Тақырып: 1,2,3,4,5, сандарын оқыту ерекшеліктері.
1. Сандардың пайда болуы
2. Санды цифрмен белгілеу және цифрларды жазу
3. 1 санын оқып білу
4. 1 - 10 көлеміндегі сандарды оқыту эдістсмесі
5.100 көлеміндегі ауызша қосу жэне азайту
1, 2, 3, 4, 5 сандарын оқыту ерекшеліктері. Жаңа бағдарлама бойынша 1- ші сыныпта 1- ден 5- ке дейін сандар оқытылады.
Әр санның оқытылуы белгілі бір жүйе бойынша өтеді. Бірінші сабақта сан мен цифр туоалы түсінік беріледі. Бүл сабақтың мақсаты - санның пайда болу жолымен таныстыру (алдағы өткен санға бірді қосу амалымен) санды атау, цифрмен белгілеу, цифрды жазуды үйрету, сандар ретіндегі санның орнын көрсету сан мен цифрдың ара қатынасымен таныстыру, есептік жэне реттік сандар туралы түсінік беру. Екінші сабақта осы санның сандар ретіндегі орны туралы түсінік беріледі, алдағы өткен санның пайда болу жолының екінші тэсілімен танысады тура жэне кері санау үйретіледі. Келесі сабақтарда оқушылар бір топ затты салыстырады, өткен сандарды қайталайды, өткен сан көлемінде қосу және азайту амалдарымен есептер шығарады жэне санның қүрамымен танысады, есептік жэне реттік сандар туралы түсінік беріледі. Әр санға берілетін сабақтар саны санның мөлшеріне байланысты беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |