Қой терісін жамылған Қасқыр
Бір аш Қасқыр отардан оқшау жүрген бір қойға тап бола-
ды. Қасқыр əлгі қойдың мойнын бұрап жіберіп, арқасына са-
лады да, орманға əкеліп жейді. Дəндеп алған қасқыр қой етіне
қызығып, əлгі ауылға қайта-қайта барғысы келе береді. Бірақ
қойшыдан қорқады. Сондықтан Қасқыр қулық жасамақ бола-
ды. Жеген қойының терісін жамылып алып, білдіртпей қалың
қойдың арасына кіреді де, қойлар не істесе, соны істеп, ешкімге
танылмай жүре береді.
Кешке қарай өрістен қайтқан отармен бірге ауылға келіп,
қораға кіріп кетеді. Қақпа жабылады. “Өзім не деген қу едім, –
деп ойлайды Қасқыр, – енді осыдан былай қойдың қаншасын
жесем де еркімде”.
Кенет қораның қақпасы ашылып, шопан кіреді. Үйіне қонақ
келген екен. Шопанның əйелі терезеден:
– Қойдың ең үлкенін, ең семізін таңда, – деп айғайлайды. Шо-
пан ең семізін қолма-қол бауыздап жібереді. Байқаса – қолына
ілінгені қой емес, қой терісін жамылған Қасқыр екен.
Есек, Қораз жəне Арыстан
Бір күні алжыған кəрі Есек пен адуын жас Қораз далада келе
жатыпты. Күтпеген жерден қарсы беттегі орманнан Арыстан
шыға келеді. Қораз қорыққанынан жан дауысымен бақырып
жіберіпті.
Арыстанның дүниедегі ең жек көретіні – Қораздың дауысы
екен. Əлгі үнді есітісімен, кері бұрылып, орманға қарай зытады.
Арыстанның бұл қылығын көрген Есек: “Арыстан мені
көріп қорықты”, – деп жорыпты да, соңынан қуа жөнеліпті.
Сол бетімен ну орманға қойып кетіпті. Біраздан кейін Арыстан
бұрылып артына қараса, ізіне түсіп келе жатқан Есекті көреді
де, бас салып, боршаборшасын шығарады.
Түлкі мен Көкқұтан
Бағзы заманда бір Түлкі өмір сүріпті. Түлкіні қулығы
мен залымдығы үшін ешбір хайуан ұнатпапты. Сөйтсе де,
ормандағы тағы біткен Түлкіден керемет қорқады екен.
Күшіктерін Түлкіден аулақ ұстапты. Қу Түлкі аңдардың бала-
ларын ойнатпақ болып, алдап алып кетіп, жеп қояды екен.
Бір күні Түлкі Көкқұтанды кездестіреді. Көкқұтан шаршап-
шалдығып жолда тұр екен. Қанатынан су сорғалап, қалтыраған
Көкқұтанға жаны ашыған болып:
– Достым, не болды, халің нашар көрінеді. Не көмек
көрсетейін? – дейді қу Түлкі.
– Үлкен апатқа ұшырадым, достым. Дауыл мен нөсер елімнен
осы жерге əкеп тастады. Қайдан ұшып, қайда қонғанымды да
білмеймін. Əбден шаршап тұрмын. Əрі ашпын.
Түлкі Көкқұтанға жақындап:
– Жаурап та қалыпсың, достым. Қарның да аш екен. Жүр,
біздің үйге барып, су-сусын іш, дем ал, бой жаз, қанатыңды
кептір, – дейді.
Түлкінің Көкқұтан бейшараға мұншама қошамет білдірген
себебі: теректің ұшар басында бəрін байқап Кептер отырыпты.
Түлкі мен Көкқұтан орманға кіріп, Түлкінің ініне қарай
беттейді. Кептер бұлардың соңынан еріп отырады. Түлкінің
залымдығын білмейтін Көкқұтанға жаны ашып, сұмның
қулығын əшкерелемек болады. Кептерден сезіктенген Түлкі де
қонағына ештеңе істей алмайды.
– Мен саған дəм татқызайын, – деп, жайпақ табаққа сорпа
құйып, Көкқұтанның алдына қояды. Жайпақ табақтағы аз ғана
сорпадан Көкқұтанның аузына ештеңе ілінбейді. Ол Түлкінің
қонақжай болғысы келген қулығын сезіп, қарымта қайтаруды
ойластырады.
– Тағамың дəмді екен, достым. Енді үйіме қайтар мезгіл
жетті, – дейді.
Кептерден қауіптенген Түлкі лажсыздан Көкқұтанды
үйіне қайтарады. Көкқұтан іннен шығып, ағаш басында
отырған Кептердің қасына келіп қонады. Кептер Көкқұтанға
жақындап:
– Түлкінің асы дəмді ме екен? – деп сұрайды.
– Дэмін де тата алмадым, – дейді Көкқұтан.
– Достым, бұл Түлкінің қулық-сұмдықпен аты шыққан. Ол
əлі күнге дейін ешкімге қол ұшын беріп көрген емес. Оны бір де
бір орман тұрғыны жақсы көрмейді. Жомарттығы – қулығының
бір түрі деп біл. Жүр, одан да менің ұяма баралық, ас ішелік, –
депті Кептер.
Көкқұтан Кептердің ұясына барады. Ас үстінде Кептер:
– Байқасам, Түлкі сені мазақ етіпті. Есесін қайтарсаң, жөн
болар еді, – деп ақыл беріпті.
Екі құс кек алудың амалын қарастырыпты.
Бір күні Түлкі қарны ашып отырғанда Көкқұтаннан қонаққа
шақырған хабар алады.
Көкқұтан иісі бұрқыраған дəмді тағам жасап, ұзын мойын
құмыраға салады да, Түлкінің алдына тартады.
Түлкімен дастархандас болған басқа көкқұтандар жапа-
тармағай асқа қарық боп отырғанда, Түлкі құмыраға тұмсығы
сыймай, аш қалады. Көкқұтандар Түлкіні келекелеп:
– Ал, достым, ал! Керемет дəмді тағам екен! – деп қояды.
Сонда Түлкі ұялғанынан:
– Үлкен рахмет! Тойып отырмын, – депті.
Достарыңызбен бөлісу: |