Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы



бет55/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
8-сынып

Тура және кері санау.

Санның пайда болу амалымен танысқан соң оқушылар осы сан көлемінде   саналы үйренеді. Ең алдымен мүғалім оқушыларға затты қолына алып, содан кейін жанына қойп, жылжытып қоюды үйретеді. Сонан соң оқушылар эр затқа саусағын тигізіп санайды, содан кейін ғана затты көрсетіп санайды. Осындай жаттығулардың бэрінде оқушылар дауыстап санайды.     Дауыстап   санап   үйренген   соң   ғана ішінен   санайды. Заттарды әрбір рет санп шыққанынан соң мүғалім: « Қанша» - деген сүрақты қойып отырады. Мысалы«Қорапта   қанша қарындаш? Сана»    оқушы   санап   шыққан , соң   мүғалім тағы    да сүрақтар   қояды.    «Қорапта   неше қарындаш   бар екен?   Қорапта   4 қарындаш   бар ма?»  Алдымен санауға бірдей заттар алынады. Содан кейін бірыңғай, бірақ  түсі,   өлшемі   жасалған   материалы   эр    түрлі   заттар алынады. Мысалы әр түрлі қарындаштар үзын жэне қысқа ағаштан, пластмассадан   жасалған   таяқшалар.  Содан кейін ғана эр текті, эр түрлі заттар алынады. Мысалы әр т үрлі   ойыншықтар саналады. Заттарды солдан оңға қарай ғана санамай, оңнан с олға жоғарыдан төменг, төменнен жоғарыға да санаған жөн. Осындай эрекеттерден кейін оқушылар шашылып қойылған заттарды суреттегі заттарды   санауды   үйренеді. Оқушылар алдымен заттарды бір - бірлеп санаса, кейін заттарды бірдей санды   топтармен санауды   үйренеді -2,3,4,5, - тен. Мүғалім оқушыларға заттар санын санаумен ғана емес, көз мөлшерімен танып атауды да үйретеді. Мысалы санамай 3 саусақты көрсету, көрсеткен саусақтар санын атау есепшоттың 2 тасын көрсету. Кері санау оқушыларға қиын болғандықтан, кері санау ды заттарды қолға алып жылжытып қойғаннан бастаған жөн. Мысалы қарындаштарды санайық. Оқушы санап шығып барлығы 5 қарындаш -деп жауап береді. «1 қарындашты қорапқа салайық. 3 қарындаш қалды. Тағы да 1 қарындашты қорапқа салайық. 4 қарындаш қалды. Тағы да 1 қарындашты қорапқа салайық. 3 қарындаш қалды. Тағы да бір қарындашты қорапқа салайық. Қолыңда 2 қарындаш қалдың т.б. Содан кейін   ғана   есепшотпен   жэне   өз   бетімен   санайды. Санау қабі «бірінші қатарда қанша  оқушы отырады? Әр балаға 1 дэптердн беру керек. Неше дэптер алуымыз керек? «Асан 5 дэптер санап ал» Жанар маған қораптан 3 қарындаш алып берші» Осымен "қатар басқа да тапсырмалар беруге болады. Қол шапалақтау, секіру, допты жерге соғы, таяқшалар, дөңгелектер салу, суретті бояу ермексаздан   заттар   жасау. Оқушыларға 1- ден бастап қана емес, қай саннан болса да берілген санға  дейін санауды   үйрету қажет. Мысалы : 2- ден 5- ке дейін сана» 4- тен 2- ге дейін сана. Әр санды    өткен   сайын    оқушыларға    реттік    сандар   туралы    да   түсінік  беріліп отырады. Олар «Нешінші?» деген сүраққа жауап беруді үйренеді. Мысалы «Айжан нешінші партада отырады? Сапта Аман нешінші   болып түр? Т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет