Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар


-параграф. Шихтаны дайындау, кептіру, күйдіру, балқыту және бірігу



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі270 Kb.
#130650
1   2   3   4

1-параграф. Шихтаны дайындау, кептіру, күйдіру, балқыту және бірігу

147. Шихтаны өңдеу машинасын (бұдан әрі-ШӨМ) басқару орталықтандырылған және машинист кабинасына немесе операторлыққа шығарылған. Кабинаның конструкциясы машинаның негізгі тораптарын және оның қозғалу аймағын көзбен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

148. ШӨМ машинаның жүрісін, тырманың (қопсығыштың) көтерілуін және түсуін шектейтін артқы сөндіргіштермен жабдықталған.

149. ШӨМ жөндеу жабдықталған учаскеде жүргізіледі. ШӨМ жөндеуге шығарған кезде тырманың құлауын болдырмайтын тіреуіштер орнатылады.

150. Жұмыс және байқау терезелері, өтетін тесіктер мен кептіру, күйдіру, балқыту және біріктіру пештерінің басқа да тесіктері есіктермен (қақпақтармен) нықтап жабылады немесе жылуға төзімді материалдармен бекітіліп жабылады. Осы есіктердің конструкциялары олардың өздігінен ашылуын және газдар мен тозаңдардың шығуын жоққа шығарады.

151. Күйдіру пештерін басқару жүйелері олардың автоматты және қолмен басқару режимінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша басқару бөлек жайда орналасқан жалпы басқару пультіне шығарылған.

152. Биіктігі 3,0 м жоғары жалпақ күйдіру пешінің қыздыру механизмінің жетегі қызмет көрсету алаңының әр қабатында орналасқан пеш қатты қызған кезде жетекті сөндіретін құрылғымен жабдықталған.

153. Күйдіру пешін қыздыру үшін қолданылатын шілтерлердің немесе форсункалардың конструкциясы оларды пешті іске қосқаннан кейін тез және қауіпсіз алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

154. Қайнайтын қабаттың күйдіру пеші жұмыс істейтін түтін сорғышы ақаулы болған кезде автоматты түрде қосылатын қосалқы түтін сорғышпен жабдықталған.

155. Агломерациялық машина жүк түсіретін бөлігінде орналасқан апат болған жағдайда сөндіретін құрылғымен жабдықталған.

156. Салу бөлігі жағындағы ойықтар мен кесілген жер, агломерациялық машинаның бос тармағы сақтандырғыш қалқандармен жабылған, ал лентаның бүгілген жерлерінде-қоршаулар орнатылған.

157. Ауаны сору арқылы жұмыс істейтін агломерациялық машинаның жұмыс істейтін тармағының алынбалы немесе жылжымалы секция түрінде жасалған қаптамасы бар.

158. Төменнен үрленетін агломерациялық машинаның жұмыс істейтін тармағы тұтас герметикалық қаптамамен жабылған.

159. Агломераттың аглоленталарды салқындату учаскелерінде күйдірілуіне рұқсат етілмейді.




2-параграф. Шихталық материалдарды балқыту



1. Жалпы талаптар

160. Балқыту өнімдерін шығаруға арналған науалардың еңіс көлемі мен конструкциясы балқытылған заттың ернеу арқылы құйылуын жоққа шығарады.

Жабындының конструкциясы науаларды қауіпсіз түрде қатқандардан тазалау мен жөндеу ыңғайлығын қамтамасыз етеді.

161. Балқытылған заттар құрғақ ожауларға, тостағандар мен құйма қалыптарға құйылады. Балқытылған затпен ожау, тостаған құю шүмегінен кемінде 0,2 м деңгейіне дейін толтырылады.

162. Науалар мен балқытылған заттарға арналған тостағандарды орнату орындары сору немесе аспирациялық жүйелермен жабдықталған.

163. Науалар арқылы өту жабдықталған көпірлер арқылы жүзеге асырылады.

164. Балқытылған заттарды шығаруға және қабылдауға арналған жұмыс орындары сору желдеткіштерімен жабдықталған.

165. Штейндік және шлакты шпурларды, балқыту пештерінің сифонды тесіктері мен шлактық терезелерін жабу операциялары механикаландырылған.

Тұрақты түрдегі пештерде балқытылған заттарды ағызуға арналған қосалқы шпурдың бар болуы мен оның ақаусыз болуы қарастырылады.

166. Шпурлық тақтайшаларды, рамалар мен шпурлық құрылыстарды ағымдық жөндеуден өткізудің барлық операциялары осы жұмыстардың жүргізілуіне жауапты тұлғамен бақыланады.

167. Көпірлік кранның көмегімен ожаулардың, тостағандардың қатқандарын алып тастау және оларды тиеу үшін цехта арнайы орын бөлінген.

168. Қайта өңделетін материалдардың ірі бөліктерін және басқа да суық тұнбаларын бөлшектеу қоршалған және бөгде тұлғалардың кіруіне тыйым салатын жазбалармен жабдықталған, бөлінген және арнайы жабдықталған аумақта механикаландырылған тәсіл бойынша жүргізіледі.

Қоршау конструкциясы бөлшектердің одан тыс жерге ұшуын жоққа шығарады.

Ілгекке ілінген жүкті жоғарыдан тастаудың көмегімен бөлшектеу кезінде көтеру механизмінің ілу конструкциясы жүктің өздігінен түсуін жоққа шығарады.

Жүкті көтеру кезінен бастап сигнал беріп-жүкті тасымалдаушы және барлық жұмысшылар қауіпсіз жерге тұрады.

Жүкті лақтыру алдында сақтандырғыш дыбысты белгі беріледі.

169. Ожаулар балқытылған заттар толық қатқаннан кейін босатылады.

Металдың ыстық қыртыстарын ылғал алаңдарға түсіруге рұқсат етілмейді.

170. Балқытылған заттарды металлургиялық агрегаттарға құю алдында сақтандырғыш белгілері беріледі және қауіпті аймаққа кіретін жолдардың барлығында «Балқытылған затты құю» жарық таблосы қосылады.


3-параграф. Шахталық пештер

171. Колошниктік алаңда кемінде екі шығу есігі болады.

172. Шахталық пештердің үрленген ауа өтетін жерлері үрленген ауа қысымы күрт төмендеген кезде оған пеш газдарының түсуін жабатын тез іске қосылатын бөліктік құрылғылармен жабдықталған.

Шахталық пештердің ауа өтетін жерлеріндегі жөндеу жұмыстары артық қысым 49 Па-98 Па (5-10 мм) дейін болған кезде жүргізіледі.

173. Еңісті скиптік көтеру механизмдерінің көпірлерінің адамдар болуы мүмкін аймақтардың жаны мен үстінде тұтас немесе тор қоршауы болады. Қоршау материал бөлшектерінің құлауын жоққа шығарады.

174. Скиптік шұңқырдың есігі құлыпқа жабылған және шығырды сөндіргенге және есік ашық кезде шығырды қосқанға дейін есіктің ашылуына жол бермейтін бұғаттағышпен жабдықталған. Кіретін жерде скиптік шұңқырларға оған қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруіне тыйым салатын плакаттар ілінген. Ашық скиптік шұңқырлар қоршалады. Шұңқыр басты көтергіш механизмді ажырататын апаттық сөндіргішпен жабдықталған.

175. Скиптік көтеру механизмдерінің еңісті көпірлерінде жөндеу жұмыстары кезінде скипті ұстап тұруға арналған тоқтатқыштар орнатылған.

Скиптерді еңісті көпірде тексеру үшін пештерде қоршаулармен қоршалған алаң қарастырылған.

Көтергіш механизмінің скиптері арқан үзілген жағдайда ұстағыштармен жабдықталған.

176. Көтергіш механизмдерінің шығырлары жоғары және төменгі шеткі қалыптағы сөндіргіштермен жабдықталған.




4-параграф. Кендік балқыту электр пештері мен шлактарды азайту

177. Электр пештердің конструкциясы «ЕҚСЖ. Электротермикалық жабдық. Электр шлакты балқыту пештері. Қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.2.007.9-93 сәйкес келеді.

178. Пеш құрылысының температурасы бақыланады. Термопарлардың орнатылу орны жобамен анықталады.

179. Электродтарды көтеру және түсіру механизмі сөндіргіштермен жабдықталған.

180. Балқытылған зат деңгейін өлшеу пеш сөндірілген кезде жүргізіледі, сонымен қатар балқытылған затты пешке құюға және балқыту өнімдерін беруге рұқсат етілмейді.

181. Пешті басқару пульті жұмыс орындарында қарастырылған «тоқтату» авариялық кнопкасымен жабдықталған.

182. Пештің барлық учаскелерінде тоқ өтетін элементтер оларды қызмет көрсететін персоналдың қол тигізуіне жол бермейтін қоршаумен қоршалған. Қоршалған жерлерге өту жолдарында белгі беретін және кернеуді сөндіретін құрылғылар орнатылған есіктер бар. Есіктер өздігінен жабылатын құлыптармен жабдықталған.

183. Пешті сөндірусіз электродты массаны салуға қолданылатын кранның немесе басқа да жүк көтергіш құрылғының ілгегі «жерден» кемінде екі реттік оқшаулағыш сатысы бар.

Әр саты үшін оқшаулау кедергісінің өлшем көрсеткіші кемінде 0,5 МОм болады. Оқшаулау кедергісін көлемін өлшеуді цехтың (учаскенің) электротехникалық персоналының тұлғасымен жүк көтеру жұмыстары басталар алдында жедел журналға жазба енгізіле отырып жүргізіледі.

184. Электр пештерге қызмет көрсету алаңдарында агрегаттың кернеумен жұмыс істеп тұрғандығы туралы ескертетін жарықтық дабыл қарастырылған. Жарықтық дабыл жоғары вольтті сөндіргішпен жабдықталған. Пешті іске қосу алдында оған қызмет көрсетілетін барлық жерлерде естілетін дыбыстық белгі беріледі. Кесте үлгі пештің дыбыстық белгі берусіз қосылуын мүмкіндігін жоққа шығарады.

185. Электродтарды, қысқа желілердің тоқ өтетін бөлшектеріне қызмет көрсету және жөндеу жүргізу жұмыстарын арттыру электр пештік қондырғының паспортына сәйкес немесе кернеу сөндірілген кезде фаза аралық оқшауланған қалқандар құрылғыларынан оқшауланған алаңнан жүргізіледі. Көрсетілген алаңдардың «жерге» қатысты кедергісінің өлшемі кемінде 1 МОм болады.

186. Өңештің электрлік күйдіргіші мен электрлік күйдіргіш құрылғыларының шунттық сөндіргіштеріне қызмет көрсету электрден оқшауланған тіреуіштерден жүргізіледі. Электрлік күйдіргіш құрылғылардың шунттары жерге қосылған және өңешті күйдірген кезде қосылады.

Электрлік күйдіргіш құрылғыны қосқан кезде таблода автоматты түрде жарықтық сигнал қосылады.

187. Кернеумен жұмыс істейтін элементтерге, қысқа желілерге суды апару мен өткізу электр сымдарын өткізбейтін материалдардан жасалған құбырлар (жеңдер) арқылы жүзеге асырылады.




5-параграф. Автогендік балқыту агрегаттары

188. Автогендік балқыту агрегаттары (ПВП, КФП, КВП, КИВЦЭТ) технологиялық газдардағы күкіртті ангидридті қалпына келтіру үшін берілетін шихтаны, табиғи газды немесе көмір тозаңын беруді тоқтату, шихта-оттегі мен үрлеуді сөндіру қатынасын автоматты түрде бақылау және реттеу жүйесімен жабдықталған.

189. Сумен салқындату фурмалы автогенді балқыту агрегаттары (бұдан әрі-АБА) суды фурмаға беру тоқтатылған кезде үрлеуді автоматты түрде сөндіру құрылғысымен жабдықталған.

190. Пеш кеңістігінің ішінде орнатылған сумен салқындатылатын бөлгіш қалқандар мен оттекті фурмалар дыбысты дабылмен бұғатталған судың ағысын үздіксіз бақылау жүйесімен жабдықталған.

191. Қарапайым күкіртті өндіруге қатысты автогендік балқыту кешендерінің энерготехнологиялық агрегаттары ауаның сорылуын болдырмайтын тығыздағыштармен жабдықталған.

192. КИВЦЭТ агрегатының электротермикалық бөлігінің конструкциясы электрлік балқыту пешіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

193. Ванюков пештерінің фурмалары (ПЖВ) үрлеу қысымы регламенттелген мәндерден төмен түскен кезде фурмаларға балқыманың түсуінен сақтандыратын құрылғылармен жабдықталады.

194. Ванюков пешіне берілетін қышқыл-ауа қоспасының коллекторлары коллекторда метан пайда болған кезде пеш фурмасына табиғи газды беруді автоматты сөндіруді қамтамасыз ететін бөлгіш құрылғылармен жабдықталады. Коллекторда метанның болуын бақылау автоматты газ талдағышпен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет