қазандықтарына дейінгі газ жүру учаскесінде люктер мен қызмет көрсету алаңы қарастырылады.
283. Пайдаға асыр қазандықтарының газ жүргіштерінің тозаң бункерлері мен жиынтық бункерлері тозаңнан босату үшін герметикалық құрылғылармен жабдықталады.
284. Пайдаға асыру қазандықтары жылу алмастыру қабатын механикалық тазарту құралдарымен жабдықталады.
285. Пайдаға асыру қазандықтарының қарқынды тазарту жүйесінің жұмысын басқару пультінен және бұғатталған дабыл жүйесінен жүзеге асырылады.
286. Пайдаға асыру қазандықтары энерго-технологиялық кешендердің құрамына кіретін су буландыру салқындату жүйесін техникалық куәландыру өткізу мерзімдері дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі басшылығын ескере отырып, техникалық регламентпен анықталады.
287. Сепаратор-барабаны сақтандырғыш клапандармен, судың шекті деңгейлері мен оның қысымының дабылымен, мерзімді үрлеу желілерімен, сумен және будың сынамасын алу құралымен, басқа да құрылғылармен жобаға сәйкес жабдықталады.
288. Пайдаға асыру қазандықтары мен буландырып салқындату қондырғыларын іске қосу, тоқтату және пайдалану жобада қарастырылған талаптарды ескере отырып, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
289. Пайдаға асыру қазандықтары мен буландырып салқындату жүйесі қарастырылған цехтарда оларды қауіпсіз пайдалану мен ақаусыз жай-күйі үшін бақылау тұлғалары тағайындалады.
18-параграф. Металлургиялық агрегаттардың су салқындату элементтері
290. Металлургиялық агрегаттардың су салқындау элементтері оларды орнату алдында және жөндегеннен кейін жұмыс қысымынан 1,5 есе асатын сынақ қысымымен гидравликалық сыналады. Пештердің жекеленген түрлері мен элементтерінің техникалық шарттарында сынақ қысымының жоғары өсуін белгілеуге болады.
291. Дайындаушы әрбір су салқындату элементіне БҚ 10-209-98 «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың төлқұжатын құрастыру тәртібі және оның түрі туралы әдістемелік нұсқауларға» төлқұжат құрастырылады.
292. Су салқындату элементтерін қосқыш кейбір элементтерді немесе топтарын су салқындату және су беруді реттеу жүйесінен ажырату мүмкіндігін береді.
293. Салқындату үшін берілетін су механикалық қоспалардан тазартылады.
Су салқындату элементтерінен шығатын судың температурасы уақытша қатты жауын-шашынның түсу температурасынан төмен болады және технологиялық регламентте қарастырылады.
294. Жекелеген су салқындату элементтерін немесе агрегатты салқындату жүйесінің топтарын сөндіруге арналған бекіту арматурасы қызмет көрсету үшін қол жеткізілетін және қауіпсіз орындарда орналастырылады. Кессондардағы су жеткізу жолдарында орнатылатын бекіту арматурасы таңбалады және кессонды элементтерді орналастыру кестесіне сәйкес кессондардың нөмірі көрсетілген биркасы болады.
295. Салқындатылатын элементтер мерзім сайын тексеріледі және қажет болған жағдайда тазартылады.
296. Қалыпты жұмыстың бұзылуы олардың зақымдануымен және қызмет көрсетуші персонал үшін қауіптілікпен байланысты су салқындату элементтері қалдық судың температурасы белгіленгеннен жоғары асқан кезде жұмыс істейтін дабыл құрылғысы бар бақылау аспаптарымен жабдықталады. Осы элементтердің тізбесі технологиялық элементпен анықталады.
297. Агрегаттың салқындату жүйесінің жұмысын бақылау үшін су жинағыш белгіленеді.
Су жинағыштарды құру және орналастыру оларға балқыманың түсін болдырмайды, қызмет көрсетуші персоналға судың ағысын көзбен бақылауға мүмкіндік береді.
298. Балқыту пештерінің салқындату жүйелерінің элементтеріне ауа жеткізетін магистралдық құбыр өткізгіштер агрегаттардағы балқытудың жұмыс деңгейінен жоғары орналастырылады. Судың шығынын реттеу құралдары қызмет көрсету үшін қауіпсіз және ыңғайлы орындарға орнатылады.
299. Агрегат тоқтаған кезде су мен салқындату элементтерінің қату мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады.
19-параграф. Тозаң ұстағыш және газдарды тазарту
300. Тозаң ұстағыш қондырғыларды, газ тазарту жабдығын құру және орнату Газ тазарту қондырғыларын пайдалану талабына сәйкес болады.
