Мысалдар турасында айтқанда қазақтың талантты қаламгерінің бірі Сәбетқазы Ақатаев



бет3/6
Дата08.04.2022
өлшемі38.28 Kb.
#456623
1   2   3   4   5   6
Байтұрсынов А

Қала тышқаны мен дала тышқаны
Дала Тышқаны бітік астықты алқаптың ортасында өзінің 
кішкентай үйшігінде тұрады екен. Ал оның алыстағы қалада 
тұратын досы болыпты. Достар бір-біріне жиі-жиі хат жазы-
сатын көрінеді. Досының кезекті хатын оқып шыққан дала 
Тышқаны күрсініп:
– Даланың тіршілігі құрысын, Сахарада еш жаңалық жоқ, 
бар болғаны күн күркіреп, жаңбыр жауады, оның артынан күн 
шығады, немесе қыс болса, қар жапалақтап, боран соғады. Ал 
шаһарда болса, толған өзгеріс, күнде бір жаңалық емес пе. 
Қандай қызық десейші! – деп армандайды. 
Қала тышқаны хатында жаз шыға қонаққа барам деп жазып-
ты. Бұған дала Тышқаны қатты қуанады. 
“Достым, – деп жазады жауап хатында дала Тышқаны, – 
біздің жақ сенің тынығуыңа өте қолайлы. Тамақ деген көл-көсір. 
Біздің бала-шағаларымыз қалада болып жатқан жаңалықтар ту-
ралы сенің қызықты əңгімелеріңді тыңдауға құштар”. 
Сөйтіп, дала Тышқанының əулеті қонақтарын асыға күтіседі. 
Неше түрлі дəмді тамақ даярлайды. Қала тұрғынына сахараның 
қарапайым асы ұнамай қала ма деп, қолдарынан келгенінше 
қимылдап, зыр жүгірісіп, барын аямайды. Қонақтары келіп, ас 
үстінде үлкен қаланың көптеген жаңалықтарын айтып отыра-
ды. Астан кейін қала Тышқаны досына:
– Мына құлазыған далада қалай тұрасың, достым? Тұрмыстарың 
көңілсіз, тағамдарыңның да дəмі шамалы екен, – дейді. 
– Бұл сөзіңнің жөні бар, – дейді дала Тышқаны. – Қала тура-
лы əңгіме айтқаныңда аузымыздан сілекейіміз шұбырады, бірақ 
амал жоқ. 
– О, достым, шаһардың қайбір қызығын айтып тауысуға бо-
лады дейсің, – дейді қала Тышқаны. – Қошеметтеріңе көп рах-
мет, бірақ қаланы сағынғаным сондай, бұл жерде бір жұма 
да шыдайтын емеспін. Қалаға не жетсін, шіркін! Айтқаныма 
сенбесең, өзің еріп жүр бізбен, көріп қайт бəрін. 
Алғашында дала Тышқаны қалаға барар-бармасын білмейді. 
Бірақ, қала Тышқанының асхана астынан жасап алған жылы үйі ту-
ралы, ондағы неше түрлі тəтті тағамдар жөнінде ғажап əңгімелерін 
естігенде, сол қызықтың бəрін өз көзімен көргісі келеді. 
Достар түнделетіп сапар шегеді. Дала Тышқанының үрейі 
ұшып қорқып отырады, бірақ сырын досына білдіртпеуге ты-
рысып, досы не істесе, соны қайталай береді. 
– Достым, қарның ашты ма деймін, – дейді қала Тышқаны 
үйіне жеткен соң. Олар ептеп еденнің тесігінен асханаға кіреді. 
Сөредегі шекер, балқаймақ, ірімшік жəне басқа да бұрын-
соңды татып көрмеген тағамдардың иісі мұрнын жарғанда, 
дала Тышқаны қуанып кетеді. Ол ірімшіктің шетін енді кеміре 
бергенде, есік ашылып, түрі сондай қорқынышты еңгезердей 
əлдене ентелеп жетіп келеді. 
– Зыттың! – деп айқай салады қала Тышқаны, ініне кіріп бара 
жатып. Дала Тышқаны да алды-артына қарамай, сол інге қойып 
кетіпті. Құбыжық аң артта қалып қояды. Дала Тышқанының 
байқап қалғаны: оның сорайған аппақ тістері мен сояудай 
тырнақтары жəне сабалақ жүнді аяқтары еді. 
– Əлгі не? – деп сұрайды дала Тышқаны, асхананың еденіне 
түскен соң. 
– Е, ол əлгі Мысық деген ғой, – деп жауап қайтарады досы 
қорқынышын білдірмей. – Көрдің ғой, мен одан аулақ жүргенді 
ұнатамын. Оған жақындауды қаламаймын. Бар болғаны сол. 
– Достым, қала тұрмысы маған ұнамай тұр, – дейді сонда 
дала Тышқаны. 
– Үйің жылы, тамағың дəмді екен. Бірақ, бұдан гөрі өз үйімде 
өзімнің үйренген асымды ішіп-жеп, мына Мысық деген бəледен 
аулақ тұрып күнелткенім жақсы-ау деймін. 
Өз үйіне аман-есен жеткен дала Тышқаны, бұдан кейін 
қаладағы досының тірлігіне ешқашан да қызықпапты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет