Сандар қатарындағы санның орны.
Сандармен танысқан кезде сандар баспалдығымен жүмыс жүргізіледі. Баспалдықтың бір сатысы 1 санымен белгіленеді. Екі саты - 2 санымен, үш саты - 3 санымен белгіленеді. Оқушылар баспалдықпен «көтеріліп» «түсіп» санайды. Одан кейін санның сандар қатарындағы орны анықталады. Мысалы 4 цифры 3 цифрынан кейін түрады, өйткені санаған кезде 4 саны 3 санынан кейін келеді. Оқушылар 4 саны 3 санынан кейін, 5 санының алдында түратынын білулері қажет. Балалар санның «көршілерін» атайды. Мысалы 3 санының «көршілері - 2 мен 4 сандары, 3 пен 5 сандарының ортасында 4 саны түрады. Бүл кезеңде сандарды заттар топтары арқылы көрсеткен жөн. Одан кейін тек ауызша айту бойынша ғана тапсырмалар орындалады. Мысалы: сандарды ретімен 1 ден 5-ке дейін жаз, 4-тен 1-ге дейін жаз, жазылмаған цифрларды жаз, санның «көршілерін» ата.
Достарыңызбен бөлісу: |