Арыстан мен Тышқан
Ағаш түбінде ұйықтап жатқан Арыстан əлдебір сыбдырдан
оянып кетеді. Көзін ашып қараса, дəл тұмсығының алдында бір
Тышқан тұр екен. Тышқанды құйрығынан шап беріп ұстай ала-
ды. Тышқан зəресі ұшып:
– Қайырым ете гөр, тақсыр, – дейді, дауысы дірілдеп
жалынып.
– Ұйқымды неге бұздың? – дейді, ызғарланған Арыстан
күркіреп.
– Рақым ет, тақсыр! Тамақ іздеп жүр ем. Жібере гөр, мен де
бір керегіңе жарармын.
– Бойыңа қарап сөйле, ант ұрған, шамаңды біл!.
Арыстан келекелеп күліп алады да, мейірімі түсіп, Тышқанды
жөніне қоя береді.
Күндердің бір күнінде орманға бір мерген келіп, Арыстанның
ақырған даусын естіп:
– Дауысына қарағанда, мынау Арыстанның сирек кездесетін
тұқымы секілді. Мұны ұстап алып, хайуанаттар паркіне са-
тып жіберейін, – деп ойлайды аңшы. Көмекке дереу достарын
шақырып, Арыстан су ішетін суатқа тұзақ құрып қояды.
Шөлдегөн Арыстан өзенге келе жатып, тұзаққа түсіп қалады.
Ары жұлқынып, бері жұлқынып, торға орала береді де, ақыры
орнынан қозғала алмай қалады. Əбден шаршап, қалжырайды.
Қарны ашады. Осылайша дағдарып тұрғанда, тышқан келіп,
өткір тісімен тор жіптерін үзе бастайды. Көп уақыт өтпей Арыс-
танды босатып алады.
– “Бір кəдеңізге жарармын” дегенде, күліп едіңіз, тақсыр –
депті сонда Тышқан. – Сіздің ақырған дауысыңызды естісімен-
ақ көмекке жүгіріп едім. Екі сөйлемейтініме көзіңіз жеткен
шығар енді.
Арыстан қатты ұялған екен.
Ит пен Қасқыр
Бір қарны қабысқан аш Қасқыр айдалада келе жатып,
семіздіктен жоны жылтылдаған күйлі итті жолықтырады.
Тоқтап, бірімен-бірі сəлемдеседі.
– Достым, ішкі майың сыртыңа шығып тұр. Мұндай бақытқа
қалайша кенелдің? Мен болсам, ертеден кешке дейін жортуыл-
мен тамақ іздеймін, бірақ əлі күнге дейін аузым асқа жарыған
емес, – депті Қасқыр.
– Иемнің үйін ұры-қарыдан қоримын, ол мені сол үшін де
бағады. Қорада өзімнің меншікті үйшігім бар. Егер сенің де
мендей болғың келсе, жүр, ауылға алып барайын.
Иттің ұсынысы Қасқырға қатты ұнайды. Итке ілесіп, ауылға
тартады. Ауыл шетіне жақындай бергенде, Қасқыр кілт тоқтап:
– Достым, осы сенің мойның неге жауыр? – деп сұрапты.
– Ием мойныма қарғы тағып, шынжырға байлап қояды, со-
дан қалған белгі ғой. Сол да сөз па? Не болды? Неге шегіндің?
– Достым, екеуміздің жолымыз екі басқа екен. Мен сенімен
еріп бара алмаймын. Бас бостандығымды тамаққа айырбас тай
алмаймын. Шынжырға байланып тұрғанымнан гөрі суықтан
тоңсам да, аштықтан бұралып жүрсем де, орман кезген
тіршілігімнің өзі мың есе артық. Ондай бақытың өзіңе, маған
еркін жүру керек, – деген екен Қасқыр.
Достарыңызбен бөлісу: |