301. Кернеулі электр сүзгілерінің барлық сыртқы металл бөлшектері қоршалады және қорғаныс қақпақтарымен жабылады. Түзеткіш, жоғары вольтты агрегат пен ажыратқыш биіктігі кемінде 2,5 м торлы қоршаумен қоршалады.
302. Кернеусіз жұмыс істейтін электр сүзгілерінің барлық металл бөлшектері, электр сүзгімен байланысты барлық металл құрылымдар (газ жүргіштер, шнектер мен тағы басқалары) 2004 жылы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің № 190 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату талабына сәйкес жерге қосылады.
303. Электр сүзгілері бөлмелерінде оларға қызмет көрсетумен байланысы жоқ тұлғалардың техникалық басшының рұқсатынсыз және алып баратын адамсыз болуына жол берілмейді.
304. Электр сүзгілерінің, газ жүргіштер мен басқа да осындай жабдықтың ішіндегі барлық жұмыстар технологиялық регламенттің талаптарын, оның ішінде төмендегідей талаптардың міндетті орындалуын сақтай отырып, рұқсат наряды бойынша жүргізіледі:
электр сүзгілерінің ішін тексеру, жөндеу және тазарту оны пайдалану үшін жауапты бақылау тұлғасының тікелей бақылауымен немесе қатысуымен жүргізіледі;
электр сүзгі екі жағынан тығыз және ақаусыз шиберлермен немесе тығындармен газдан ажыратылады;
кернеу алынады;
тәжді электродтар жерге қосылады және тәжденетін және қоршалатын электродтар қағылады;
бункер тозаңнан тазартылады, ал электр сүзгі салқындатылады;
электр сүзгінің корпусы газ қалдықтарынан толығымен босатылғанға дейін желдетіледі;
улы және жарылыс шығу қауіпі бар газдарды тазарту электр сүзгілерінде газ талдағыш өткізіледі.
305. Электр сүзгілерде тозаң тұрып қалған жағдайда тәжденген элементтерден кернеу алынғаннан кейін және оларды жерге қосқаннан кейін оларды көсеуге болады. Бункерді көсеу электр сүзгі бойынша кезекшінің бақылауымен жүргізіледі. Көсейтін жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады.
306. Жеңдік сорғының сілку механизмін жүріп тұрғанда және сілку механизмі жұмыс істеп тұрған уақытта жеңдердің жай-күйін тексеруге жол берілмейді.
307. Жүк түсіргіш шнектің жетегі апаттық тоқтау үшін «Тоқта» деген жергілікті түймемен жарақталады.
308. Жарылыс шығу қаупі бар тозаңдарды ұстауға арналған циклондар сақтандырғыш клапандармен жабдықталады.
309. Батареялық циклондар мен коллекторлардың бірнеше бункерлерін бір мезгілде тазартуға (көсеуге) жол берілмейді.
310. Хлор ұстағыш қондырғылар тазаланған газдарда оларды атмосфераға лақтырмас бұрын құрамындағы хлорды анықтау үшін үздіксіз жұмыс істейтін газ талдағыштармен жабдықталады.
311. Хлор ұстағыш қондырғы апаттық тоқтаған кезде технологиялық регламент бойынша хлор бөлумен байланысты барлық технологиялық процестер тоқтатылады.
312. Орталық газ жүргіштердің шиберлерінің ашылуы және жабылуы механизацияланады.
313. Жерасты газ жүргіштері газ өткізбеуі қажет, пеш көмейі жылудан оқшауланады.
314. Жерасты газ бөлу арналарының жай-күйін тексеру үшін ыңғайлы түсіргіші бар өлшемі кемінде 0,65 Х 0,65 м арнайы саңылаулар орнатылады.
315. Газ жүргіштер мен қондырғылардан тозаңды түсіру және тасымалдау зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын әдістермен жүргізіледі.
316. Тозаң камераларының, пеш көмейінің және газ жүргіштердің құрылымына қызмет көрсету және жөндеу үшін алаңдар мен ауыспалы кішкене көпірлер қарастырылады, құрылым бойынша жүруге жол берілмейді.
317. Тозаң ұстағыш пен газдарды тазарту жүйелерінде тозаң жанған кезде қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекеті технологиялық регламентте анықталады.
Қабылданған қысқартулар
ҚҚ-қайнау қабаты;
ШРҚ-шекті рұқсат қосылымы;
ЭҚЕ-электр қондырғыларды орнату ережелері;
ҚТЕ-қауіпсіздік техникасының ережелері;
ШӨМ-шихтаны өңдеу машинасы.
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |