6-параграф. Штейндерді, конвертерлердегі
2. Жалпы талаптар
195. Конвертер құюға бұру немесе үрлеу туралы алдын ала автоматты дабыл беруді қамтамасыз ететін жарықтық және дыбыстық дабыл беру жүйесімен жабдықталады.
196. Фурмашының алаңында қарама-қарсы жақтарға орналасқан кемінде екі шығатын жолы болады. Фурмашының алаңы үстінен жұмысшыны қатты бөліктердің құлауынан, конвертердің мойнағы мен тозаңдатқышынан балқыманың шашырауынан сақтандыратын қорғаныс бұйымы қарастырылады.
197. Конвертер мойнағын тазалау кезінде көпір кранының көмегімен жүктемені шектеудің сақтандырғыш құрылғылары бар («ілмек», «зәкір» және тағы басқа) бұйымдар қолданылады. Бұйымдар құрылымы сақтандырғыш элемент қираған кезде кран ілмегімен механикалық байланысты қамтамасыз етеді.
198. Конвертер мойнағынан төсеніштерді кері тарту үшін бұрма (жетек) механизмін пайдалануға жол берілмейді.
199. Конвертердің мойнағын тазалау және майлау қанатпен жабдықталған қайырмалы немесе жылжымалы алаңдарда жүргізіледі.
200. Конвертер бұрмасы жетегінің кемінде екі электр қозғалтқышы болады. Электр қозғалтқышының қоректендіргіші дербес көздерден жүргізіледі.
201. Электр қозғалтқыштарының бір бұрмасына электр энергиясын беру тоқтаған, конвертердің фурмасы немесе қабы күйген, олардың астында ылғал болған кезде конвертерді жұмыстан ажыратып, олқылықтарды жою шаралары қолданылады.
7-параграф. Көлденең конвертерлер
202. Конвертер жетегі үрлеу қысымы регламенттелген шамадан төмен түскен кезде дыбыстық дабыл беретін автоматты бұрма жүйесімен жабдықталады.
203. Үрлемені конвертерге беру желісі механизацияланған жетегі бар ысырмамен жабдықталады.
Конвертердің үрлемеге бұрмасы фурмаға ауа беру жүйесімен бұғатталады.
204. Оттегіні конвертерге беру конвертерді үрлемеге қосқаннан кейін жүргізіледі.
8-параграф. Шлакты түйіршіктеу, үйіндідегі шлакты құю
205. Түйіршіктеу бассейні қоршалады. Оны цех ғимаратының ішіне орналастырған кезде тегіс жабынмен және бу сорғышпен жабдықталады.
206. Шлакты түйіршіктеуге беретін науа буды үздіксіз алып отыратын сорғы жүйесімен жабдықталады.
207. Шлакты түйіршіктеу кезінде ол дер кезінде жиналып отырады.
208. Түйіршіктеу қондырғысы персоналды шлак құю туралы ескертетін жарық-дыбыстық дабылмен, қысымды және науаға берілетін судың шығынын бақылау аспаптарымен жабдықталады.
209. Түйіршіктеу режимі бұзылған жағдайда шлакты пештен шығару тоқтатылады.
210. Құю жолдарындағы, өткелдердегі, күзетілмейтін кіре беріс жолдардағы және құрамдарды маневрлеу орындарындағы шлак тасымалдауға арналған көлік қозғалысының жылдамдығы 5 км/сағ аспайды.
211. Адамдарды шлак тасығышпен тасымалдауға болмайды.
212. Шлак тасымалдау жолының сыртқы рельсі ішкі рельстен төмен болмауы қажет және шлак үйіндісінің жиегінен кемінде 0,5 м қашықтықта орналастырылады.
213. Шлак құю учаскесінде ағаш шпалдарды пайдаланған кезде олар жанбайтын материалмен (құм, саз, ұсақ қиыршық тас, түйіршіктелген шлак және тағы басқа ) қорғалады.
214. Шлакты шлак тостағанынан құю кезінде қызмет көрсетуші персонал үйіндіге қарсы жақта тұрып, құю барысын қадағалайды.
215. Локомотивті шлак құрамынан ағытпай шлак тасығыш пен теміржол платформасының локомотиві арасында жабын болған жағдайда шлакты құюға болады.
216. Шлак үйіндісі тұрақты жарықтандырумен жабдықталады.
217. Үйіндіні өңдеу қатар жұмыстардың қауіпсіздік шараларын қамтитын жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
218. Анод пештерін айналма материалдармен толтырған кезде ең алдымен, жеңіл салмақты материалдар (анод қалдықтары, электролит өндірісі скрабы және тағы басқа) салынады.
219. Қатты материалдар (кесектер, анод қалдықтары және басқалары) пешке салар алдында қысқы уақытта мұз бен қардан тазартылады.
220. Қатты материалдарды тазарту пештеріне тасымалдау осы мақсатқа арналған вагонеткаларда жүргізіледі немесе тиісті жүк ұстау бұйымдарын немесе ыдысты пайдалана отырып, кранмен беріледі. Осы материалдары пешке салуға арналған кран кабинасы балқыманың шашырауынан және жылудың әсерінен қорғалады.
221. Электрлік шпилде жұмыс істеу кезінде бір мезгілде тартылатын вагонеткалардың саны технологиялық регламентте анықталады.
222. Қышқылдандыруға ауа, қалпына келтіруге бу-мазут қоспасын немесе газды беру тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.
223. Қара мысты пешке құю кезінде дыбыстық дабыл беріледі.
224. Айналма түріндегі анод пештеріне осы Талаптың 195-198 тамақтарының талаптары қолданылады.
10-параграф. Мысты анодқа, қара және тазартылған мысты құймаға құю
225. Сауытқорамдарды еріткішпен үрлеу және майлау механизацияланған болады.
226. Металды сауытқорамға құю алдында науа мен құю шөміштері құрғатылады.
227. Құю машинасы жұмыс істеп тұрған уақытта қозғалмалы құрылым мен сауытқорамның жанында тұруға болмайды.
228. Құю машинасы машинистінің кабинасы металдың шашырауынан, жылудың әсерінен қорғалады және ағынды желдеткішпен жабдықталады.
229. Анодтарды екі қабат етіп қатарлап қоюға болмайды.
230. Анодты вагонеткада өңдеу (тазарту) вагонеткаға кірмей-ақ жүргізіледі.
11-параграф. Технологиялық ыдыс
231. Технологиялық ыдыс (шөміштер, шлак тостағандары, қалақтар, кюбельдер мен басқалары) дайындалғаннан және жөнделгеннен кейін тексеріледі. Ыдыс реттік нөмірін, жүк көтергішін көрсете отырып таңбаланады және мақсаты бойынша қолданылады.
232. Ыдыс пен траверстер дайындаудың техникалық шарттарына сәйкес болады, бақылау тұлғасы мерзім сайын технологиялық регламентте белгіленген мерзімде олардың пайдаланылуын тексереді.
Тексеру нәтижелері журналда тіркеледі.
233. Шөміштердің шетмойындарының тозуы барлық өлшемдерде бастапқы өлшемдерден 10 % аспайды. Жылына бір рет шөміштердің шетмойындары бұзылмайтын бақылау әдісімен тексеріледі.
234. Шөміш шетмойындарының қабырғалары мен бекіту орындарында қабыршақтары, сызаттары бар, өзгерту салдарынан түрін жоғалтқан және шөміш шетмойнының шайқалысы бар шөміштерді пайдалануға жол берілмейді.
235. Шөміштің сыйымдылығын ұлғайту үшін оны жасанды өсіруге жол берілмейді.
236. Шөміштің құю тұмсықтары оның жиегінен төмен болады және күйіктері болмайды.
237. Шөміштерді крандармен тасымалдау траверс көмегімен жүргізіледі. Траверсті шөміштен тыс немесе оны шөмішке сүйеп қоюға жол берілмейді.
238. Ыдыс орналастыру жоспарына сәйкес арнайы бөлінген орында орналастырылады. Ыдыс алаңы тегіс, көлденең және таза болады.
239. Ыдысты сағасынан асыра толтыруға, оны сыртқы бетінде жабысқақ материалмен тасымалдауға жол берілмейді.
240. Жарылғыш материалдарды тасымалдау мен сақтауға арналған ыдыс герметикалық болады.
241. Ыдысты бір жерден екінші жерге ауыстыру жұмыс өндірісі аймағында көрінетін орында ілінген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |