Мысалдар турасында айтқанда қазақтың талантты қаламгерінің бірі Сәбетқазы Ақатаев



бет2/6
Дата08.04.2022
өлшемі38.28 Kb.
#456623
1   2   3   4   5   6
Байтұрсынов А

Алтын жұмыртқадан айырылған əйел
Баяғыда бір орманшы болыпты. Əйелінің мінезі тым шəлкес 
екен. Ертеңнен кешке дейін күйеуінің құлақ етін жейтін 
көрінеді. Айқайдан құтылу үшін, ері орманға ерте кетіп, үйіне 
кештетіп оралады екен. 
Орманшы табалдырықтан аттасымен, көкайыл əйелі айғайға 
басатын:
– Мені жалғыз қамап кетесің де, жанымда ешқашан 
болмайсың. Сенсіз өмірім қараң екенін қашан түсінесің?!
Орманшы төзімді адам көрінеді. Ашуын ақылға жеңдіріп
үндемейді екен. Алайда, бір күні:
– Аяулы жарым, өзің білесің, мен күн ұзын орманда ағаш 
қиямын. Ағашты неғұрлым көп қисам, пайдасы да солғұрлым 
көп болмай ма? – депті. 
Адуын əйел бұл сөзге де құлақ аспайды. Орманшы үйіне біреу 
зорлағандай əзер келіп жүреді. Жол бойы: – Əйеліме қалай жақсам 
екен, кеш қайтсам: “Жалғыз қалдым – жаның ашымайды” – деп 
бақырады, ерте оралсам: “Ақшаны аз табасың” – деп тынышымды 
алады. Сонда оған не істеуім керек? – дел, ойлаумен болады. 
Бір күні орманға қарай келе жатса, қалың ағаш арасынан 
ағараңдаған əлденені көзі шалады. Жақындап келіп қараса
бөтегесі жерге тиген семіз ақ қаз екен. “Өзі кешкі асқа, жүні 
жастыққа жарайтын болды”, – деп, орманшы қазға жақындай 
түседі. Қаз болса, одан үрікпейді. Орманшы қазды ұясымен 
көтеріп, үйіне оралады. Қаздың мұнша жуастығына таң қалған 
əлгі кісі, оны дəл сол күні сойғысы келмейді. Ал, əйелі қазды 
көрісімен:
– Бол, тез басын кес, аса қояйын, – депті. 
– Осы қазды тұқымға қалдырсам ба екен! – дейді оған орман-
шы. Күйеуінің қарсы жауап қайырғанына ызаланған əйел:
– Бұл қазды жемдеймін деп, түбімізге жетерсің, – деп 
ренжіпті.
– Өзіме тиесі тағамның жартысын беріп отырамын, – дейді 
орманшы. Сөйтіп, орманшы өз асынан қазға бөліп беріп, баға 
бастайды, аулаға ұя жасап, соған жатқызып қояды. 
Ертеңінде орманшы қораға келсе, қаз бір жұмыртқа тауыпты. 
Жұмыртқасы жай жұмыртқа емес, алтын жұмыртқа екен. Ор-
маншы жұмыртқаны қолына алып, өз көзіне өзі сенбей, əйелін 
шақырады. Əйелі жұмыртқаны көре сала, күйеуіне:
– Енді неғып тұрсың? Бар, қалаға жөнел, сатып, тезірек ақша 
алып кел, – дейді. 
Орманшы қалаға барып, жұмыртқаны сатып, ақшасына азық-
түлік, əйеліне жаңа көйлек алады да, үйіне оралады. 
Келесі күні қаз тағы да алтын жұмыртқа табады. Соны-
мен, қаз күнде бір алтын жұмыртқадан таба береді. Орманшы 
тоғайға баруды қояды. Қаздың жұмыртқасын сатып, сонымен 
тұрмысы түзеліп, байи бастайды. 
Бірақ тұрмыстары жақсарған сайын, əйелінің қабағы 
қалыңдай береді. Оған қаздың күніне бір-ақ жұмыртқа 
тапқаны аздау көрінеді. Оның жұмыртқаны көптеп тапқанын 
қалайды. 
– Осы жұмыртқалар қайдан шығып жатыр – соны білгім 
келеді, – дейді əйелі бір күні. – Менімше қаздың тұла бойы ал-
тыннан жаратылған. Əйтпесе, алтын жұмыртқа қайдан келеді? 
Алтын жеп таппайды ғой. Ендеше, қаздың ішек-қарны да ал-
тын. Сондықтан оны сою керек: мысқалдап отырамыз ба, көп 
алтынға бір-ақ кенелейік!
Орманшы болса, əйелінің бұл сөзіне көне қоймапты. 
Бірақ қыңыр əйел күйеуі қалаға кеткен кезде балтаны алып
қаздың басын бір-ақ шауып тастапты. Əлбетте, бұл қаз да 
басқа тұқымдастары секілді кəдуелгі қарапайым қаз болып 
шығыпты. Сөйтіп, қанағатсыз əйел қаздың əлі де талай табатын 
жұмыртқаларынан текке айырылып қалған екен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет